«Үш қоңырды» шырқаған моңғол азаматы Б.Бямбжав

Мұзарт Цамвыгарв шыңының ұсті Б.Бямбжав екеміз.

Мұзарт Цамвыгарв шыңының ұсті Б.Бямбжав екеміз.

Көрші Хобда аймағының ұйымдастыруымен біз Моңғол Алтай шыңдарының ең үлкен мұздақ шыңдарының бірі, биіктігі 4208 метр болатын Цамбагарв шыңына шығу үшін шығыс оңтүстігінен шабуыл жасадық. Арамызда тілші, дәрігер, бастық дейсің бе әйтеу  құрамымыз әр түрлі барлығы 20-ға тарта кісіміз. Мен сол жолы мұзарт шыңға алғаш өрмелеушілерді қорғаушы міндетін атқардым.  Тауға 11 сағат жүріп, шығып түстік. Алғаш рет шығам деп келген ақ халатты абзал жандар дәрігерлер қайта-қайта дем алып  ақылап-үһ ілеп жүріп-ақ  кісіні шаршатып жіберді.Мұзды таудан түскен соң етектен төтелеп желе елдің алдын ала түсіп шатырыма келіп жата қалғанмын, бір кезде тұнық ауаны шырт бөліп ән даусы жаңғыртып әкетті. Елең ете түстім. Құдай-ау мынау қазақ әні ғой деймін.

Естігеніме  сенбеймін, бұл жерде менен басқа қазақ жоқ еді ғой  кім айтып отыр бұл әнді. Жоқ қатты шаршағанан соң елес шығар деймін, бірақ ән даусы үдеп барады… «Әкемнен өзің қалған жайлауы…ааааййй үш қоңырым  қоңыр белім…»

Ән осылай кетіп жатыр

Төбемнен жай түскендей мелшиіп мен тұрмын. Моңғолдардың қазақ ән касетасын алып жүріп тыңдайды деп ойламаппын ..

Шыдамадым,  шатырдан атып шықтым. Ән шырқалып жатқан жерге ұштым ба, жүгірдім бе есімде жоқ, әйтеу қас-қағымда жеттім.

Ооо құдай, мына қызықты қара, әнді кәсета емес кәдімгі адам айтып тұр. Тірі дауыс..

Кәдімгі моңғол азаматы, аты Б. Бямбажав. Тер басқан  су-су киімін ауыстырып тырбыңдап жүріп «Үш қоңырды» айтып жүр.

Мені байқады да әнді кілт тоқтатып монгол тілінде «Гайхалтай дуу »  «Ғажап ән ия»,-… деді.

Таң қалып тұрған мен не айтарымды білмей басымды изедім. Қайырмасында қосылып мен де шырқадым. Шаршап келгеніміз жайында қалып менің өтінішіммен моңғол жігіті «Үш қоңырды» неше қайтара шырқап берді. Әнші деймін ғой, қазақ әнінің табынушысы және өз мәнерінде тамаша орындаушысы Хобда облысы спорт орталығының әкімі, еліне танымыл спортшы – Б.Бямбжав деген азамат еді. Ән шырқап отырып арасында пікір алмасқанымызда Б.Бямбжав қазақ әні жайлы келесідей лебізін білдірді:- «Қазақтың қай әнін айтсаңда жүрегіңе жылы тиеді, адамды еріксіз тербеп әкетеді. Тыңдаған сайын қаныңды қыздырып, жан сарайыңды жадыратып, әдемі бір күйге бөлейді. Қазақ әндерінің құрылымы адамның жан-дүниесіне өте жақын келеді. Мен алыс жолға сапарға шықсам қазақ әндері айтудан жалықпаймында тіпті ән таспаларын ала жүремін себебі әрбір қазақ әні рухыңды көтеріп, арқашан алға ұмтылуға көмектеседі,»,-деді. Осы бір тамаша лебізден кейін шаршағанымды ұмытып үйге жеткенше «Үш қоңырды» ыңылдаумен болдым…

Көп кешікпей ішінде «үш қоңыры» бар МузАРТ тобының ең таңдаулы ән жыйнақ  таспасын Хобда аймағындағы  Бямбажавқа  беріп жібердім.Бұл әнгіменің  әсерінен бойымда қазақ  әндеріне деген  жаңа бір қыры ашылып  қазақ  әндеріне деген шексіз сұиспеншілігім арта түсті.

Жанарбек Ақыбиұлы.

Advertisements

4 жауап

  1. salematsiz aga… koldau korsetkenizge rahmet elde ne janalik jazip turiniz aga…

  2. йә бауыр рақмет! Алда ел жаңалықтарын турақты жазsп туратын боламын!

  3. Әннің шекарасы болмайтынының тағы бір дәлелі!

  4. Жанды тебірентетін оқиға! Атамекенге деген сағыныштың сарыны ғой бұл….

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: