Оспан батыр

Оспан батыр жайлы жыйған алғашқы суретім 1992 жылы Туркияның Ыстанбол қаласында турк ұстазым Мустафа Тежанның кітап қумралығымды ескеріп Туркия қазақтары шығарған жуқа кітапты сиға тартқан кітабы ішіндегі Оспан батырдың сурет қызғушылығым ды тудырған еді…

This slideshow requires JavaScript.


Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (1899—1951) — 20 ғ. Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлға

1899 жылы Көктоғай баурайында туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді.
1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп соғыс жүргізді. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтары қарсы қысымның күшейгені мен бірге жауап әрекеттері де күшейе түсіп және Оспан батырдың көтерілуіне негіз дайындады.

Абылайдың ақ туын көтеріп атқа қонған Оспан Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды.

1945 жылы келгенінде Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күрес отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді.

КСРО, Моңғол, Қытай қатарлы үш мемлекеттегі коммунистік қызыл армиямен он жыл соғысқан, олардың жиырма мыңнан астам адамын қырып, дүниені дүр сілкіндірген Оспан батыр ақыры 1951 жылы ақпан айында Қанамбал тауының Мақа деген жерінде қапыда қолға түседі.Үрімжіге жөнелтілді.Оспан батыр, халық арасында жүргізіліп көрсетілді және 1951 жылы 29 сәуірде өзінің ата жауы, қас дұшпаны коммунистік Қытай үкіметі қолынан Үрімжіде атылады.
Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

7 жауап

  1. суреттер онша анйық емес екен, кітаптан сканерледіңбе?

    • йә.. Османың тікелеи бізге сурети жетепген..Америкалық не Турикялық ғалым жазушылардың турткендерінен суретері бізе жеті ғой .Осман ханың әрі батырдың барлық суреті сол кітаптардан алынып басылынып жур!

  2. Жаке,Осман батыр емес,Оспан батыр ғой!Қытайлар Осман деп жазған.мына суреттер керемет екен.Оспан батырдың суреттерін Қытай архивтерінен де табуға болар еді.ол кісі Гомин Генаралдарымен бірге талай суретке түскен ғой!
    Оспан батырды көрген сайын сол бір мезет ақырып теңдік сұраған бесігінде тұншыққан Шығыс Түркістан деген ғазиз отаным жүрегімді сыздатып қоя береді…

  3. Секе Ұлы ханың атын жөндеп айта алмағаным емес..Қайсар батырдың атын өзімше тергегенім ғой..Сенің қамыққаныңды көріп менде жабырқап сол бір киелі жерді сағынып кеттім..
    Жарайды Секе батырдың есімін еркелемей дузеп қойдым …Секе қамықпа !!!?.Сен ұлы жерде журсің ғой…сен басқан жерлерді аңсап қанша жан жұр шетте???!

  4. Қателеспесем Тағдыр деген кітап бар Оспан батырға арналған.

  5. Оспан Батырға арналған кітаптар жетерлік.қызыл қытай құрсауында жүрседе Қытайдағы қазақ жазушылары мен қарапайым қазақ батырын ұмытқан емес.көктоғай ауданында «Оспанқара шоқысы»деп аталатын екі биік шоқы бар.пақрыңыз сол Оспанқара шоқысы түбінде дүниеге келген.
    Оспан туралы,оның ерлігі туралы жазылған кітаптар Шәйсұлтан Қызыр ұлының «Дабыл» ,»Бұлаң дүние» «Қайқая шапқан қара кер»,» қайрылар ма екен қайран ел » жане Жақсылық сәмит Ұлының «Сергелдең» атты төрт томдық көркем романы,жане Асқар Татанай Ұлының «Алтай төңкерісі»,Пәтхан Сүгірбаевтың «АЛтай арпалыстары» жане Алматы қаласында батырдың 110 жылдығына байланысты шыққан » оспан батыр » атты тарихи естелік кітаптары бар.
    Оспан туралы шетелде Қасен Оралтай,Халиф Алтай,Дәлелхан Жаналтай ,жане Ұйғыр күрескері Иса Июсып Алып тегін ,Қытайдан Бұрахан Шаһидин,Сәипидин Әзези қатарлы авторлар қалам тербеді.
    бырақ бәрінде әр түрлі бұрмалаулар болмады деп айта алмаймыз.алайда бір ғана ақихат бар ол «не орысқа ,не қытайға ,не монғолға бас имей Қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен қас батыр ол – Оспан !» екенін білеміз !

  6. Өте мықты фотлар керемет. Ел көленкесінге қорықп жүргенде ол кезеде мүндай ыотолар жариялау ерлік қой рақмет жанарбек аға!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: