Блогтар алыстағы ағайынға «руқ»

Блог құрылтай-2011 дағы презентациям

«Ақпарат ғасырының» адам баласы үшін құнды жаңалықтарының бірі – интернет рерсурстар, оның ішінде интернеттік блогтар десек артық айтқандық болмас.
Олай дейтінім, қазіргі кезде тек ағылшын және басқадай тілдерді жаңалықтарды ғана емес, мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына ширек ғасыр болып үлгермеген қазақ тілімізде өз ойымызды бұрынғыдай газет-журналдардың шығу кезегін күттірмей-ақ, жаңа туынды дүниеге келген сәттен-ақ, қалауымызша таратуға мүмкіндік туды.
Жаңа ғасыр – ақпараттар ғасыры. Алыс пен жақынды байланыстырып, әлемнің әр түкпірінен жедел хабар жеткізіп отырған заманына қарай адамдары да техника тілін меңгеріп, алысты жақын ету мүмкіндігін барынша пайдалануда.
Сондай-ақ, мұның тағы бір пайдасы – атамекеннен жырақтағы елдерде тұрып жатқан қазақ баласының өз ана тілінде ақпарат алу өрісін кеңейте түсуде. Сондай ақпаратты пайдаланушылардың бір тобы – Монгол еліндегі қазақтар.
Қазақ мемлекеті Кеңес Одағы құрамында болған кезде Монгол еліндегі қазақтар Қазақ елінен қазақ тіліндегі газет-журнал, кітаптарды алып тұрған еді. Қазақ елі егемендік алғанннан кейінгі экономикалық жүйенің өзгеруіне байланысты, Монголия қазақтары ақпаратпен сусындап тұрған басылымдар саябырси бастады. Бұл ана тіл, салт-дәстүрін көздің қарашығындай сақтап келген, шеттегі біздер үшін ұлттық құндылығымызды арттырудың орнына оның сапасын төмендету қаупін төндірген еді.
Бұл атамекенге назар аударып, алдағы болашағын байланыстыра үміт етіп отырған, қанша дегенмен басқаның жерінде отырған, азғана қазақ қауымына рухани соққы болды десек асыра айтқандық емес. Өзіндік ақпараттық құралдары жоқ, жан-жақты қазақи матераиалмен сусындатар басылымдармен таныс болу жағы ақсай бастады. Мектептегі балаларға қазақи оқу құралы қанағатсыз болуы өз алдына, жастардың жанын тәрбиелер, алдыңғы ойлы азаматтар еңбектерімен оқып-танысатын әдеби және мәдени ақпарат көздері тапшылығы орын алды. Соңғы 20 жылда жастар жазба мәдениеттік байланыстан біраз алыстауы – қазақи ұлтық құндылақтардан алшақтауына ұласатынын ойлап, іштеи алаңдай бастағанбыз.

Әрине, мүлдем жоқ деу де, байбалам салу да – шүкіршілікті серік еткен қазақылығымызға келіспес.
Бірақ шеттегі қазақтар тек атамекенге қол жайып қарап отырған жоқ, өз бетінше қазақ тілі мен салт-дістүрін сақтап, әрі байытуға талпыныс жасап келеді. Солардың бір айғағы – Монголдың Баян-Өлгий өлкесінде шығарылатын қазақ тіліндегі «Жаңа өмір газеті» мен қазақ радиосы. Атадан бала санасы оза туған ақпарат заманында бұл үлкен ағалардың тілге деген сұрансысын қанағаттандырғанымен, жас буынның сұранысын қанағаттандыруға жеткілісіз болып отыр.
Міне, осындай күрмеуі қиын мәселелер туындай бастаған кезде блогты қазақша жүргізу мүмкіндігінің пайда болуы шеттегі қазақ баласын бір серпілтіп тастады. Өйткені тек қазақ тілді блогтар таратқан ақпаратты ана тілінде оқып ғана қоймай, өзіміздің де ойларымызды, пікірлерімізді ана тілімізде жариялауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі кезде Монгол елінде қазақ тілінде блог жүргізетін блогшылар саны — жетіп отыр. Әрине, бұл саны жағынан көп емес. Бірақ, әрбір блогың өзіндік ерекшелігі бар. Қазақ әлеміндегі үздік блогтарға қарап, Монгол еліндегі ат төбеліндей блогшылар бой түзеп өз қолтаңбаларын қалдырып келе жатқандығын, арамызда ақпарат саласын жете игермегенімен, ұлттық құндылықтардың дамуына үлес қосып келе жатқан Лашын,Нурбек,Сұнқар қатарлы оқушы блогшылардың барын атап өткім келеді.(қысқаша талдау)

Менің ойымша, қазіргі қазақ тіліндегі блогтарды басым бөлігі ұлттық рухты шыңдай түсетін жазбалар жариялап жүр. Міне, бізді қуантатыны осы. Асан қайғы бабамыз айтқан емес пе, «Ой түбінде жатқан сөз – шер толқыса шығады …» -деп. Демек, бұл блогтарда жарияланып жүрген әр жазбалар авторлардың терең толғанысынан шыққан туынды және қазіргі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің айнасы іспеттес. Біз осылай түсінеміз.
Құрметті блогшылар, атамекеннен жырақта жүрген әр қазақ баласы сіздердің жазбаларыңыздан өзінің қазақ ұлтының бір өкілі ретінде қалыптасуы жолында сіздердің жазбаларыңыздан сусындауда десем, артық айтқандай болмас.

Әрине, интернет желісінде қуаныш сыйлар жақсы леппен қатар, сорақы көрсетілім, жөнсіз жарнама мен біздің ұғымымызға жат дүниелер орын алып жататыны да шындық. Ол біздің қазақы түсінігімізге жат болғандықтан орта буын өз талғамымызға қарай таңдайтын болсақ, әрнәрсеге еліктегіш жастар жағы жат ағым мен жадағай ақпараттардан аса алмай қалады ма деп, ойы салмақты, ізденіске дәріптер дүниелерді қарап, маңызды да мәнді ой айтатын блогтарды парақтап, жастарға насихаттауды да қолға алдық. Бұл өзгенің шығармашылығы мен өзіндік ізденісіңді ұштастыратын оңтайлы дүние.
Осы орайда біз қызыға қарайтын төмендегідей блогтар барын айтып өткен де жөн болар: «» (Баяндамамды тыңдап отырған Ақзере,Тоты Аикона және т/б блогшылрадың блогын тілге тиек еттім)

Олай болса, қазіргі таңда қазақ тілінде блог ашқан әрбір блогшы үлкен жауапкершілік жүктеп отыр деп ойлаймын. Сондықтан, енді қазақ тіліндегі блогтардың санын ғана көбейтіп қоймай, сапасын арттыруға көбірек мән беруіміз керек.

Құрметті блогшылар, және ақпарт кеңістігінің өкілдері.
Сіздердің жазап жұрген әрбір жазбаларыңыз – шеттегі әр қазақтың құныға да қызыға оқитын ақпараттары. Жазбаларыңыз көркем бояулы, көкірекке көл боп құйылар құнды да құнарлы болса екен: шеттегі әр қазақ Сіздердің жүрек лүпіліңіз бен жүрек түкпіріңіздегі мұң-қуаныштарыңызды оқып, түйсініп, сүйсінсе, жан шаттығын бөліп қуанса, тамаша бір ғажайыптарды таныса….
Бала құсап Сіздердің қиналғандарыңызға қабақ түйеді, күлдірсеңіздер шаттана үн қосады, олай болса, Сіздің жазбаңызды қажет ететін алыстағы ағайын атамекендегі алғыр ойлы блогшылардан ұрпаққа тағылым, қатарласқа ақыл-кеңес беріп, жалпының танымын өрістететін өрелі дүниелер күтеді. Жаза түсіңіздер, жазбаларыңыз жаңа ғасырдың жарқын ойларын жинаған, замана жаңалығы мен жалпыадамзаттың мәдениетіне үлес қосар қазақы келбеттегі дүнеилер болса дейміз. Сіздер бабалар даналығына бет түзеп, талайға ой салар тың дүниелер жазыңыздар, заманның жаршысы, жаңалықтың хабаршысы болыңыздар! Орталарыңыз көбейсін! Ал қатары қоюлана түсер, әзірге ат төбеліндей Өлгей блогшылары Сіздерге қарай бет түзейді, бауырлармен ақпараттар дариясы мен жаңалықтың жариясында да бірге бола бермек!
Назар қойып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет!
Жанарбек Ақыбиұлы
203 кабинет
Алматы

Advertisements

4 жауап

  1. Өте жақсы

  2. Сөйлем құрлымы өте курделі екен қалай деміңіз таусылмай оқып шықтыңыз/)))

    • Бұрынғы жазбамда жазып едім ғой..Мен уялып 2 кунге тізімделдім деп ..2- кун елдің ыстық суыға басылады .көп адам болмаи ды деп ойлағам …бірақ керсінше …сосын оқуға тура келід әрі ..Алдын ала жасаған суиужетім ашылмай қалды ..Сосын тура Монголя қазақ блогшылраның иенттен бетін ашып айтуға тура келді)))

  3. Бул сурет менiн нагашы атам сызган сурет гой Жанарбек мугалiм.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: