Тұңғыш қазақ блог құрылтайға сапар

Наурыздың 18

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп жүгіргенімізге де біраз болған еді. Міне, Өлгий-Алматы бағытындағы ұшақ Өлгий әуежайынан жайлап көтерілді. Атамекен бабалар жеріне деген сағынышымды ұшақ та сезгендей, бірден көкке шаншыла өрлеп, әп-сәтте бұлттардың үстіне бірақ шығып алды, ақша бұлттарды сүңги ұлы жерге бағыт алып, батысқа қалықтап келеміз. Терезеден төменде қалған таулардың үстін қарап отырмын.
Бір жылдың алдында Асхат Еркінбайдың – «Жәке құрылтайға қамданыңыз, жазбасын оқып жүрген блогшылар Қазақстанның әр түкпірінен жыйылмақ, сіз де Өлгийден келіп дидарласып жатсаңыз қандай жақсы болар еді» – деген сөзі Алланың құлағына шалынып, міне ұшақ ішінде соның бәрі-бәрін ойлап келемін. Ойлап келемін қатпарлы тарих сүрлеуіне еріксіз бойлап келемін. Монголиядағы қазақ блогшылары өкілдерінің құрылтайға келуіне жауаптанған Мейіржанныңда соңғы бір айғы сансыз алмасқан хаттары көз алдымда еріксіз көлбеңдейді.
Көкбөрі блогымның…
Мен өмір сүріп отырған Баян-Өлгий бүгінде Монголияның әкімшілік аймағының бірі. Ертеден-ақ әр елдің тарихи жазбаларында ойып тұрып орын алған тарихи өлке. Бұл жерлер қазақтың көне бабаларының ата-мекені. Анықтап айтсам Керейлердің, Наймандардың… жері болған бұл өлке одан бұрын Көне көк түріктің мекені болған.
Қазақтың тарихын Қазақы көзбен қайта жаза бастағанымызда нақты тарихи куәгерлер айғақ болған Бабалардан қалған балбалдар және тастағы таңба белгілері мол, ақиқаты айқын тарихи өлке. Осы өлкеде тұрып өлке жайлы жазбау мүмкін емес. Менен бұрын мүйізі қарағайдай талай мықтылар жазды ғой. Бірақ олардың тонналаған еңбектерін іздеп тауып, қай жастарымыз парақтап отырады дейсің. …сондықтан аз-маз болса да өзімізше қысқартып жонып қырып лайықтап осы бір керемет құндылықтарды, көнеріп бара жатқан салт-дәстүрді, ғаламтор арқылы жастар мен болашақ ұрпаққа жариялап отыру үшін де осы Көкбөрі блогымды бастаған едім. Міне қолым босаса сонғы жылдары ермегім осы блогым. Блогымның арқасында ортама, өміріме басқаша көзбен қарай бастадым. Көшедегі күнге беті мыжық-шыжық күйген шалекеңнің, белі шойырылып арса-күрсе кетіп бара жатқан кемпірдің де табан ізі мен маңдайдағы әжімінен қатпар тарихты аңғаратын болдым. Туған жерімнің әр тасынан қазақ жігітінің қайсарлығын, даламның әр гүлінен қазақ қызының қылығын іздеп жүретін болдым. Сәбидің күлкісінен де бірдеме іздеп, адамдардың түлкісінде айратын болдым. Тоқ етері блогым мені әнгімешілдікке баулуда. Блогшы болу үшін міндетті түрде жорналшы болу шарт емес қой. Өз көз қарасыммен өз сүрлеуімді шаңдатсам деймін. Мен жүрген сүрлеумен артымда құлындар армансыз шапқыласын деймін.
Енді міне құдайдың құдыреті тұңғыш қазақ блогшылар құрылтайына кетіп барам. Иә, құрылтайдың сәтті болуына тілектеспін! Ешкімге тәуелсіз еркіндігінде шегі жоқ, әлем қазағының қиялына қанат бітіріп еркін самғар кезі осы емес пе? Қане блогшылыр көбейіңдер! «Кешегі әр ісің шектеулі заман келмеске кеткен жоқ па?» – деген лек-лек тіркестер санамда жанғыртады..
Қазақ Көкбөріні кие тұтқан
Бұлттар қолтықтан қыдықтап қалдыма, ұшақ шайқалып дір еткенде алды-артымда отырған аға-апайлардың Алла деген даусы саңқ етіп шыққанда ойымды жиып алдым. 5000 метірдей биікте ұшып келеміз. Алладан басқа құдырет жоқ. Терезеден қайта төменге қараймын. Төменде көкке тікке шаншылған асқар Алтайдың орқаш-орқаш таулары, бірінен кейін бірі артта қалып жатыр.
Тағы да көне аңыздардың бірі ойыма орала берді. Бабаларымыз көршісі қытайлардың бірде өздерін шауып, бірде мал мүлкін тартып алып қыздарын күң ұлдарын құл қылған айбарлы тайпа болыпты.Содан қанша соғыс сап біздің батыр бабаларға қарсы соғысқа шыққанмен оңбай жеңілген қытайлар амал жоқ үнсіз біздің қайсар да қайратты бабаларға басын иіп бағынған. Аңдыған жау алмай қоймайды-деп бабалардың ең әлсіз тұстарын ұзақ зерттеп бір қолайлы сәтте бәрі тыныш жатқанда қаптаған қалың қолмен келіп үстерінен тырп еткізбей басып қалған. Бірде-бір тірі жан қалдырмай қырып өлтіріп, ең соңында есін білмес жас сәбидің өзін қол аяғын шауып қиналып өлсін деп қан сасынған жұртқа тастап кеткен. Қан иісін алыстан сезетен қасқырлар да даяр етті бос қоймай қарап қаламса керек, аяқ қолы шабылған балаға қаншық қасқырдың мейірімі түсіп апанына апарып емізіп асырай бастайды. Осы баладан қасқырдай қайсарлы ұрпақ қайта өрбіп, ұзақ уақыт Алтай тауларына бастау алған айбарлы билік құрған екен дейді аңыз ақыйқатында . (Бүгінгі қытайдың туризімнің әлемінде атағы жер жарған ақ қорғанды біздің бабалардан қорғану үшін салған дейді.
Қытайды састырып қорған салдырған бабалардың қайсар рухын-ай деші.) Сол аңызда айтылған қатпар – қатпарлы құпиясы көп Алтай тауларының төбесінде ұшақ терезесінен әр таудың бөктеріндегі аңыздарын әр бетін үңіле парақтап келемін.

Бүгін түрік әлеміне ортақ рухты атау «Көкбөрі» менің блогымның аты

Ұзақ жыл басқыншылардың боданында болған ұлтымыздың талай қадір қасиетінен айырылып қала жаздағанымыз шын, қазір сергіту, серпілу үстіндеміз. Осы орайда бойында қасқырдай айбарлы қасиет қайта оралсыншы деген игі арман тілекке негіздеп қойған едім блогымды Көкбөрі деп. Міне Көкбөрі блог иесі Өскеменге де жетіп бір сағат аялдадық та, қайта ұшақпен Өскемен-Алматы бағытына ұшып шықтық.
Иә, Алматыға тез жетейік деп қанша асығып аптығып отырсам да жер шалғай біраз ұшуға тура келді. 4 мемелекетің шекарасын басып өтетін бағытта Өлгий-Өскеменге қарағанда Өскемен-Алматы бағытында ұзақ уақыт ұшады екеміз. Ұшып келемін төменге жерге қарап келемін. Өскеменнен алыстаған сайын таулар да сиреп жазық кең алқап басталады екен. Қазағымның жері неткен кең десеші. Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы.. ән ұран санамда айтылып жатыр. Осындай жерді кең алқапты атамекенім бар деген ой келгенде өн бойымды шаттық қуаныш лебі шарпып өттті. Іле шала Кәкеи ақының өлеңі ойыма еріксіз оралды:
Кінәләма, жақсым не, жаманым не ,
Соның бәріне айыпты заманың де.
Ұланғайыр өлкеме кетсем сыймай,
Сыйдырмаған тағдырға амалым не?

Қазақтың мынандай ұланғайыр жеріне сымай кеткен тағдыр-ай деген ой келгенде еріксіз көз жасқа ерік бердім. Бірақ кетер кеткенге дейін бұл ойдан арылмадым.
Алматыға келіп жеттік, әуежайдан біздің елдің өкілдеріне жауаптанған Мейіржан Әуелхан тосып алып, жолда асханаға апарып жүрек жалғатып алды. Аға қой сойып күтер едім жағдай осылай болып түр деп ағынын ағылып тұр.
Айналайын анқылдаған пейіліңнен айналдым.
Өзіңдей айналайын ұлдардан айналдым
Сендей ұлға тәуба деимін пәк жаны
Қазағымының ұстанатын дәстүр қаймағын.
деп қоямын. Біз Алматы қонақ үйіне келіп орналастық, осы арада Асқат Еркінбай да жүгіріп жетті. Ел жағдайын біліп қал-ауқал сұрап, ертенгі құрылтайдың бағыт-бағдары жайлы түсіндіріп жақсы демалыңыздар деп тілегін айтып қайтты. Менен бұрын барғандардың бәрі осында екен. Алғашқы танысуында істеп салған көрінеді. Мейіржанмен кеңесіп ел-жұртының амандығын білісіп дегендей әнгімені қыздырып біраз отырдық.
Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

11 жауап

  1. Аға Рухыңыз қасқырдай қайсарлы болсын!

  2. Сіздің ой парасатыңыз Алтайдың тауларындай биік қой аға!

  3. төрге қасқыр ілудің мағанасын енді уқтым

  4. Сәламатсыз ба, аға. Блог-құрылтайға сапарыңыздан естелік болсын:
    http://matrix-ca.tv/matrixkz/makalalar/1298-sheteldegi-aza-blogshylary.html

  5. Okigan sain kizik.jaksi jazipsiz.

  6. Mamandigiz tarikhshi au tegi

Пікір қалдыру aybenhabeken Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: