Алтай сұмынына сапар

Интернетке туған өлкенің суретін тіркеп өз ойларымды жазып жүргенімді көрген Алтай сұмын  Әкімі Айдос Хабайұлы Өлгей қалашығында   кезігіп-жуықта Алтайдың қыр-ойын аралаймын -Бірге жүре аласың ба? демесі барма?   Іздегенім көктеп табылып лезде келістім.

Бұл Алтайдан 3 батыр 12 еңбек сіңірген қайраткерлері туып шықан өлке жайлы айтар көп ақ. .Монголия қазақ тарихында Монголияға қазақтардың көшін бастап әкелген Жылқышының ақылшы ағасы болған бір туар тұлғамыз Көбеш батырдыңда қабірі осы өлкеде.Алтай сұмыны тарихқада  көне мұраларғада бай өлке ,қашанда баруға ынталы едім міне жолым түскені.

Көп кешікпей жас әкім  Алтай сұмынның  батыс шекарасында орналасқан Қызылқия тау-тасында мал бағып мекен ететін малшыларды аралап қал ауқалын білмеке сапарын бастап кетті.Фотоапыратымды сайлап мән жайды өз көзімен көрмеке менде отырмын әр неге зер сап.

Алтай сұмын малшылары көңілдері көтерңкі қыстан аман шығып келе  жатқандарына өздері дән риза.Сай-салаға қарда  қалың түсіпті оған ренжіп жүрген малшы қауым жоқ. Быйыл ылғал мол түседі шөп бітік өседі- деп долбарлап отыр.Қыр жонда қар ерте басып қалған жерлердің шөбі енді ашылып жатыр,ол таусылғанша көкте қылтыйып қалар дейді- малшы қауым.Ішін-ара ғана жұтқа ілікендер де баршылық әкім Х.Айдос барлығын  жазып тізіп алды.Алтай  сұмыны Сақсай өзенінің басында орналасқан Сай саланың бәрі өзен Алтай тауларының асты мұз тон қабатты өлке екен.Қысы суық жайлымды  қар басып қалатын жылдарда  көп болады екен.

Сұмын әкімдері ауыл үйге  кіріп кеткенде мен фотоапыратымды ала-сала тау жақын маңдағы тасқа жүгірем.Алтай сұмынның тауларында  3000 жылдық тарихы бар Көне заман адамдардың тасқа қалдырған таңба белгілер өте көп кезігеді екен. Әсіресе ру тайпалық таңбаларда ұшырасып жатыр.

Өкініштісі кейбір таңба белгі бар жерге қора салынып мал өрісіне айланған. Кейбір ұйдің іргесіндегі  таңба белгісі бар  тастарды көріп белгілеп суретке түсіріп алдық.

Таңбалы тас

Таңбалы тас

Бұл таңбалар бір Алтай сұмының меншігі емес жер бетіндегі алғашқы адамзаттан қалған мұра. Әлемдік дәрежелі қорғалар жәдігерер екен.Жергілікті әкімшілік  қандай бір жолмен қорғауға алыну керек екенін Алтай сұмын әкімшілігіне пікір алмасу барсында айттық. Әкім Айдос Хабайұлы  бұл мәдени мұраны қорғау жайлы жоспарымда бар,туризм саласына осы тастарды енгізіп үнемі өз бақылуымда болады деп жоспарлап отырмын- дейді.Алтай  сұмында Көк тұркілерден бізге қалған Балбатас аталған  кісі тастарда баршылық.Барып көргім ақ келіп еді  сай -саланы басып қалған омбы қар жолымызға бөгет болды.Мына жайтты естіп қынжылдым.Ертеректе өз орнынан қозғап сұмын түбіне біреудің алып келген тасын сонғы кезде зерттейміз -деп біреулердің аймаққа алып кеткені жайлы да  сөз болып халықаралық мәдени мұраларды қорғау заң  бойынша Қандай бір мәдени мұра өзі тұрған жерде сақталады -деген бабына сәйкес қолды болған көне жәдігерді тауып Алтай  сұмын қайтарып әкеп Сұмын түбіне орнату жайлыда жоспарлап отырмын -деді әкім Айдос.

Соның алғашқысы болсын деп Алтай сұмынның шеткері қытаймен шекаралас Қызылқия деген жерден өзінің сызық меңдерінің өзі көне түріктің руына жазуына ұқсас тас тауып алдықта Алтайдан орнына қозғалып қолды болып жүрген тастарды осында қайтарып әкелеміз- деп Алтай сұмын әкімшілігінің үйінің  алдына қадап қойдық.Бұл жұмысқа  туған өлкесінің әр бір тасына дейін бей-жай қарамайтын Құрылтай төрағасы Б.Семей өзі айналысатын болды.

Тау тасты сондағы малшы қауымда  аралап сұмын түбіне келгенде әкім Айдосқа құсбегілердің суретін жыйушы едім   Алтайдан бір құсбегінің суретін түсірсем -деп өітніш айтып едім.Бүгін алаңсыз дем ал таңертең тау басында құсбегілер болады -деп жауап берді.Алтай сұмын түбін аралап орталық кітапханаға кіріп шықтым.Меңгерушісі Бота Халымқызы айтуынша кітапханада  4500 тарта  кітап бар мектеп оқушылары  кітап оқуға көп келеді.Жаңа кітап жоқ.Газет,журнал бізге келмек тұғыр сатып алайық десең Баян-Өлгий орталығында  табылмай жүр -деп өз мәселелерін жеткізід.

Picture 555Таңертең сонғы үлгідегі тау тасты талғамай жүре беретін жапонның Ланды80 көлігін айдап Азамат келді.Бүркітшілер тау басына барып қойыпты сізді жеткіз деп  Әкім Айдос тапсырып еді дейді.Алтай сұмынының батыс жағында іргеде Қасқатас аталған тау бар екен Ланд80 көлгіміз тауға тіке өрледі.Тау басында шықанымызда  бір емес үш құсбегіні көрдім. Бұлар құсбегілігімен бір Алтай емес аймағымыз жұртына танымал болған Тұгелбай,Аманатай,Далайхан қатарлы  бүркітшілер екен.Тау басында  Алтайлық құсбегілерді армансыз фото суретке  түсіріп  қайттым. Баян-Өлгий аймағында құсбегілер тойында талай көріп жүрген бұл Алтайлық құсбегілердің ерекшеліктері көп -ақ соның бірі  қазақтың аң тері кимдерінің не бір түрін осы Алтайлық құсбегілерден көресіз және бір байқағаным бүркітіне не өздеріне орден медаль атаулына тақпайды қазақтың саят өнерін шен -шекпенмен бағалаудан көрі бабалардан келе жатқан қасиетті  мұраның  кіршіксіз таза дәстүрімен сақталуын қадағалайды.Осы қасиеттерімен басқаларға үлгі болса деп ойладым.Быйыл қарда қалың кун аралатып саятқада шығып турады екен.Сол  күні кешкісі құсбегі Түгелбай аға шаңырағына дәм ауыз тиуге шақырды .

Байқасам Түгелбай аға құсбегі ғана емес ағаш шеберіде,темірден түйін түйер қас шебердің  өзі Picture 160екен. Өзі істеген қамшының не бір түрі,жүген ноқта,күміс белбеу дейсіз бе?  Қолынан келмейтін іс жоқ сияқты.Мені қатты қызықтырғаны  ердің тоқымы сыйыр терісінен жан -жағына толтыра  өрнек оюды салып керемет әдемі  тоқым жасап жатыр екен суретке түсіріп алдым.Түгелбай аға бұл өнерін насихатап Астанамыз Ұланбатырғада неше қайтара барған екен төрінде куәлік ораден медалдары жарқырап тұр.

Айтапқшы осы жолы Алтайдың Қызылқияны  өңірін аралап жүріп үзіліп бүлінген ескі күміс  жүгенің жартысын тауып алдым.Істелу мәнері тым ескі үлгіде екен Қиялшыл көңілім бұл Оспан батырдың әскерлерінің бірінің немесе Көбеш батырдың заманындағы байлардың жүген болар деп үйіме әкеп өзім жыйатын мұрағаттарыны ішіне қостым.Бұлда Алтай сұмынынан осы сапарды ұмыттырмас  естелік болды.

Алтай сұмынына 3 күндік сапарым аяқталып Өлгийге қайттым.Алтайлықтарға алдағы ұзын сарыдан аман шығыуына тілектеспін. Жас әкім Айдос Хабайұлына жұмысына сәтілік тілеймін.Айытпақшы әкім Айдос жаздада ксені алдырып Алтайдың жазғы беинесінің суретін армансыз фотаға түсіртеиін деп еді… Күнде жаз тез болса екен деп тілеп жүрмін.))

Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

3 жауап

  1. ассалаумағалейкум құрметті туған жерімде мекендеп жатқан аға,бауыр,құда құдағый,жиендерім мен құрдастарым сіздерге сағынышты салем.мен осы қара бұтада туылғандықтан үнемі сағынып отырамын.алтайдын қасиетті топырағымен акем хабай,анам шаймарданның тәрбиесінің арқасында монгол елімнің шекерасын 25 жылдай қорғаған ардагер шекарашы,дайындықтағы под полковникпын.отаным тыныш,аспанымыз ашық,алтайым өркендей берсін.туыстарым Аман болсын қарағандыдан көбеш хабайұлы.

  2. («Алтайдың тауы да Алтын тасыда Алтын.
    Самалы Сарғобының қоңыр салқын.
    Кір жуып кіндім кескен туған өлке.
    Мекендеген Урианхай Қазақ сай-саласын»).

  3. шіркін ,туған жер ,жерлестер ,туған -туыс ағайын қандай ыстық бірге жүрген тамаша кездер, аман болыңыздар !!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: