Сыр сандық


Осында сыр бөлісеиік .
Қанадй бір мәселені,талқылағыңыз келсе сұрақтарыңыз болса осында жазыңыз қолымыздан келгенше бірігіп жауап іздеп көреиік.

Advertisements

43 жауап

  1. Жанарбек Ақыбиұлы қаражорға жайлы терең жақсы жазыпсыз.Енді бір сұрақ;
    Монголдар «қаражорғаға» пікірі қалай.Сіздің сайттағы сақ дәуірінің материялдарын көп пайдаланам.Сіздің жазғандарыңызда өте ашып анықтап жеңіл әңгімемен көп мәлімет бере білесіз. Сізге рахмет айта келе құпия болмаса мамандығыңз қалай айта аласызба?

    • Мына ғажап әңгімемен сұрағыңа жауап берейін.Өткен жылы Монголияның барлық Полицияларынан облыс аралық өнер байқау жүрілді.Қазақ аймағы Баян-Өлгидің полициялары қазақтың қара жорға биіне дайындалып барған екен,ағалап алға шығып марапатталды деген соң, сол түсі суық мамандылардың нәзік өнер тобына баулып басқарған топ басшысы лейтанат Заңғар Зарқумұлын іздеп барып кезігіп құттықтаған едім.
      Тағы бір керемет жаңалық; Тағыда өткен жылы Монгол елінің шекаралық әскери ұжымдар арасында Хобда облысында өнер байқау ел көлемінде жүріліп аға лейтанат Тимур бастаған қара жорға бишілер тобы бас жүлде алтын медалын жеңіп алған еді.Баян-Өлгейлік қазақтар Қара жорғаны билеп қане қоймай тамаша өнерлі билеуінің арқасында бас жүлдені бермей тұр.Ал монголдар өз билерін басып озып керемет билеп жүрген қазақтарға жүлде бергеннен басқа амалдары қалмай жүр-деп қортындылауға болады.Осыған қарап сұрағыңа қанағатты жауап аларысың-деп ойлаймын.

    • Келесі сұрағың сақ дәуірінің материялдарын әлі толық беріп үлгергем жоқ себебі өзім нағыз сақтардың жүрген өмір сүрген ел жерінде жүргендіктен менің әліде қаншама ойлаған жоспарым баршылық .Алла қаласа әліде кеңейте түсіремін- деп ойлаймын.Ал мамандығым педагог.

  2. Салеметсіз бе Жанарбак аға! маған бүгінгі таңда қанадай қазақ басылымдар жарияланып келеді елде соңы атай аласыз ба

    • Аймағымызбен жасты алғаш Өркендеу (Дэвшил ) деген атпен елге Жаңа өмір атымен танымал, бүгінгі аты Жаңа Дәуір газеті тұрақты басылымда жүр.

      50 жылдардың аяғында Өлгей әдебиетшілеріне арналған Шұғыла журналы бар еді оқырмандарынан кереметтей сұранысы жоқ па?-Сол журналды көре алмай жүрмін.

      Нәзік жандыларға арналған Арулар атты жұрналы Ұланбатарда шығып турады.Бас редокторы С.Айгул апкеміз аянбаи тер төгіп жүр.

  3. Монголдарда қандай би түрі бар.Оларда қандаи би дамыған.

    • Монголдар қытайдың мәнжілердің боданында қалғанда бар жоғы 500 мыңға жетер жетпес саны қалсада олар өз мәдениет, әдебиет және тіл мен өнерін жақсы сақтап қала білді.

      Тіпті бүгінгі сол мәнжі билік қурған дәуірлерде солардын сіңісті деисіңбе өздернің ата бабалардан келген деисің бе? Монголдарды бидің түрі жетеді. Бір кереметі монголдың әр тайпасынң билері әр түрлі.Тіпті әр тайпасының кимдеріде? әр түрлі оларды сол ким үлгілеріне қарап ана ру, ана тайпа деп ажырат уға болады.Ал билеріде солай қозғалыс құрлым, қыймылына қарап билерінде ажыратуға болады.Тоқ етері монголда би турі жетіп артылады.

  4. Сұрақтарыма жауап бергеніңізге өз атымнан алғыс білдірем.Блогыңыздың тұрақты оқырманының ризашылығы деп білерсіз.

  5. Қызық болсын деп бастауы бастап алып қаншалықты жауаркершілік жүктеп алғанымды енді түсініп жатырмын. Жарайды! Оқасы жоқ білгенімді аямаспын.

  6. Жаңа сайтқа табыс тілеймін. Іс ілгері болсын азаматтар!. Өлгий жаңалықтарына шашамызша үлесімізді қосатын боламыз.

  7. Салеметсізбе Жанарбек аға сізге шын жүректен мол табыс жәнеде жұмысыңздан сәттілік алға қойған мақсатыңызға жете беруіңізді тілеймін!

  8. Жанболат рақмет жақсы лепеңе?

  9. Жанарбек багшаа?
    Сізге өтініш болып тұр.
    Меннен мұндағы багш нар аймақтың бастықтарының санын атын сұрай береді.Соны бір толық жазып тіркеңізші.

    • Баян-Өлгий аймағы 1940 жылы Қобда аймағының құрамынан бөлініп, жеке аймақ ретінде шаңырақ көтерген.
      Алғашқы әкім Б.Хабиды сайласа,Партия істерін Жеңісхан басқарыпты Ол кезде барлық іспен тек партияның көз қарасы солардың ақ дегені алғыс қара дегені қарғыс болыпты бірақ алғышқы 10 жылда Ұлттық қазақ аймағын орнату Хабимен Жеңісхан,Ноғай,Қалқабайларға оңайға соқпапты. Оларға ең қыйыны сол кезде қазақтың байлары елді өзіне қартып алған.. Қолында билігі болғанымен қызықтырып өзіне тартып ала қойатын даулеті жоқ Хаби мен Жеңісхан,Ноғайларды қайдан менсіне қойсын.Қазақтың еркін өмірін партияға сатып жіберген сатқын ретінде жек көрген оларды сол кездегі қазақтар .. Соның бәріне шыдаған алғышқы 10 жылдың ішінде Д.Жеңісхан бастаған жаңашыл қазақтар көзі ашық көкірегі ойау ұлдар орыстың итіне қытаидың битіне қанын сорғызбай Монголяға ұлттық қазақ Баян-Өлгйи аймағын құрып кеті ғой.

      Сонымен 70 жылдық тарихтағы аймақ әкімдері

      1. Б.Хаби 1940.8-1942,11
      2. А.Бегэжав 1942,11-1944.1
      3. Д.Жеңісхан 1944,1-1950,12
      4, Б,Хурманхан 1950,12-1952,8
      5. Ч.Шагдар 1952,8-1954,7
      6. Ш.Нянзан 1954,7-1955.7
      7. М.Хурманхан 1955.7-1955.12
      8. Ш.Хабдыл 1955.12-1959.11
      9. Ж.Ырым 1959.11-1970.6
      10. А.Сарай 1970.6-1989.11
      11. Х.Хызырхан 1978.6-1989.11
      12. Т.Даваажав 1989.11-1990.7
      13. К.Мизамхан 1990.7-1992.1.13

      Аймақ әкімдері

      1. К.Мизамхан 1992.1.13-1996.10
      2. Х.Мейрам 1996.10-2000.8
      3. Х.Баделхан 2000.10-2005.9
      4. О.Хабсатар 2005.9-2007
      5. С.Хабыл 2007 ….

  10. 2. А.Бегэжав,4. О.Хабсатар,6. Ш.Нянзан
    Осындай есімдер қай ұлтың есімі олар қазақпа?

  11. Иә О.Хабсатар қазақ

  12. Қазақ блогшыларының тұңғыш басқосуына неге келмедіңіз.Сізден басқаның бәрі барпты ғой!

  13. Өзіңіз жайлы толық мәліметті қайдан алуға болады.Блогыңызға қалай тіркемедіңіз.

  14. blog ha kiriw ote ongay eken.jahse jasapseng JAnarbek dosem:):):)

  15. Сіз Жанарбек қазақсанға көшіп келесізбе ? жазбаларыңз керемет !

  16. Oz elinizdin oziniz suip okiiytin jazushilariniz jaiyli aytip otinizshi.

  17. omar сурағың өте қыйын екен,Ренжімесең жауап бере алмаймын!

  18. Oziniz jayli bilsek?

  19. Сіздерде мектепте қай тілде сабақ жұргізесіздер.Қазақ тілінде қанша мектеп бар?

    • 60 тарта қазақ мектеп бар.Басқаның ел,жерінде отырағн соң сол елдің ата заңы бойынша Монгол тілінде жұрілу керек еді бірақ біздегі ұлт жанды ұстаздардың мықтылығының арқасында сабақ заң бұзып қазақ тілінде жұріледі.

  20. ассалаумагалейкум! ата журттагы кадирменди ардакты кауым. мен Тайтас Мухаммедтин шобересимин. Маган сол киси туралы акпараттар бере аласыздарма? зерттеу китап жазайын дегем. алла разы болсын! ел журт дуйм аман болгай

  21. Уағалайкум рақматулалақ бәракатух.
    Тайтас Мухаммед жайлы қолыңда не дерек бар сол жайлы жазшы мен кім екені есіме түспей отыр сосын іздестіріп тауып беруге тырысайын.

  22. Мен бұл блогты оқып қуанып қалдым әсіресе Ақсақал Жеңісхан атаның суреті мен қысқаша мақаланы көріп қазақтың «Әкем өлсе өлсін, әкемді көргендер өлмесін» -деген аталы сөзі еріксіз көкейімде толқыды.Ұлылыардың ұлылығы ,ұрпағымыздың ұлағаттылығы ғой. осылай үлкендердің ерен еңбегін ертеңгі ұрпақтың есінде қалдыру бүгінгі көзі ашық көкірегі ояу біздердің парызымыз.Ендігі көгілдір ғалам тор арқылы Қашқынбай, Изенбай зәңгібай,Құрманхан Құрметбек сияқты ұлылыардың өмірбаянымен ерен еңбегі туралы жарияласаң Жанарбек. тың деректер көргім келеді. Бөстекұлы Изенбай менің балаларымның ұлы атасы.Көзі тірі кезінде аңыз қылып айтатын әңгімесін жинастырып жариялау ұрпаққ парызы санаймын.Сондықтан ақпараттарды іздестірудемін. ол кісі монголия қазақтарының арасындағы ең алғашқы Ресей жеріне жіберілген студент болса керек. Аймақ әкімі болған Құрекең » Мені ата- анамның қарсылығына қарамай оқуға тізімдеп көзімді ашып ,өмірге жол сілтеген ақсақал сізге қарыздармын»-деп талай келіп сәлем беріп батасын алып кетіп жүргенін қазір ұрпағына естелік қылып айтып отырамыз. Бұл кісілер туралы ақпаратт күтем өзіңнен. Және өтінерім өзің туралы толық ақпарат болса деймін.өйткені менің сыныптасым Жанарбек жеген жігіт болған ол да қаламы ұшты ,қарымы күшті азамат еді. 3-10 жылдықтың 8 сыныбын 1987 жыл бірге тамамдағанбыз.

    • Гул әпеке,пікіріңіз жақсы орынды жазыпсыз.

      Москвада Монголия қазақтарынан алғаш оқыған Д.Жеңісхан болса Атаңыз сол кісімен бірге жүрген болса тым осал адам емес болды ғой. Мен ішкерлеп анықтап көреиін. Осында Изенбай жайлы қысқа мағұлмат жазыңыз нақты не істеген кісі (ямар албан тушаал гуицэтгэсэн хүн вэ?Аль сумых вэ?) Ал Жеңісхан жайлы әліде іздестіріп жүрмін.біраз мәлімет таптым әліде анықтаған соң жариялаймын.
      Сіз жазған басқалары жайлы өзіңіз айтпақшы тың дерек іздеп жүрмін.Олар назырымда. Алла қаласа осы блогымнан көріп қаласыз.Әзіргі жоспарым боиынша күзден бастап солар жайлы толық ақпарат бере бастаймын себебі жаз бойы ана-мына тауларға шығуды жоспарлап едім…
      Ал өзім жайлы сұрапсыз мен негізгі мамандығым спорт жағы жазу сызуды,спортық жасымыз өтіп бара жатқан соң қолға алған болып жұрміз..Сосын болар менде әріп қате әжептәуір баршылық..)))Оны түсіністікпен қабылдарсыз.Жазғандарымды оқырманым ұнатса блогшы болып көреин деп талпынған сұрепетіміз ғой бұнымыз…Ал блогшылық қазақ әлеміне енді енді еніп келеді…Осы мақсатында блог қозғалтып жүрген жайым бар, Әрі туған елімдегі қазақтарға блогшылардың саны қосуға ат салысып,насихатап жұрмін. Менің қалім осылай..Өзіңіз жайлы аз мағулмат қалдырсаңыз тіпті жақсы және сізге өз ойыңызбен бөліскеніңзге тағыда рақмет жаза блогымның өзіндік стилімен блогымның оқырманы ретінде сіз өтінген тұлғаларды міндетті тұрде тарихнама жазыуға тырысайн деп ой қортқанымды жаза кетеиін.

  23. Алыстағы бауырға
    Жәке сенің көзіңе түскен бақсы балгерлер қарадай буылып арбалып қалушы еді.Арғы атаңнан жын (ие) сендерде жетіп атыр. Бақсы атаулы саған келгенде тілдері күрмеленіп қалатынын талай көрдік қой. Бақсылық әлемі мен ілімін жазшы.Немесе қазақи қара емшілік жайлыда.Атаңды көрген боларсың жалпақ жұртың алдына барғаны барлығы айығып кететінді.Бала кезден-ақ сенен асқан білгір жоқ еді ғой.Қазір біздеде дала кезіп ел аралап жүрміз. Сен сияқты бала жастан әр нені білуге құштар болмасақта жас келген соң соның бәрін қажет екенін енді ұғып жатырмыз. Мына блогыңды көріп разы болып отырмын.Кеткен қыз төркінін танымайды деп өз аулыңда күллі керейдің мерейі еді ғой. Солар жайлы жазсаңшы! Өзің толған соң арт жағыңды тұншықтырма жаза жүрші-деп өтінем бауырым.Сенен басқа ауылда жазар үлкендер қалмады ғой.Осыларды бір жазсаң алыстағы бізде разы болар едік.Ана жылы Астанаға келгенде келмей кетсеңде біз сені ұмытпадық, бауыр қайда жүрсеңде аман жүр. Тентек ағаң мен Бәт апаңның аруағы сені қолдап жүрсін деп астанадағы ағаң Шәкең.

    • Шәкең қай шәкеңсіз Баяраның папасысыз ба? Қарағандыда едіңіздер ғой .жарайды жазарсыз өзіңізді менің есіме түспеді.
      Ал атамды бала кезде көрген болуым мұмкін есем де жоқ..Ол кісі жайлы жақсы біледі екенсіз мен тек ұлкендерден естіп өстім..Ең алғаш рет Аймақты 20 жыл басқарған Х,Қызырқан ата партия мектебін бітіріп келе шойрылып төсек тартып қалғанда сегіз көзіне жез лоңкі төңкеріп содан тіліп қан алып жазып беріпті-” содан ден саулығым жақсы болып мына қазақты 40 жыл басқардым”- деп айтқанын неше қайтара естігем..Содан кеиін атам жайлы сұрастырып жұріп Ол кісіні қалай коминизім асып атып жібермеген деп таң қап жұріп Жекең жайлы мағулматтар таптым ғой. Ал мен жайлы атама байланстырып жазғаныңыз артық енді ..Шынымды айтайын ана ауылдағы бақсылардың соңы Д.Орыс шалдан басқасын көрмеппін.Оның өзінде бала кезім ғой деимін. Әрі ешкімен сіз ойлағандай арпалысқам жоқ))) Әлде мені шатастырған шығарсыз біреумен!)))

      Былайша пікірлеріңіз өте жақсы әрі тамаша Алла қаласа сіз айтқан өтініштерді ойластырам әрі жазыуға тырысам.Рақмет сізге!

  24. Мұғалім бір сұрақ,
    Мунгулда қазақтардағы Ислам қалай басталды сол жайлы толық жазып беріңізші.

  25. сіз расында ұлт жанды жансыз. қазақ жұртына қоныс аудару ойыңызда жоқпа???

  26. Асығыс кірдім, ардақты дос, ренжіме, айтпақшы Лашынның жазғандарын жинақтап жібере аласың ба, мен оны кітабыма кіргізейін деп ем, өзі туралы да жаз өзім өңдеп алам ғой жарай ма тез жібер ана поштама, өзіне бүгін шашу шаттым өлеңмен

  27. Сәлеметсіз бе бізде жайдарман сайысы отеиын деп жатыр соган маган 5 жаналық айтып бермеспе екенсіз?

  28. өте адемі пікір жазылған өркенің өсе берсін баурым

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: