Аңшы Самат -16 қысқыр аттып алдым…

Сонғы жылдары қыста жансақтау қасқырларға қыйын түскен түрі бар.Өсіп өнген апанын тастап,жем іздеп жортып,Алтай тауларының сай-саласында Көкбөрілер қаптап кетті.Малын өріске жайып тірлік ететін малшыны жұт бір қысса қасқырлар келіп және қырып мазаларын алып-ақ жүр.Амалсыз қолына мылтығын алып қасқырлармен айқасқа түскен аңшыны іздеп барып әңгімелесіп қайттым.Бай-Өлкенің Сақсай өңірінің орта тауындағы жерлестері  аңшы Әбіш атандырған аңшы біраз жаста деп ойлағам. Мен барғанда алдымда 32 жасар жас жігіт өзін Сынапбергеннің Саматымын  деп таныстырды.

Жалпысы қанша қасқыр аттыңыз?

Жалпысы 3 жылда 16 қасқыр атып алсам,19 бөлтірікті інінен алдым,

Соңғы бір жылда 11 жуан қасқыр атып,інінен 6 бөлтірік алдым.

Аңшылыққа әуесіңіз қай кезден басталды?

Әкемнің калибр мылтығы болды. Қой жайғанда осы мылтықты ала кетіп суыр аттым. Қыста қоянды қуып жүріп атып үйрендік. Үстіп жүргенде түлкі кезікті. Осылай аңшылыққа қызығушылығым  басталған еді.

Атып алған қоян, суырды қайтесіз?

Қоян,суырдың терісі үшін  емес, еті керек. Себебі ауылдар бір емес бірнеше бүркіт баптайды. Соларға жемге керек.Ауылдағы үлкендер қашанғы  аң қарап, тау кезе берсін. Содан бізді жастай мылтық ұстауымызға рұқсат берді.

Сіздің руыңыз Шерушінің Ұзынмылтық сүйегі екен,  бәлкім арғы аталарыңыз аңшы адамдар ма? Жан ұяңыз жайлы айтып берсеңіз.

Ия, аңды мылтықпен қырып жібермеседе ата-бабамыздан босағада бүркіт үзілген емес.Ұлы атамыз Есенкелді өз бүркіті мен бүркітшіліктің барлық жабдығын атамыз Жұқаға қалдырыпты. Атамыз бәрімізге ұқтырып кетті.Ал әкемнің інісі Жиналыста өлкеге танымал бүркітші.Өз інім Солдат та бүркітін  босағаға байлап  баптауды менгеріп алды.Өлкеге танымал көкпаршы А.Бақытбекке еліктеп көкпар тартудың да қыры мен сырын меңгеріп, жақсы нәтиже шығарып жүр.

Жан жарым Қатайқызы Еркегүл. Екеміз екі қыз бір ұлдың тәрбиелеп отырмыз.Алты жасар ұлым Дәулетбек ойын баласы.Неге әуестігін есейе келе көреміз ғой!(күлді)

Алғашқы қасқырды қай кезде аттыңыз?

Осыдан 3 жыл бұрын  түлкі қуып жүргем.Дүрбімен қарап отырсам тік екі құлақты байқап қалдым.Жақындап келсем қасқыр екен.Етікті шешіп байпақшаң тағы да жақындап келіп аттым.Оғым тиюі тиді, бірақ қашып кетті.Жаралы түлкі қуып үйренген басым ізіне түсіп іздеп жүріп өлген жерінен таптым.Бұл қасқырға деген қызығушылығымды арта түсті. Кейін әр қадам сайын жан-жағыма өте жіті назар салатын болдым.Соның арқасында   іле-шала екінші қасқырды аттым.Бұрын байқамаппын, қасқыр  нақ іргемізде жүреді екен ғой.(күлді)

Қасқыр аулап жүргенде өз өміріңізге қауіп төндірген кезі болды ма?

Кешкі  іңірде өрістен енді кеп қораға кіргізер алдында сүт пісірім уақытта қой ешкімізді  қораның алдында іңірдетеміз ғой.Осы кезді пайдаланып бір қойды арқалай қашқан қасқырдың дыбырынан кейін  бірақ білген иттер қораның басындағы үлкен сайға қарай ұлып, шәуілдеп кеткені. Екі қасқыр  атып мерген атанып үлгерген маған хабарлап келді.Ауылдағы үлкендер қасқыр жеміне  тойған соң көп ұзамай сай басындағы қорым құзға барып ұйықтар,таңға жақын үстінен түсіп ат – деген ұсыныстарын құп көріп,түн ортасы ауа жылы киініп шығып,осы жерде боларсың-ау деген  долбармен үлкен қара шағылдың басын ала келіп жатып алдым.Таң ата дүрбі салсам ұйықтап жатыр екен.Баспалап кеп оқ жетеді-ау деген кезде қос өкпеден аттым.Қыңқ ете түсті де жатып қалды. Оғың тигенде бір қуанышты сезім өн бойыңды шарпа  кернейтіні белгілі емес пе, қасқырға қарай тұра жүгірдім. Жақындап 5 метрдей қалғанда әлгі өліп жатқан қасқырым  атып тұрып  маған қарай сүйретіле ұмтыла түсті.Адам жанының тәттілігін-ай, мылтық мойнындағы оқты бір қолмен алып жатсам, келесі қолмен мылтықты көзге апарып та үлгеріппін. Қасқыр таяп үлгергенше маңдайдан атып үлгердім.Оқ күшімен кері сілкіне құлағанда мен де қос тізем қалтырап, денемді көтере алмай жерге сылқ отыра кеттім. Қолым дірілдеп мылтығымды қайта оқтай алсамшы.Тіпті саусақтарым оқты ұстай алмады.Бірақ қасқыр өліп қалған еді.Егер қорғалап ата алмай қалсам да , екі көзім шалынып жығылам деп жерге қарап  жүгірген болсам,онда жаралы қасқырдың ашулы азуына өзім барар едім. Қарауылды басқа дәлдегенде қасқырдың қанталаған көзі,ырсыйғандағы  аузы, жаныңды шырқыратып  қан сасытып шайнап тастар сойдыйған тісі бәрі есімнен кетер емес. Осы бір жағдай күнібүгін есіме түссе жаным түршігеді.

Қорқып атпай қойған жоқ сияқтысыз, содан бері де талай қасқыр атыпсыз!

Халқымыздың тірлігі мал болған соң сонғы жылдары жұттан да мал қырылып жатыр. Одан қиыны қасқыр да бір жағынан қырып қоймай қойды.Малыңмен жан сақтағың келсе қасқырды атуды өмір өзі мәжбүрлеп тұр ғой.

Қараңғы түнде де қасқыр атты деп естідім.Түнде қалай аттып жүрсіз?

Жазда ірі қара жеп кетті деп хабар берді. Екі күн өтікізіп жіберіп келесі күні түнде таң атқанша жарығы ұзаққа түсетін жарық сап аңдып жаттым.Ауық-ауық төңірекке айландырып жарық сап тексеріп қоям.Бір кезде жарыққа шағылысып көзі жарқ ете қалды. Мылтығымның  да дүрбісі лазерлі еді, атқан жерден тигіздім.Жалпы осы әдіспен іріқараның жемтігін аңдып жүріп жаздай 3 қасқыр атып алдым.

Қасқыр қай кезде малға көбірек  азу салады?

Бұрын қыста көп тиседі деп еститінмін. Ал қазір жағдайға қарасаңыз бәлен деуге келемей қалды. Жазда жайлауда аңдып отырсаңда  малынан  айрылып қалып жатармыз,қыста құтырғаны сондай қораға түсіп қырып кетіп жүр.

Жазда алаң-елеңде тұрғысына қайтарда өрлеп барып алдын тосып атып та жүрміз.Түнімен торуылда жүрген қасекең тұрғысына тез жетуді көздейдіде алдағы тосқауылды анғармай қалады екен.

Қасқырдың ойранынан жерлес малшыларға шағым көп түсе ме?

Иә, соңғы жылдары қасқыр өте көбейіп алды.Содан болар малшылар шағым көп айтады.Бірінің іріқарасын,бірінің қорасына дейін түсіп қой,ешкісін қырып кетті  деп жатады.Бәрінде түсіністікпен қарап,ренжітпей бос уақытымды шығарып барып атып жүрмін.

Ойбай-ау жаман калибріңізбен атасыз ба?

-Енді қайтем,басқы екі жыл солай болды «Қасқыр  атқыш»- деген атағым бар. Төңірегімдегі малшылардың бәрі маған жүгіреді,жан сақтап отырғаны осы мал.Жұт бір жағынан қасқырлар бір жағынан қырып  жатса қайтіп шыдап отыра алайын .Қасқыр қорасына тисіп жүрген малшының аулындағы барлық ер азаматтарды жұмылдырып қағушыға пайдаланам да іске кірісеміз.

Қасқыр басына күн туып қашқан сәтте міндетті түрде неғұрлым  биікке қарай ұмтылады деген аңшылардың әңгімесінен сабақ алып, таң атпай биікке бұрын шығып жатып алам.Қағушылар күн шыққан соң нағыз қасқырдың тәтті ұйқыға кеткен кезінде шошытып сай-саланың етегінен дабырамен жаңғыртып қаңылтыр темір сүйретіп азан-қазан шу шығарып маған қарай айдайды.Мен дүрбімен аңдып  жатып үстіме ентігіп жеткен қасқырды қарауылға іліктірем.

Қанша мылтығыңыз бар?

Қасқырды көргеніңмен ол өте қу,жөп-жөкім атқызбайды.Қаншама қасқырды атып оғым жетпей қапыда қалып жүр едім.Калибр оғы ұзаса 250 метр қашықтыққа ғана жетеді ғой.Ақыры астанамыз Ұланбатырдан 1 км қашықтыққа оғы жететін сайга мылтығын лазерлі дүрбісімен қоса сатып алдым. Қазір көзімеде  дүрбімен де  көрінген қасқырды тірі жібермеуге тырысып жүрмін.

Малшылар аңшылық еңбегіңізді бағалады ма?Жергілікті әкімшілік ше?Бір өзіңізде қанша малыңыз бар?

200-ге тарта малымды бағып-қағып жансақтап жатырмыз.

4- бақ  қойшысы  Жамсырын Дүйсебайұлы бастаған малшылар  бірігіп өздері бастама көтеріп екі жүз мың ақшалай  ынталандыру сыйлығын ұсынды.Өткен жылы жергілікіт әкімшілік марапат хат, төс белгі тағып «Саңлақ аңшы» атады.

Әнгімеңізге рақмет,Көптің алғысына бөлене беріңіз.

Рақамет!

Әнгімелескен Жанарбек Ақыбиұлы

5 жауап

  1. жаксы макала екен

  2. maşallah jaksı eken…

  3. хайролла,erbolat рақмет!

  4. Мықты аңшы екен….

  5. жас жанеде мыты аншы екенсiз халхыныга халаулы елiнiзге елеулi азамат болуынызга тiлектеспiз!!!

Leave a reply to kharasha Жауап беруден бас тарту