Құрылтайдың 2- күні

Наурыздың 20-сы

Бүгін Құрылтайдың 2-ші күні, менің презентация оқитын күнім. Осы күні өзім де қумын елдің ең артына жазылыппын. Елдің ыстығы басылған кез, ел аз болады сосын ұялмай жалғыз өзім ғана оқимын ғой деп ойлағам))).
Айтпақшы мен кіріп келгенде көзім Айсұлуға түсті. Балалар оқулығын жазып ел-ел, жер-жерге семинар істеп қазақ тілінің денелей жанашыры болып жүретін әпкеміз досы әрі әріптесі Гүлнарды да ерте келіпті. Менің презентациям «Монголия қазағының блогшылары» тақырыбында болған соң, Монголия қазақтары жайлы ақпарат алмақшы. Біз ғаламторда таныс едік, енді өздерін көріп біраз әнгіменің тиегін ағытып жібердік. Осы кезде журналист Бекен Қайрат Абай Мауқара ағаны ертіп жетті. Моңғолдың көне тарихи шежіресі Алтыны шежіресін қазақ тілінде сөйлеткен Абай аға осы сонғы 15 жылдай еңбегін ел бірлігіне арнаса, сонғы жылдар қаситетті дініміз исламды монгол және қазақ тілінде аударып көлемді еңбек жасап жүрген еңбекқор аға. Осында келерде біздегі дөкейлерге Алматыдағы аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды ынталандарып сыйлап беріңіз деп өтініш берген едім, аяқасты осы тілегім қабыл болып Абай ағаға «Демократияның қайреткері» атағымен «Ел ағасы» атағы және төс белгілері берілген еді. Соны айтып табыс еттім. Өлгийлік демократшы Хабай Өнерқан Абай аға өз өлкесі Бұлғында 70 жыл билік еткен коммунизмді тақтан ысырып демократияның қалыптасуынада еңбек еткен демократтардың алғашқы қарлығашы екені жыр қылып айтып отыр.
Мен презентация оқитын 203-ке кірсем Семейлік блогшы Тоты өз баяндамасын талқылап жатыр екен, пікір алмасу біразға созылып сұрақтың астында қалды.
Келесі кезек менікі, байқаймын шашбауымды көтергендер бар қызығып келіп жатқандар бар бөлме тола бастады. Шегінерге жер жоқ артымызда Көкбөрі деп мінберге көтерілдім))). Байқаймын тілші жолдастар да отыр, презентациямды ақпаратқа айландырып шеттегі ағайын жайлы қал-ауқал беріп қалу керек күнде бұлардың алдында баяндама оқымаймын деген ой да жылт етті. Ауруын жасырған өледі дейді, біздегі мектептегі оқулықтардың мүшкіл қалын, жалпы Қазақстанның ақпарат құралдарының шеттегі жастарға жетпей отырғанын неше түрмен тыңдар құлаққа жеткізген болдым. Біздегі ақпаратты да жан-жақты зерделеп айтып өттім, әрине елімдегі блогшыларды да саусақпен санап отырып түгендеп сараптадым. Тайм-кипер Тоты уақыт аяқталды дегенді көтергенде сөзімді түйіндедім. Сұрақтар көп болды. Біздегі ең жас блогшы Лашын жайлы қызығушылықтарын айтып, тіпті өзімді қызықтырды. Ақзере мен Айкона Лашының әр жазбасын жатқа сайрап отыр. Сосын бізде қазақ тілді жастарға арналған БАҚ аз екенін баса айтқан едім. “Жас қазақ үні” газетінің бас директоры белгілі ақын Қазыбек Исадан «Жас қазақты» Баян-Өлгийдегі бауырларға жеткізейік, жолы қалай деген ұсыныс түсті. Мекен-жайымды беріп хабарласуға уәделестім. Айсұлу Қасымбек Баян-Өлгйиге барып Қазақ тілі пән ұстаздарына семинар жүргізіп заманауи оқыту жүйесін насихаттап қайтайын деген пікірге келгенін, алдағы уақытта соның жолдарын қарастырамын деп уәде берді.
Ал Ақзере, Айжан, Жаннаның сұрақтары мен басқа да тілшілердің сұрақтарын бәрі-бәрін қанағаттандыруға тырыстым, соңында блогшыларға шалқар шабыт тілеп сөзімді түйіндедім.
Тыңдарманға рақмет айтып, «Келесі кезекті Үндістанан келген Балзаминкаға берейін қазақтың осы жер дегені қозы көш жер демекші» – деп мінберден әрең түстім ))). (маған білдірген ұсыныстардан кейін презентациям тым жаман болмады-ау деп жымиып қойдым). Қал сұрап жіберуге уақыт таппаса да презентация кезінде асықтырмай, еркін пікір алмасуға уақыт қосып берген Тотыға рақмет.

Менен кейін көп ұзамай, прензентация жасау аяқталып, үздік бағдарламалар сыналтылды, сынауға түскен 12-сіде бірінен кейін бірі ығаймен сығайлар екен, бірақ бар жоғы үш-ақ бағдарлама сыналтылды.
Қазақстан 140 ұлтты асырап отырған бай ел ғой. Солардың қаншасы қазақ тілін білмейтінін де ескеріп, Қазақ тілді 12 бағдарламаны да қаржыландырып жіберсе қайтпек деп айтуға ұялдым, екінші құрылтайда Аршатың есіне салайын деп белгілеуіме түртіп қойдым.)))
Ең-ең деген 9 үздікке біздің ең кішкентай Лашының сыналтылғанына разы қош болдым“HP” компаниясының нетбукгін сыйлады. Кішкентай блогшының қалай қуанатынын ойлап қоямын, осы құрылтайға барам деп қаншама дайындалып еді. Өзіне алғаш пікір жазған оқырмандарға сыйлық та дайындап жүрген, бірақ келе алмаса да өзінің сөзі бойынша «Атамекені» елеп-ескеріп сыйлап жатқаны еріксіз көңіліңді босатады екен.
Көптің қолдауымен басқа номинацияға ие болған жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын.

Жиын соңында Мақпал мен Ербол маған сөз берді, көңілім босап қатты толқып тұрдым не айтып қойғыным есімде жоқ, әйтеу көз жасымды ағызбай шамамша батыл болып Есенгүл Кәпқызын «Озат қызметкер» төс белгісімен, Асхат Еркінбайды «Баян-Өлгий аймағының 70 жылдық торқалы тойы» мерекелік арнайы төс белгісімен марапаттадым. Жалпы алғашқы қазақша Блог құрылтайдың жоғары денгейде болып өткеніне разымын.

Міне құрылтай соңыда аяқталып келеді басында тосырқасақта соңында бәрін қыймай тұрмын ешкіммен қоштасқым келмеді. Осы бір жылы жүздерің жүрегімде сақталып қалсыншы дегенім ғой..
Қалімді түсінген Айсұлу әпкемнің бұл соңы емес, бастамасы деген сөзі қайрат беріп, «Қане сағынышыңды биікке апарып басшы, жүр Көктебеге апарайын» деген пікірін құп көріп жерлесім Өмірбекті ертіп КІМЕР-тен шықтым. «- Немене кісіні жылатып»-деп Өмірбек көз жасын сүртіп қояды. Өзім де жырғап тұрғам жоқ…


Көктөбеде

Гүлнардың көлігімен Көктөбеге де жеттік. Алматының биік жасампаз құрылыстарының табиғи жалғасы іспеттес оңтүстігі қаламен жалғасатын 1070 метр биіктегі тау дөңестерінің үстінен кеш құрым болса да төңіректі көріп қаланың алақандағыдай көрінісін тамашаладық. Алматының түнгі көрінісін тамашалуға елде қаптап келіп жатыр. Көктебеде мини зоопаркте бар екен. Арасында қой да жүр. Неткен керемет бой жазу орыны деші. Қатты әсерлендік. Бізге арнайы әзірлеген дастархан басында әнгімемізді жалғастырдық Айсұлу да әріптесі Гүлнар да біраз оқулықтар мен әдістемелер жазып тастаған екен солардың барлығын назарымызға ұсынды. Елдегі ұстаздарға беріңдер алла қаласа өзіміз де барып қазақ тілі пәнінің ұстаздарына қолымыздан келгенше сабақ үйретсек деген пікірді кең отырып талқыладық. Айсұлу мен Гүлнардың ұстанған қазақы ұлттық құндылықты мектеп қабырғасындағы жас буының санасына сіңіру бағытындағы еңбектеріне алыста жүріп разы болушы едік енді міне өздерімен дидарласу қандай бақыт. Есенул Кәпқызымен уәделескеніміз бойынша Айсұлу бізді белгілі ақын Бақытбек Бәміш ағаның шаңырағына жеткізіп тастады. Бақаңның ақ дастарқынында қымыз ішіп отырып, өткен кеткен тарихты қозғап түн ауғанша отырдық. Жаны жайсаң Бақаң әнгімешіл жан екен. Монголия қазақтарының рухы болған Кәкей ақының балалық шағы жайлы көп әнгімеге қанықтым. Сонғы кезде қай үйге барсаң да төрінде тұратын Оспан батырдың ақ боз атпен тұрған суреті Бақаңның да төрінен орын алыпты. Осы суретті айтыс ақыны Дәулеткерейдің тапсырысымен Керекулік Ержан Сағынтайдың сызғанын айтып берді. Құтты қонағым болыңдар қоныңдар деген ағаның пиғылына рақмет жаудырып тағы басқа достардың да күтіп отырғанын айтып қоштастық. Бақаң мен Есенгүлден қолтаңба алып қонақ үйге қайттық.
Мұнда да кішігірім отырыс болып жатыр екен. Аршатың сыйлық жууымен Әбіләкімнің түсінде менің антенада өрмелеп жүргенін айтқызып, қалжыңдарына қанығып, таң атып кетсе күннен ұят болар деп бөлмеме келіп қисайдым.

Advertisements

7 жауап

  1. Иә,Жәке, атамекеннен қайтқан сапарыңыздан кейін аз-маз дамылдап барып, көсілте жазған екенсіз. Блогқұрылтай да айтуға тұрарлықтай керемет бір әсермен өтті ғой. Мен тайм-кипер болған дәрісханада сіздің баяндамаңызды ұйып тыңдамаған жан болмаған шығар. Аузыңыздан шыққан әр сөзге тамсана қарасты. Оны өз блогымда да айтып өттім. Тек, «Қал сұрап жіберуге уақыт таппаса…» деп, қағытып өткеніңіз қиындау екен, құрылтай басталған мезеттен амандасайын десем таппай, әзер дегенде дәлізден ұстап, қолыңызды алып тұрып амандасқанымды неге ойдан шығардыңыз…? 🙂

  2. Прензентацияңыз оқылып жатқанда ой түиіп сұраныс түскені әсерлі екен.

  3. Жанарбек бауырым! Елден алған әсерлеріңді көпшілікпен бөлісуде екенсіз. Тамаша!
    Өздеріңізден кейін үйімде қуаныш болып, Аружан деген немерем өмірге келді. Хабарласуға мүмкіншілік болмады.
    Сіздермен жүздесіп,танысқаныма қуаныштымын. Ел жұртқа бізден ыстық сәлем!

    • Гүлнар!Сіздердей жаны жайсаң ұлтжанды әпекелерім барына мен бақыттымын!
      Сізбен Айсұлу екеуіңіздің берген кітаптарыңызды мындағы ұстаздарға көрсетіп жатырмын.Оларда оқып қарап мәз!
      Еңбектеріңіз тасқындап арта берсін Гүлнар!

      Аружанға Алла амандығын берсін,
      Жамбылдың жасын берсін!
      Қаныштың басын берсін,
      Биші Сарадай өмірі құлпырып,
      Бағы мәуелеп жана берсін.
      Баукеңнің қайратын берсін,
      Ләззаттың айбарын берсін,
      Динаның күйін берсін,
      Нұрсұлтанның тағын берсін,
      Ғарышкер Тоқтардың бағын берсін,
      Өскенде шығар тауы
      мен шықан таулардай биік болсын
      Төңірегі бауыр- қарындасқа толы болсын!
      Апасы ерінбей немерелерін баға берсін,
      Көтеріп әлдилегені Аружанға жаға берсін.
      Алыстан мен жақында Гүлнар апасы
      амандығын тілейік
      Осы батамды оқығандар,
      Қабыл болсын-деп «Әумин» десін!

  4. Әумин! Айтқаның келсін бауырым!!!
    Тамаша тілектер! Өзіңе де жақсылық жұғысты болсын.
    Армандаған биіктеріңді бағындыра бер!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: