Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындап, таныған ел

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Тәуелсіздігімізді жариялаған соң көптеген елдер оны мойындап, тани бастады. Сол жөнінде ресми мәлімдемелер бірінен соң бірі жарияланып жатты. Біздің көздегеніміз – дүниежүзілік саясатты құратын ірі де белді елдердің мойындауы болатын. Бұл сөз жоқ, бізге ары қарай сенімді қадам басуға қолғабыс болатыны анық. Қазақстан Тәуелсіздігін ең бірінші мойындап, таныған Құрама Штаттар болды. Бұл елдің дүние-жүзіндегі салмағы мен қуаты белгілі ғой. Екінші болып тағы бір белді ел – көршіміз Қытай мойындады. Одан кейін Ұлыбритания, сосын бөтендігі жоқ ағайын ел Моңғолия мойындады. Одан кейінгі кезек Франция, Жапония, Корея және Иранға тиді. Мұсылман елдерінің ішінен бірінші болып біздің Тәуелсіздігімізді Иран мойындады….

Бірақ біздің елде елшілігін бірінші ашқан түріктер болды. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен бірінші болып Литва, сосын Украина, Грузия мойындады. Ал империялық саясатқа еті үйренген Ресей тек жарты жылдан соң ғана, 1992 жылдың тамыз айында барып, біздің тәуелсіздігімізді мойындады.

Вячеслав ҒИЗЗАТОВ:
Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі.(http://malimetter.org/?p=8493)

Advertisements

12 жауап

  1. Іргеңдегі көршілер әрі бауырларың Қырғызың,Азербайжанан ,Өзбегіңнен, бұрын кезінде аулы аралас қойы қоралас болған өз еліндегі қазақтарға еш қысым көрс етпей еркін ұстаған Монголя елі алғышқылардың бірі болып Қазақ елінің тәуелсіздігін құттықтапты!! Бұл деген қазақ елінің босағасы берік Боданшылдардан сескенбей қадам жасауға жігер беру ғой.
    ———————————————————————-
    йә тәуелсіздік кунімен бір қуансам соны алғашқылардың бірі боп ресми құттықтаған елімнің ер жұрек мәрт шешімімен және қуанып отырмын.

  2. […] Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындап, таныған… […]

  3. Ірі елдер деп АҚШты атағаның болмаса.
    ҚЗның тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған Түркия елі, тәуелсіздік жарияланған соң 8сағаттан соң деп бір жерден оқығанмын. демек жазбаңдағы Иран емес, мұсылман елдеріні ішінен де алғаш боп ҚЗ тәуелсіздігін мойындаған Түркия болады.

    • ОЙ ТУРКИЕ РЕСМИ ТУРДЕ 15 ОРЫНДА ЕКЕН!
      Бұл әнгіменің шығыуын тектегенде алдымен телефон соғып құтықтаған туркия сияқты,Ал нақты іс жұзінде алғашқысы АҚШ екен.
      Ал мусылман елдерден алғышқысы боп әрине Иран бұл мәліметті Вячеслав ҒИЗЗАТОВ таратып отыр ол кісі Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған адам ғой!

  4. Менде естігем алғашқысы Туркя деп,

    • 1991-жылы 16-желтоқсан күні сағат 10-нан 15 минут кеткенде, тәуелсіздігімізді жарияалапыз. 10 сағат 45 минутта Түркия біздің тәуелсіздігімізді мойындады -деп Сол жиында депутат ағаларымыздың бірі айтып қалғаны екен.марқум Сатыбалды сияқты біреу сияқтыда далақтап жүретін.Соданғой дабырақып жіберген.Ол кезде мундай тәсіл керек болған басқа елдің қызығушылығын және назарын тарту ұшін.
      Ал бұндай істі тек ресми турде халықаралық заң бойынша ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні 15 ел боп қол қойғандығы көрсетілген екен.

  5. mongoldar mikti goi

  6. moindamasa ne boladi?zabal moindau kajetpe!

  7. Барлығы қанша ел мойындаған

  8. Саясаттану сабағында профессор бізден: «Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші болып қай мемлекет мойындады?» деп сұраған.
    Бүкіл аудитория бір ауыздан «Түркия» деп жауап берді. Сонда профессор: «Жоқ. Түркия екінші. Ал бірінші болып Малайзия мойындады» деген еді.

    Енді мына жерде АҚШ дейді. қайсысына сенеміз сонда?

  9. алғашқы жылдары 18 ел мойындаған.Тест сұрақтарында солай

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: