Ұйғыр дегеніміз кімдер?

Егер кейбір деректерге сенетін болсақ ұйғыр деген Орталық Азияның дамуына зор үлес қосқан үлкен тайпа. Солай ма?

Қытай деректерінде гаогюй (үлкен дөңгелекті арбасы барлар) деп аталатын қырық құрау тайпалар туралы айтылады. Ұйғыр деген шағын топ солардың арасында бар. Тұрақты мекені жоқ «арбашылар» (5 ғасырдан бастап бұл тайпалар жылнамаларда солай аталған) ауа көшіп Оңтүстік–Шығыс Еуропаға қарай кетеді де Орталық Азия территориясында қалып қойғандарын түркі тайпалары «жұтып» қояды. Осы жерде «Жұтып қойғаны несі, ұйғырлар түркі тектес емес пе?»- деген орынды сұрақтың құлағы қылтияры анық. Бұл жағында күмән көп. Тіпті, Лев Гумилевтің өзі «Көне түркілер» атты еңбегінде «Когда в 688 г. уйгуры выступали против тюрок, за свою независимость, то они выставили всего 6 тыс. воинов»- деген мысал келтіреді де осы тайпаны қытай жылнамашыларының шектен тыс әсірелей суреттейтінін айтып кетеді. Асты сызылған сөйлем «Ұйғыр түркі тектес емес» – деп тұрғандай емес пе? Оның үстіне кескіндері де түркіден көрі парсылыққа келеді.

Батыс Түрік қағанатының билеушісі Шорын–қағанды мойындағысы келмей, бөліне қашқан арбашылар тау-тасты сағалай жүріп қол жинайды да кейіннен тоғыз-оғыз сапына енеді.  Бұл 7 ғасырдың басындағы құбылыстар. Түрік қағанаты құлаған соң барып қана «арбашылардың» таңы атады. Тоғыз-оғыздың тізгінін осы кезде ұйғыр тайпасын қолына алып, күш білеп шығады. Ұйғыр мемлекетін көксеушілер жиі сөз ететін Ұйғыр қағанаты Түркі қағанаттарынан көп кеш, 744-840 жылдар аралығында Орхон өзенінің бойында, яғни, Монғол жерінде болған. Астанасы – Орда-Балық. Небәрі 96 жыл тұрған мемлекеттің «ажалы» қырғыздардан келіп, күйреген қағанатты тастай қашқан ұйғырлардың бір бөлігі Шығыс Түркістанға қарай ауып келеді. Нәбиджан Тұрсын «867 жылы Ұйғыр  идықұты құрылып, 5 ғасыр, яғни,  1368 жылға дейін мызғымай тұрған» дейді. Осы шағын деректе қисынға келмейтін екі тұс бар: бірінші, ат төбеліндей аз қырғыздан қашып-босқан тайпалар, адуынды түркілердің тісін қағып, небары 27 жыл ішінде жаңа мемлекет құрып үлгерді дегенге сену қиын.  Екіншіден, 13 ғасырда жаһанды ат тұяғымен тітіркентіп, тұтас Еуразияны жаулап алған,  Бежіңге го-ван қойып, Қытайды тізерлеткен Шыңғыс қағанның ұйғырлар мемлекетін аман-есен қалдырды дегені тіптен… Турасын айтқанда сауданың күре жолы басып өтетін оазис өлкедегі  Тұрфан княздігі  сон-оу  7 ғасырда да болған,  17 ғасырға дейін нық тұрған.  9 ғасырда «Ұйғыр идиқұты» деген қосалқы аттың жамалуы босып келген халық санының күрт артуынан болса керек. Ал, ұйғыр мемлекеті құлады деген 1367 жыл  Моғолстан мемлекетінің билеушісінің  Қытай ықпалын тойтарып, өлкені өз қарамағына алғанымен байланысты. Одан кейінгі уақытта Тұрфан билеушілерін түгел Жетісуда орда тіккен, болашақта қазақ хандығының құрылуына жәрдемдескен   Моғолстан хандары тағайындап отырған. Нәбиджан Тұрсынның тарихты неге шолақ қайырғанын осыдан ұғуға болар. Бері жылжыса талай нәрсе ашылып қалмақ.   Азуы алты қарыс түркі тайпаларымен тұтым жер үшін тайталасып келе жатқан қытайлар үшін Тұрфан өңірінің маңызы ерекше болған. Тек 18 ғасырдың ортасында ғана қазақпен қырқысып, әлсіреген жоңғарларды қырып жүріп қайта  қол жеткізді Цин империясы. Жоғарыдағы мысалдардың барлығы, Тұрфан мемлекеті де Жоңғар хандығы  сынды Қытайды   қылышы өткір түркі тайпаларынан сақтайтын буферлік аймақ болғанын байқатады. Ал, түркілер әлсірегеннен кейін олардың еш қажеті болмай қалған.

Енді осы тайпаға зерделеп қарайық;

Ұйғыр атауы;

Гаогюй, ойхор /монғ/, ұйғыр /түркі/ , хой-ху, уху….. Тарихи деректерде осылай кездесетін тайпаның түбі моңғол болуы әбден мүмкін. Мәселен қытайда бұл халықты ойғыр-қалмақ дейтіндер бар екен. Ал қалмақ деген сөзді ата-бабаларымыз тек түбі моңғолдан шығатын тайпаларға ғана қолданған. Ой-хор деген «орман халқы» деген мағана береді деушілер бар. Олай болса Шыңғысхан туралы деректердегі отын, аң терісін, азық-түлік дайындаумен айналысқан  орман халықтары еріксіз еске түседі. Оның үстіне 5 жыл бұрын Қырғызстанның «24 кг.» ақпарат агенттігі Қырғыз Республикасы президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Асылбек Айдаралиевке сілтеме жасай отырып,  қырғыз, ұйғыр, дұңғанның молекулярлық-генетикалық тегі Америкада тексерілгелі жатқанын хабарлаған болатын. Айдаралиев өзінің тексеруден өткенін, мамандар түбің монғол деген жауап қайырғаны қуана жариялаған болатын. Және  ұйғыр мен дұңғанның да өз еліне туыс болып шығатынына сенетінін айтқан.

Ұйғырдың тілі:

Төрт топқа бөлінетін түркі тілдерінің тамырластығын бұлжытпас айғақ –сингормонизм, яғни бәрінің туыс екенін дәлелдейтін үндестік заңы бар. Бірақ осы айғақ неге екені белгісіз қарлұқ тобына жататын ұйғыр тілінен жоғалып кетіпті. Тіпті, арғы түрік тілінің тұтқасы саналатын, осы күні тілінен ажырады деген чуваштардың өзінде табиғат талабына сай, түбі бір бауырларымен үндесетін  жаңа үндестік заңы пайда болыпты. Ал,  ұйғырларда «ұйғыр ұмлауыты» деп аталатын тілдік ерекшелік бар.  Ол түркілердің сингормонизміне аса үйлеспейді. «Сан ғасырлық тарихымыз бар, хандығымыз болған» деп дабырайып жүрген ағайынның тілі неге өзгелерден соншалықты алшақтады екен? Тұрфан мемлекеті тұрған тұстағы қазбалардан көптеген жазулар табылған. Оны ғалымдар ұйғыр жазуы  атайды. Бірақ тілі түсініксіз. Тілдегі қазіргі кейбір  ұқсастық көп жылдық көршілестіктің ықпалды болуы да ғажап емес….

Ұйғырдың діні:

Орта ғасырларда ұйғыр халқы манихей ілімін ұстанғаны, бір бөлігі қытайлықтар ықпалымен пұтқа табынғаны тарихи ақиат.   Ттүркі әлемі Ислам дінін қабылдап жатқан сол кезеңде ұйғырлар пұтқа, Исаға табынушы болып қала берген. Қазіргі ұйғырлар өздерін қарлұқтарға қосарлайды. Қарахан мемлекетінің негізін де алаған солар-мыс. Бірақ, қарлұқ тайпасының 751 жылы Атлақ шайқасында миссионер арабтармен бірігіп қара қытайды талқандағаны тарихтан белгілі. Одан кейін Далаға Ислам өркениетінің тарауына жол ашылды.  Сонда Қарахандықтар мемлекетінің негізгі діңгегі болған қарлұқтар 8 ғасырда-ақ мұсылмандықты қабылдап, оларға қосарланып жүрген ұйғырлар 15 ғасырға дейін пұтқа табынғаны ма? Әйтеуір тарихтың осы бір жері үйлеспейді. Әлде ұйғыр тарихын жазушылар бірдеңені шатастырып алды ма екен?

Бұның бәрін неге тәптіштеп отыр дейсіз ғой. Жетісу деген жұмақ жерде таза түркілер, оның ішінде  қазақтан басқа ешкімнін жеті атасының сүйегі жатпағанын дәлелдеп отырмын. «Қағанат құрған тайпаның тұқымымыз, мұрагерлік мүддемізді сақтаңдар» дейтін баз біреулер Жетісуды картамен сызып, «ұйғыр жері» деп өз бауырларының көңілін нілдей бұзып жүр. Тіпті ақсақалдарының тәк-тәгіне бой бермей үдеп барады. Көшеде көйлегіне, көлігіне айы бар көк ту жапсырып алған жастар көбейді. Бұл қоғамға оң ықпал етіп жатпағаны анық.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: