Қазақ тілді тұнғыш Блог құрылтай басталды


Наурыздың 19-ы

Блог құрылтай өтетін KIMEP жоғары оқу орнына жеттік. Кіре берісте телеарнадан көріп жүрген саясаттанушы Дос Көшімге амандасып ішке еніп едім, Асхаттың бізді көріп: «Алдымен жылдамдатып барлық құжаттарыңызды тезірек бітіріңіздер, содан құрылтайға армансыз араласыңыздар» – деген сөзін жөн көрдік, бізге Нұржан атты жігітті қосып берді.

Мен және жерлесім Өмірбекпен Франциядан келген

Айтер барқайта сыртқа шығуға бет алғанымызда

Ерлан Қаринді көріп қалдым да, барып амандастым «Ой Жәке мұнда қайдан жүрсің?» – деп таң қалды. Мен блогшымын ғой деп жымиып қойдым. Шығар есіктен Мәжіліс депутаты блогшы Бекболат Тілеухан кіріп келеді екен оған да амандасып өттім. Әлемнің әр түкпірінен қазақ блогшылар жиылып жатқанда ел серкелерінің де ат басын бұрып жатқанына іштей разы болдым. Ел болатын жұрт бірін-бірін батыр дейді деген осы шығар. Демеу болып келіп жатқан тұлғаларға рақмет. Қазақты тек қазақ қана қолдайтынын түсіне бастағанымыз осы емес пе.?!
Сонымен алғашқы жұмысымыз тіркеуге отырмақ едік, наурызға байланысты тіркеу орындарының бәрі демалысқа кеткенін, енді айдың 24-інде бірақ келетінін айтты. Енді паспортымызды нотариусқа бекіттіріп келуге кеттік, сондағы аудармашылар аударып жазып жатқанда мен Франциядан келген қазағымызбен амандысып қал-ауқал сұрастым. Керейдің Жантекейі, оның ішінде Шақабаймын деді. Бабалары кешегі орыстың итіне қытайдың битіне қанын сорғызбаймын деп отаршыларға қарсы атқа қонған Оспан батырдың соғыстарында болған. Қаншама ауыл Шығыс Түркістаннан ауа көшіп соның аз ғана бөлігі Еуропаға жетіпті сол ұрпақ мен ғой деп отыр. Ел-елден келген қазақтарды көру керемет әсерлі екен енді өздеріңмен байланысып тұрам деп мекен жайымызды жазып алды.
Біз шаруамызды бітіріп KIMEP-ке келсек, құрылтайдың ашылу салтанаты бітіп блогшылар баяндамаларына қызу кірісіп кетіпті. Мен бос турған 203-ке өз презентациямды тізімдеп бұрыла бере, «–Бағанадан сізді тосып тұрмын» деген Алматы теледидарының тілшісінің артынан ердім. Іле-шала Хабарға және жалғасты бірнеше тілшілерге сұхбат беріп, презентация болып жатқан кабинетерді аралап тәжірибелі блогшылардың тәжірибесін көзбен көріп көзайым болдым. Аршаттың блогтан блог ашуды, Асхатың блогтар тізбесіне шолуды, Қостанайлық жастүлектің математикалық есебін, Өркенің блогтардың астарын бәрі бәріне кіріп үлгеріп, түскі шайға шықтық. Осы кезде сырттай материалдарын ғана оқитын Есенгүл Кәпқызымен, Қарағандылық қалжыңқой Әбіләкіммен, Шебер қол өнерші Салтанатпен де танысуға мүмкіндік туды.
Түстен кейін презентация жасау жалғасын тапты. Арасында Мәжіліс депутаты блогшы Марат Әбенмен де таныстық. Әбеңнің қарапайымдылығы маған қатты ұнады. Әнгімесіне қарасам әлем қазақтарының да қал-ауқалына құлақ түріп жүреді екен. Біздегі жағдайды айтқызбай-ақ сайрап отыр. Кешкісін блогшылар екіге жарылды: бір топ волейбол ойнауға, екінші топ мұзға сырғанауға аттанды. Біз волейболға бет алдық. Жылында Алматылық ата-аналардан бір джип көлігінің бағасындай төлем ақы алатын «Haileybury Almaty» мектебінің залында ойнадық. Кіріп барғанда-ақ ауқатты мектеп екені көрініп турды. Ең сонғы үлгіде жабдықталыпты. Маған бассеині қатты ұнады. Ал ойынға келсек, Салтанаттың тордан биік секіріп ұрған добы, Сәлімгерейдің алдыға бағыттаған добының артына ұшқаны, Асхаттың доп жеткенше тыпыршитыны, Нұрғисаның доптан да жылдам қозғалсытарына тәнті болып, Мақпал және басқа да блогшылардың ойынын тамашалап тер шыққанша жінігіп әппақ допты таласа тармаса қағып, соғып қонақ үйге оралдық. « – Ойбай Алматыға барсаң іргеңде жүр ғой бере сал» деген студенттердің сәлемдемесін таратып 2 сағат жүрдім де жатып қалдым.Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

3 жауап

  1. бәрекелде жақсы аға, енді міне сіздің де Блог түйіндемеңізді оқыдық.

  2. « – Ойбай Алматыға барсаң іргеңде жүр ғой бере сал»
    біздің қазақ солай

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: