ТАБИҒАТ МҰҚАҒАЛИҒА МҮСІН СОҚТЫ

Тәңір тауының баурайында туып өскен, қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны – Мұқағали Мақатаев көзі тірі болса, бүгін 80 жасқа толар еді. Осындай мерейтой тұсында Алматы облысынан тылсым тас табылды.
Жергілікті жұрттың Ителгі (Ит өлген сай деп те атайды) сай атап кеткен Асыға шыға берістегі кең қолаттың басынан жел мүжіп, жаңбыр шайған адам бейнесіндегі алып тасты Нұра ауылының тұрғыны – Мұхамед Баятбайұлы байқапты. Мұхамед – аңшылықпен, саятшылықпен айналысатын, сондай-ақ тазының тұқымын асылдандырып жүрген азамат екен. Табиғаттың жаратылысына зер салып жүру оның қансіңді әдеті болса керек, бұдан бір-екі жыл бұрын Шарын шатқалынан Ханзада (Кейіпкердң сөзі) бейнесіндегі табиғи жаратылған тасты тапқан. Алайда жолдың қолайсыздығына байланысты оны ешкімге көрсете алмапты.
7 ақпан күні жергілікті халық өз қаржыларына тас мүсіннің басына ескерткіш белгі орнатты. Шараға Алматыдан және Алматы облысынан бір топ өнер адамдары қатысқан. Делегацияның құрамында Қазақстан Жазушылар одағының қызметкерлері, журналистер мен ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағали да бар. Белгі тасқа Мұқаңның:
«Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен» – деген өлең жолдары жазылыпты. Ақынның артына мұра боп сөзі қалып еді, енді жаратылыстың құдіретімен тас мүсіні де мәңгі сақталады.
Жұқамыр ШӨКЕ,

Advertisements

One Response

  1. Мұхамед Баятбайұлы жайлы толық ақпарат керек,білетіндеріңіз сол кісі жайлы жазыңыздаршы.Қызығып қалдым сол кісіге?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: