Әлем қазақтары арасындағы ең жас блогер

 АСТАНА. 20 қараша. BAQ.KZ – Былтырғы жылы Алматыда өткен қазақ блогшыларының тұңғыш құрылтайында қазақ блогшылары арасынан Лашын Жанарбекқызы «Ең жас блогер» атағын алады. Жас блогер қазір Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында 7-сыныпта оқиды. Лашынның блогын ойда жоқ жерден таптық та, ақтарып қарадық…

Лашынның әкесі, Моңғолиядағы тұңғыш блог «Көкбөріні»  құрушы Жанарбек Ақыбиұлының айтуынша, Лашын блогын әкесінің көмегімен 9 жасынан жүргізе бастаған екен. Ата-анасы қызметке кеткенде үйде жалғыз қалатын Лашынға сәби көңілін бал тілімен өз блогы lashka.wordpress.com-ға жазып қалдыру басында ермек болса да аз ғана уақыт ішінде балауса оймен жазылған күнделіктерді оқитындар мен пікір білдірушілер қатары күрт артады.

Кішкентай қыздың өзі де, блогы да көз тартады. Айдарлары қандай айшықты! «Мен өрген бұрымдар» деп нәзік атаумен аталатын айдарға «Бал балалық шағым», «Достарым әлемінде», «Менің сыныбым», «Менің әлемімдегі қызықтар», «Меніңше…», «Суреттерім», «Әңгімелерім», «Өлеңім-өмірім, өрнектер өңірін» деген тақырыптар тізілген. Лашынның «әлемін» біз де аралап шықтық.

«Қазақ журналдары біздің ауылда» тақырыбымен жас блогер Қазақстанның балаларға арналған журналын тұңғыш алған кездегі қуанышын былай жазыпты: «2009 жылы Қазақстанда тұратын Тоты әпекем маған арнап «Айгөлек» сияқты бір топ журнал салып жіберіпті. Өмірімде алғаш балдар журналын көруім. Іші қызыққа толы, тамаша екен .Ол журналды күтіп ұстаймын. Оқып бітсем де әр күн сайын ақтарып қарап шығамын. «Айгөлек» журналының қай бетінде не бар дегенге дейін жаттап алдым. «Жұлдыздар отбасы» журналын оқып өзім жақсы көретін әншілердің жеке өмірімен таныстым. Олар жайлы көп мәлімет алдым. Жұлдыздардың біз сияқты тамақ ішіп, кәдімгі адамдар құсап өмір сүретінін білдім ғой. Ал биыл Астаналық Эльмира әпекем тағы да «Айгөлек» пен «Жұлдыздар» отбасы мен Start журналдарын жеткізіп берді. Қуанғанымды айтпа. Қазір сол журналдар менің достарымның үйлерінде қонақта жүр. Олар оқып болған соң қайтармыз деген. Ал кезекте тұрғандары одан да көп. Сонымен Қазақстаннан келген журналдар біздің ауылда қонақта жүр…».

Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpress.com-нің көмегіне сүйеніп жүр. Алайда соңғы жылдары елімізде wordpress.com-ға шектеу қойылғандықтан осы жүйе көмегімен жұмыс жасап келе жатқан блогтардың кез-келгені ашыла бермейтінін білеміз. Кішкентай Лашынның да блогы wordpress.com-ға тәуелді екен. «Бұрынғы кездерде Лашынның оқырмандары мол еді. Күніне 100-ге тарта оқырман қызымның блогына саяха жасап тұратын. Қазақстандағы ақын, жазушы аға-апайларының пікірін көріп қуанып жүретін. Алайда, wordpress.com-ға Қазақ елінде шектеу қойғаннан бері балам да көңілсіз. Бала көңілі оқырмандарының азайғанына ренжулі»,-дейді Жанарбек ағамыз.

 

 

Лашын биыл Баян-Өлгей аймағы № 1 орта мектебінің 7-сыныбында оқиды. Шығармашылыққа жаны бейім. Қағілез қыз математика пәнінен де алдына жан салмайды. Ол Баян-Өлгей бойынша өткізілген жылдам есеп шығарудан (IQ-resmi) екі дүркін чемпион және Шахматтан үш дүркін чемпион атаныпты.
Бұл жайлы бала блогер «онлайн күнделігіне» «Сыйлық пе, темір ме?» деген тақырыппен өз ойын жазады: «Мен бала бақшадан бастап әртүрлі жарыстарға қатысып келем. Оған құттықтау хаттар мен сол кезде мойыныма тағылған медалдарым куә. Медалдар Қытайда өндірілген ақ, сарыға боялған жылтыр темірлер. Шіркін, барлық медалым таза алтын болса ғой. Қазірде облысымыз көлеміндегі Математикалық IQ және Шахмат спорты жарыстарына қатысып жүрмін. Қай-қайсына қатыссам да, алдынғы орынға шығып, алатын сыйлығым осы медалдар. Сыйлық алған жақсы, бірақ өтірік алтын, өтірік күмістерді үйімнің төріне іліп қоям. Осындай жалған темірмен алдағанша анда-мында ұшып баратын ұшақ сыйласа ғой. Не аспандағы күнді 1-ші болғандарға ал айды 2-ші болғандарға, бұлтты 3-ші болғандарға сыйласа жақсы болар деп ойлаймын. Ал оған шамасы жетпесе соңғы үлгідегі джип машина сыйласа ше? Ал оған шамасы келмесе темірмен алдамаса екен. Осындай темірді әкеп іліп қойған маған да, бастықтарға да пайда жоқ сияқты. Одан да оқитын көөөп кітап сыйласа ғой. Шын пейілмен қуанар едім».
Лашынға қуанышын әруақыт ортаймасын, халқыңа берер сыйың мен алар сыйың арта берсін деген тілекті біз де айтамыз!
Майгүл СҰЛТАН

http://www.baq.kz/diaspora/215

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: