Таеквондодан Азия және Әлем чемпионы Сейітхан Кенесарымен сұқбат.

Таэквондодан Моңғолия ұлттық құрамасының мүшесі, қатты зат шағудан Азия және әлем чемпионы Сейітхан Кенесары ұлы 1971 жылы қарашаның 10-жұлдызында  Ұланбатыр қаласының Налайхы қалашығында туған.Балалық шағыда осы қалашықта өткен. Жақында осы таэвондо тарланымен тілдескен едік.

– Сейітхан таэквондоға алғаш қалай келдіңіз?

-1990 жылы 10 сынып бітіретін кезім.Орта мектеппен қоштасу салтанатына, сонғы қоңырау кешіне дайындалып жатқанмын. Досым Жұбайханның ентігіп жетіп келгені. «Кореядан жаттықтырушы келіпті, 6-ай үйретеді екен, ниеті барларды тізімделіп жатыр, біз не істейміз» дейді. Әкемнің «киім ал» деп берген мың сомын соған құртып, тізімге тіркелдік. Мұны ағам біліп қойп, ақша тауып берді де, сонғы қоңырау кешін әкеме білдірмей, ел қатарлы өткіздік. Міне, осылай алғашқы жаттығуға қабылданған едім. Содан бері күні-бүгінге дейін жаттығудамын.

– Сол кезде моңғолда жекпе-жек спортының  қанша түрі бар еді?

-Бокс және әскери самбо жоғары деңгейде дамыған еді. Анда-санда киноханадан жапонның каратэ жайлы фильмдерін көретінбіз.

– Таэквондо жаттығуына  қабылдандыңыз, ал оның нәтижесі қалай болды?

– Өз еркіммен ізденіп барған соң ба, барлық қыйыншылыққа шыдадым. Таэквондо спортының  ережесіне сай барлық сатылы белбеу талаптарын орындап, 1992 жылы Кореядан келген арнайы сарапшы мамандар алдында  қарабелбеуге қол жеткізіп, халықаралық І-дан иегері атандым. Іле-шала 1993 жылы Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының іріктеу турнирінде күміс медаль иелендім.

– Бұдан кейін спортқа деген құштарлығыңыз арта түскен шығар?

– Бұл кездері Моңғол елі ұзақ жылғы отарлық саясаттан құтылып, еңсесін енді-енді көтеруге талпынып жатқан қиын заман еді. Мен достарыммен осы бір қиыншылық кезінде болашақққа үмітпен қарап, спорттан кетпедік. Ол кезде шет елге шығып, халықаралық турнирге қатысу орындалмас  арман еді. Алайда біздің талпынысымыз шындықа айналды. Менің жүлделерім көптеген адамдардың спортқа  деген қызығушылығын оятты. Осы қарқынмен 1995 жылы Налайхы қалашығында «Арыстан» клубын аштық.

– Бұл клубтың тырнақ алды табысы қалай басталды?

– Клуб ашыла салысымен, сол 1995 жылы Моңғолия тарихында тұңғыш рет Дархан қаласында таэквондодан өткізілген алғашқы чемпионатта біздің клуб 3-орынды иеленді. Осыдан кейін жыл сайын Моңғолия чемпионатын өткізіп тұру дәстүрге айналып, жалғасын тапты да, біздің «Арыстан» клубы 1996-1998 жылдары қатарынан үш рет 3-орынға ие болдық. Ал 1992 және 2001 жылдары 2-орынды иелендік.

– Шет елдерге де шығып, өз өнерлеріңізді көрсеткен шығарсыздар?

– 1993 жылы Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының іріктеу сынында күміс медаль олжалап қайтқанымды айттым.

1997 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында болған әлем чемпионатына қатысып, 5-орынды қанағат тұттым.

2002 жылы Ұланбатырда болған Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, Азия чемпионы атандым. Әрі 4 данға қол жеткіздім.

2003 жылы Грекияның Тессалоник қаласындағы әлем чемпионатында қатты зат шағудан 2-орынға ие болып, күміс медаль олжаладым.

2008 жылы Алматыда өткен аймақтық турнирде 4-орынды қанағат тұттым. Сол жылы өзбектің Ташкент қаласында өткен халықаралық турнире 6-орынмен шектелдім.

2010 жылы Белорусь елінің бас қаласы Минискіде қатты зат шағудан әлем чемпионаты өтіп, онда бас жүлдені жеңіп алып, Әлем чемпионының алтын медальін иеленіп қайттым.

– 2010 жылғы әлем чемпионатына барып, бабыңызда болсаңызда неге жекпе-жекке шықпадыңыз?

-Дайындығымда жақсы еді.Бірақ біз ұзақ жолды автобуспен жүрдік. Бірнеше елдің шекарасынан өтіп жүргенімізде чемпионаттың алғашқы күнінен кешігіп қалдық. Жекпе-жектер аяқталып қалыпты. Бірақ алдын-ала тіркелгеніміздің пайдасы тиді де, келесі күні қатты зат шағу сынына қатысуға мүмкіндік алдым. Бірінші күнгі айқастарға қатыса алмағаныма өкінгендігім соншалық, екінші күні аянып қалған жоқпын.  Сөйтіп, әлемнің небір  мықтыларынан күшімді асырып, әлем чемпионы атандым.

– Баян-Өлгейдегі таеквондо клубының жаттықтырушылары, өзіміздің қандас бауырларымыз, сізді мақтан тұтады екен.

– Баян-Өлгейдегі шәкіртерім Нарбек және Ерқұланмен бірігіп, 2000 жылы қазақтың бір туар ұлы Мұстафа Өзтүрік атындағы «Мұстафа» клубын ашып, бірге жұмыс істеп келеміз.

Осы клуб елдегі бас қала Ұланбатырдан шалғай жерде болып, Моңғолия чемпионатына жылда келе алмай жүр. Әйтсе де, өз орталарында жаттығу жұмыстарын нәтижелі өткізіп, көрші аймақтардан команда шақырып, сол жерде кішігірім турнирлер ұйымдастырып жүр. Былайша айтқанда, сол өңірде таэквондоны дамытуға үлес қосып келеді. Оны мен мақтанышпен айтамын.

Сол «Мұстафа» клубының таэквондошылары 2002 жылы Ұланбатырға келіп, Моңғолия чемпионатына қатысып, 3 алтын 2 күміс медаль еншілеп, командалық есепте 5-орын ие болған болатын.

– Өлгейлік бауырларыңыз өздері ащқан клубқа неге «Мұстафа» атын таңдап алды?

– Мұстафа Өзтүрік ағамыз Тайван университетін бітіргенде, дипломмен бірге таэквондодан 6-шы дан иегері атанып шыққан еді. Студент Мұстафаның шыңдалу жолында қаншама ел мен жерді аралап, қаншама жеңіске жеткенін осыдан-ақ байқауға болады. Өзінің тынымсыз, қажырлы еңбегінің арқасында Туркия мен Германияда өз атында клуб ашып, таэквондоның жандануына үлес қосқан. Осылай ерінбей еңбек еткен қазақ ұлы өмірінің соңында Ата-мекенге оралып, таэквондодан республикалық федерация құрды, жеке мектебін ашты, шәкірт тәрбиеледі. Атамекенегі таэквондоның негізін қалады. «Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарамын» деген асқақ арманы жолында өмірден де кетті… Мұстафадай қайсар ұлдың асқақ арманы, өр рухы, ұлтжандылығы барлық шәкіртерінің бойына дарысын, әруағы қолдап жүрсін деген ниепен Баян-Өлгейдегі  бауырларымыз Нарбек пен Ерұлан өз кулубтарының атын «Мұстафа» деп атаған еді.

– Қазақ еліндегі қандас таэквондошылармен байланысыңыз бар ма?

– Қазақстандағы таэквондо федерациясының басшылары Дәурен және Қайратпен тығыз қарым-қатынастамыз, араласып тұрамыз. Олар нағыз ұлтжанды азаматар ғой. Семейдегі бас бапкер Маханбетпен де достығымыз бір үйдің балаларына кем емес.

– Қашанан бері жаттықтырушы болып жүрсіз?

– 1998 жылы Ұланбатырдағы «Эр зориг» клубына жаттықтырушы болуға шақырған. Содан бері осы клубта жұмыс жасап келемін.Ұланбатыр қаласындағы таэквондошылар тәрбиелейтін 12 клубпен де бірлесіп жұмыс жасап келемін. Сонымен қатар, Налайхы қалашығындағы «Арыстан» кулубының бар ауыртпалығы – менің мойнымда.

– Өзіңіз құрған «Арыстан» клубының болашағы қандай?

– Ең басты шарт – толық жабдықталған спорттық база қалыптастыру. Спортшының биік белестерді бағындыруы үшін таэквондоға әлі де Үкіметтен қамқорлық қажет. Клубқа тек жаттықтырушы ғане емес, дәрігер, психолог және тағы басқа қызметкерлер қажет. Сонда басқадай мәселелрге алаңдамай, спортшының алаңсыз дайындалып, жеңіс шыңына шығуына жол ашылады деп ойлаймын. Достарым Жұбайханмен және Батырбекпен бұл жайлы ойластырып, жоспар құрып жүрміз. Нәтижесін уақыт көрсетер.

– Жан-ұяңыз жайлы қысқаша айта кетсеңіз?.

Жұбайым екеуміз 4 бала тәрбиелеп отырмыз.

– Ел ішінде «қонақ келсе, Сейітханың қазы-қартасын әкел» деген қалжың бар көрінеді. Мұның сырын айтып беріңізші?.

– Шет елде болсын, ел ішіндеде сапарда жүрсем де, жалпы қайда барсам да «қазақпын» десем, көбісі «қазақтың ұлттық тағамы не» деп сұрап жатады. Содан «шіркін, бұларға қазақтың қандай екенін қазы- қартасын жегізіп көрсетейін» деп ойлап жүретінмін. Ақыры бұл ойыма да жеттім. «Қазы-қарта» деген компанияны құрып , қазақтың қазы-қартасын заманауи стандартпен нарыққа шығардым. Қазір осы компаниямда 5-6 адам жалақы алып, жұмыс жасап жатыр.

Ұланбатырдағы үлкен ресторандарға барғанда, мәзірін алып келгенеде, жоқ екенін біліп тұрсам да, алдымен «қазақтың қазы-қартасы бар ма» деп сұраймын. Ақыры бәрі мені танып алды. Содан мені көрсе, «әне Сейітхан келеді, қазір бірден қазы-қарта  сұрайды» деп күлетін болы. Қазір олар  күлмейді, «қазы-қарта әкел» десем, алып келеді. Себебі Ұланбатырдағы үлкен ресторандардың көбісі менің компаниямның қазы-қартасын тапсырыс беріп, алып отыр (күліп).

– Өзіңіз бастап Налайхы қалашығында ұлттық спорт түрлерінен әр түрлі жарыстар мен сайыстар өткізіп тұрады деп естідім.

– «Қазақ дамыту қоры» деген қор ашып, нағыз ұлтжанды жігіттермен бірлесіп, қаржыландыру мәселесін қолға алып, әр мереке сайын жарыс өткізіп келеміз. Жағдайлары нашар отбасылардың жеке адамдарына шамамыздың жеткенінше көмек көрсетіп келеміз.Ұлтжанды азаматармен бірлесіп, Ислам дінін нығайту барысына да жұмыстар жасап келеміз.Наурыз тойында Ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырсақ, қыста «Мұз тойы» деп аталып кеткен шара ұйымдастырып, табиғат аясында, таза ауада әр түрлі жарыстар ұйымдастырып жүрміз. Көпшілікте белсене қатысып жыл сайын қызғушылар саны көбейіп келеді.

– Ендігі арманыңыз!

– Шәкіртерімді биікке жеткізу.

– Ісіңізге сәтілік тілеймін! Халқыңыздың  мақтанышы бола беріңіз!

– Рақмет!

Әнгімелескен Жанарбек Ақыби

Моңғолия. 1.11. 2012 жыл

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: