Тұмар-тілек

Заңғар биіктер еркелей көкке асылып
Шақырар сені тұма тұнық сыр жасырып…
Ақ тілегімді ақша бұлтқа орап жолдадым
Мұзарт шыңдардан өзіңе  қарай асырып.
Қайырмасы:
Табиғат тізген гауҺар сезімді  шуақтар –
Шыңдардың шырқау биігіндегі  бұлақтар.
Баба таулардың басында тұрып,
Батыл дос!
Әлемге жар сал,
Жүрегің аңсар жырды ақтар.
Көк аспан, Айға, Жұлдызға іңкәр Күнге ән сап,
Қол созып мәңгі табынар алып Тау таңға.
Ғашық жүректен шыңдарды құшқан, мұзды аңсап
Қазақтың рухын танимын шыққан тауларға!
Сынбасын сағың, өмірдің жағып шырағын,
Шырқау шыңдарға шаншылған биік шынарым.
Көңіл – қобыз үн,
Жүрек-домбыра – бұл әнім –
Өзіңе таққан, досым-ау, кие-тұмарым!
Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: