Қамшы түскен жердегі алып ғимарат әлем назарында

Жоғарғыдағы сурет Шынғысханның қамшысы түсіп қалған жерге салынған алып ғимарат үлгісінде ұлы қағанның ат үстіндегі ескерткіші.Құрылыстың  киіз үй пішіндес домалақ 1-2 қабатында шағын залдар,асхана,музей,қонақ бөлмелер және қолкәде сауда дүкендер орналасқан ал сатымен аттың жалына дейін көтеріліп жан-жақтың суретін алуғада болады.Бұл ат мүсіні әлемдегі алып ат мүсіні деугеде болады.Әзірше осындай үлкен мүсінді өзімде көріп не естімеппін.Монголияға келген әлем туристері осы ғимаратқа соқпай кетпейді,міндетті түрде келіп естелік ретінде  сурет алдырып қайтады.Бұл ғимарат монгол еліне талай туристің  назарын тартар ғимарат болып тұр.Оның үстінде ғимараттың төмендегі тарихыда әр кімді бей-жай қалдырмайды.

Шыңғысханның соңғы жорығы және қамшысы түскен жерге салынған алып ғимарат.

Шыңғыс хан қайта бас көтерген Таңғұт еліне шабуға аттанады. Таңғұт жолындағы “Алтын гандир” атты белегірден ұлы қол өтіп бара жатқанда қаған қамшысын түсіріп алады. Көмекшілері жетіп келіп қамшысын алып бермекші болғанда қаған тоқтатып:
– Жатсын! Біраз жатсын. Мен осы жердің аумағына көз шалайын, – дейді.
Аса үлкен бел де емес. Ағаш өспеген, жан-жағы ашық. Жер атауы Алтын мұнара деп аталады екен. Біраз тұрған соң “болды” дейді. Қол алға жылжып жүріп кетеді. Сөйтіп, қаћарлы қағанның қолы Таңғұт елін қайта жаулап алып, тыныштандырып қайтар күні (1227 жылы қыркүйек айының басында) ұлы тұлға бүгінгі ҚХР-дың Гансу өлкесінің Чин Сүн Сян деген жерінде көз жұмады. Қағанның мүрдесін қазақ арбасына артып елге қайтады. Жолда жоғарыдағы қамшы түсіп кеткен Алтын мұнара беліне келгенде хан мүрдесі артылған арбаның артқы екі доңғалағы жерге кіріп кетіп шығара алмай әуреге түседі. Жер әлпеті белегір әрі құрғақ, жауын жаумаған. Сөйте тұра құдайдың құдіретінше арба доңғалақтары жерге кіріп кеткен. Күштейін десе, арба сынады, күштемейін десе ұлы мүрдені жеткізу ісі кешігеді. Қолбасшыларының бірі Тәңірге жалбарынып дұға оқып, осы жерге үш күн аялдайды. Ақыры дұғадан кейін арба доңғалағын жерден шығарып алады.
Бұл бүгінгі Ішкі Моңғолияның (ҚХР) Зүүн-хошун (Солқол қосыны) ауданының Ежен-қора деген жері еді. Ұлы қағанның мүрдесі үш күн аялдаған осы жерге қаралы керуен кеткен күннен бастап моңғолдар сегіз киіз үй тігіп ұлықтап бүкіл халық тәу ететін қасиетті орынға айналдырған.
Содан бері 847 жыл өтті. Бүгінгі күні ҚХР-дың Үкіметі киіз үй архитектурасымен қазіргі заманның сәнді ғимараттарын тұрғызып, әлем туристерінің көрнекті ордасына айналдырған.

Жанарбек Ақыбиұлы

2012 жыл

Advertisements

5 жауап

  1. Күшті екен. Өзіңіз барып көрдіңіз бе? Ішінен алыс-жақын аймақтар қалай көрінеді екен?

  2. Монғолдардың негізгі мақсаты Шынғысхан атақ абройын даңық дақпыртын пайдалану арқылы туризимді дамыту. Сол бар тағы басқа ойлары бар сосын біраз қарды жұмсап салдырды ғой енді менің естуімде әліде жан жағына бірдемелер істеиді екен.
    Ал ішіннен монголды танып шығардай жасақтаған ,

  3. tamasha mahala eken

  4. рaxмет тaмaшa екен мaкaлaнiздi окұп жaтiрмiн сен жaзұвжiмi?

  5. Alatay мен блогермін.
    Көне тариқты қызықтаймын соларды жазғым келеді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: