Күн жылынып Хобда өзен еруде.


Баян- Өлгийдегі Наурыз-2012


Жанарбек Ақыбиұлы «Баян- Өлгийдегі Наурыз-2012»

(Сурет баян)

Наурыз мерекесі 2012 жылы Наурыздың 22 куні тойланып өтті.Бұл күні Монгол елі Наурыз тойлатушы Қазақ ұлтына бір кундік ресми  турде демалыс берген.Быйылғы Наурызға ҰҚ төрағасы (МУИХ-ын дарга)Д.Дэмбэрэл астанамыздан арнайы келіп.Баян-Өлгийлік халықты құттықтап өзіде елмен бірге тойлатты.Д.Дэмбэрэл мырза Наурыз мейрамына орай Баян-Өлгийліктердің еңбегі елеулі біраз жанды үкіметтік жоғарғы сыйлықтармен марапаттады. Тойларына келген сыйлы қонаққа Баян-Өлгийліктер шапан  кигізіп, ат мінгізді. Наурыз Баян-Өлгийде салтанаты түрде думандатып өткізілді.

Оқуды жалғастыру

«Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуді Маршал Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!»- деп кетіпті Д.Жеңісхан.


1940 жылы Баян-Өлгий аймағын   өз қолымен орнатқан алғашқы тұлғалардың  біріде бірегейі   Д.Жеңісхан  1968 жылы еңбек  демалысына кеткенімен.Артында елін  басқарып отырған жастарға не бір ұлағатты әңгімелерімен ұлтын халқын сүйуді және   халқының ерен ерекшеліктерін жастардың құлағына  құйып аманаттағанын Оқуды жалғастыру

Монгол қорғаныс министирі Л.Болды:Қазақтың Ұлтық құндылықтарын көздің қарашығындай қорғаймыз.


Баян-Өлгийде. Ойбай! Әскери батолион орнатып жатыр қазақтар Атамекеніне көше бастағаннан кейін сенуден қалып,сақтық істеп жатқаны ғой -деген гу-гу әңгіме шыққаны біраз болған еді .
Оның бір себебі Монголия қазақтарының Баян-Өлгий аймағы болып орнауының 70 жылдық торқылы тойы кезінде Өлгейге кіріп келген соғыс танкілері бастаған суық әскери техникаларын көрген халықтың көңілінде реніш пайда болған еді.

Жуықта ақпаның ортасында осы батолионның ресми туын Қорғаныс минстирі Л.Болды мен монгол парламентінің 6 мүшесі Баян-Өлгеиге келіп Баян-Өлгийдің орталық алаңында ресми турде туды жергілікті орталық бөлімге ашық табыс етті.

Артынша Ұланбатырдан келген қорғаныс министрі мен 6 парламен мүшелері Баян-Өлгий халқымен жүздесіп жыйналыс өткізді.Жиналыс негізі сурақ жауап түрінде өтті.
Баян-Өлгий жұртшылығы тура қорғаныс министирі Л.Болдыға қарата сурақтарын бірінен кеиін бірі қарша жаудырды.

-Баян-Өлгийлік қазақтар мен Монгол ағайындар еш қашан ұлттық мәселеге байланысты мәселе шығарып көрген жоқ. Баян-Өлгий 70 жылдық тарихында ондай мәселе де тіркелмепті.Сонда соғыс батолионының Өлгийге қажеті қанша ?-деген сурақтар жаудырды.
Тіпті кейбір сөз алған шешендер .
Өлгей қазақтарына алғаш Боғды хан жер беріп қоныстандырғанын мақтан тұтамыз,
1940 жылы Х.Чойбалсан қазақ аймағын өзі құрып бергенін мақтан тұтамыз,
Жапония Монголға соғыс ашып басып кіргенде отанын қорғап мерт болған қазақтан шыққан түнғыш батыр Ікейді мақтан тұтамыз.
Қазақ-қазақ деп ала бөтен қарамай бейбіт өмір суріп жатқан халыққа ағайын сіздерді мақтан тұтамыз.Осы бір береке бірлігімізге сызат түсіруге тырысып жүрген арамзаларды тисаңыздар екен- дегендіде шегелеп турып айтып өтті.

Бұны естіп қызып кеткен монгол парламентінде отырған Х.Жекей генерал сөз алып ондай әңгіменің жоқ екенін, бұл қауесет өсек екені айтып,қазір әлемнің 40 мемлекетінде қазақтар өмір сүріп отыр .Солардың ішінде монголдағы ағайында ұлттық құндылықтарын байырғы қалпында сақтап отыр.Бұл монголдардың бізге деген көз қарасының жақсы екенінің айғағы.Тіпті көшем дегендеріңе рұқсат берсе ,қайтіп келгендеріңе шамасынша көмектесіп жатыр. Бұдан артық қайтеді енді.Артық сөз өзімізді ұятқа қалдырады әр нені байыптап айту керектігін айтса.

Монгол парламентінде отырған 3 қазақтың бірі А.Тілейхан бұндай бос әңгімені қойу керектігін,парламентте және монголдың жоғырғы биліктегілердің қай-қайсымен күнделікті кезігіп жүрсекте бұндай әңгіме шығармағанын түсіндіріп өтті.
Бұл әскери батолионның еш бір саяси партияға да қатысы жоқ жоғарғы 6 министірліктен рұхсатын алған ел экономикасын көтеруге пайдалы жақтары көп екені түсіндірді.

Бұлардан кейін сөз алған Қорғаныс министірі Л.Болды
Біз еш қашан қазақпен монголдың арасына сызат түсірейік-деген оймыз жоқ.Тіпті ондай ниетімізде болған емес .Бұл батолионның жалғыз сіздердің Баян-Өлгийде орнап жатқан жоқ монголдың ең батысы Дорнотда және ел ортасы Баян-хонгырда сонымен бірге ең батысы сіздерде орнап жатыр.
Ең негізгі мақсаты елмізідің қорғау сонымен бірге еліміздің барлық байлығын қорғау мақсатында орнап жатыр.
Монгол елінің ең негізгі байлығыда мақтанышы монголдағы барлық қазақ сіздерсіздер, біз сіздердің бабаларыңыздан жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарыңызды,таза сақтаған тілдеріңізді, діндеріңізді әліде көзіміздің қарашығындай қорғап жақсы өмір сүрулеріңізді қамтамасыз ететін боламыз.
Сіздер біздің ең ұлы байлығымызда, мақтанышымызсыздар (залда шапалақ соғылды)
Монгол қорғаныс мистрінде 112 дей қазақ азаматтар жұмыстайды,Олар біздің мақтанышымыз. Әліде маманы бойынша азаматтарды жұмысқа ілестіреміз.
Монгол елі сырт елден 3 миллион жұмысшы алып жұмыстатар мүмкіндігі бар.Бірақ қандай бір жағдайда елімізді олар қорғай алмайды. Біз өз жерімізді өзіміз қорғауымыз керек .Сондықтан бұл батолионның келешегі зор- деп ойлаймын.
Және біз қорғаныс министирі тарапынан еліміздегі жұмыссыз адамдарға үй салып беру, жол салу деген секілді т/б шаруаларды атқарсақ деген бағдарлама іске қоспақшымыз.
Сондықтан бұл батолионға әскери құрылыс саласында маманды адамдар тартып жұмыстататын боламыз.Бізге маманды құжатарыңызды келтіріңіздер жұмыссыздар санын азайтуға қолымыздан келгенше күш саламыз- деп сөзін аяқтады.
Ал қорғаныс министірінің орынбасары С.Бямбжав
Қорғаныс министіріне қарайтын әскери 340 батолионды Баян –Өлгий орталығында орнату.Монголдар Шпи деп атайды яғный Қарияларды асырап қорғау,жағдайсыз адамдарға қол үшін беру .
Және Баян-Өлгийдегі жұмыссыздар санын азайтып жұмыспен қанымдау істерін қолға алмақпыз-деп өз түсіндірмелерін айтты.
Жанарбек Ақыбиұлы

Директор куиініп отыр


Баян-Өлгей аймақтық музыкалық Драма театр жайлы жазшы деген көп тілектер айта берген соң .Директорының дардай атағы бар театрдың жұтаған шатағы бар ұжым әкімінің конторына бардым.Есік алдында кезек алып мен тұрмын .Бірісіне айғайлап, бірісіне ойбайлап кей бірісіне қарқылдап күліп кеңесіп әйтеу жылдамдатып келгендерді шығарып жатты.Жуан даусын естіп кутіп мен отырмын.Кезегім кеп мен кіре беріп едім – мына хат аймақ әкімінен кепті бере салайын сәл тосыңыз деген соң жарайды деп хатшы қызды кіргізіп жіберіп, тағы тостым.Хатшы қыз жылдам шықты мен кіріп барсам әгі хатшы қыздың аймақ әкімшілігінен келген әкімнің бұйрығын оқып отыр.Оқып отыр шыдай алмай кәдімгі боқтықты жіберіп есіп отыр.
-Өнердің не екенін білмейтін сауатсыздар -деп күйініп отыр.Күйініп отыр ашуы басына шауып шыйрығып алдындағы бұйрыққа түйіліп отыр..Мені күнде көріп жүргендей- қарашы мына ақмақтарды- дейді .
Сасып қалған мен не болды дедім.
Театрдың әртістерді тәртіп бұзып әгі жаман суды ішіп қойды не бір жерге көрсетпей тышып қойған шығар- деп ойлап үлгердім.
Қолындағы қағазды түртіп-түртіп жібереді, Әлі күйініп сөйлеп жатыр.-Мен тірі тұрғанда қазақ оркестірінің қанын былғатпаймын- дейді.Сүйтсем Аймақ әкімі музыкалық драма қазақ оркестіріне монголдың ұлттық музыка аспабы Моринхурды қосыңдар деп бұйрық жіберіпті.
Директордың аймақ әкімінің дәл өзінен кейінгінің бәрі бәрісіне телефон соғып бір бірлеп боқтап шықты.Мән жайды білген мен отырмын креслода керіле шіреніп.Ішімнен өздеріне сол керек- деп қойам.Әсіресе қазақи боқтықты мәнермен айтқан директордың тамаша жуан даусын сүйсініп тыңдадым.
Енді театрдың шаруасына араласқан облыс әкімінеде жалғап боқтайтын шығар- деп едім.Телефонды қойа сап маған қарады.Әгінің бәрін ұмытып 2 сағат кеңесіп кеттік.. Бүрсігүні тағы келетін боп келісіп кеттім. Кетіп бара жатып театрдың сыртына қарап едім,- әгі тамаша боқтықтың құлағымда еміс-еміс жағырығы үзіліп естілгендей болды.

Жұт жеті ағайынды


Баян-Өлгей аймағының Сақсай сұмынында(аудан) Қодыр бөкен тауында қыстап отырған қойшы Жамсырын Дүйсебайұлының қой-ешкі қамаған қорасына қасқыр түсіп 600 басты малдың 120-сын қырып кетті.Алпыстай қой ешкі жаралы.

Нақты мән жай былай болыпты. Өткен жылдың желтоқсан айының 20-сында қатты жел соғып,қарлы бұрқасын үш күнге ұласқан .Қарлы бұрқақтың алғашқы күнін пайдаланған әккі қасқыр қораға саңылау тауып секіріп кірген.Қасқырдан тумысында қорқатын мал қораны айлана жапырыла қашқан. Қасқыр аузы қойдың қай жеріне тисе сол жерін ойып жұлып қыра берген.

Қасқыр бауыздап кеткен қой

Қасқыр бауыздап кеткен қой

Шошынған мал қораның есігін жұлып жарып шығып әр бірі жан- жаққа быт-шыт бас сауғалап тайып тұрған.Қораның төңірегі тау мен шағыл тастар болғандықтан кей бір мал шошығаны сондай тас шағылдардың басына шығып етекке секіріп құлап өлген.Тіпті жақын маңдағы тастардың түбіне жеткен кейбір қойлар сол тығылып,бұғып жатқан қалпы қатты қорыққандықтан жүректері жарылып өліпті.Еш жерінде жарақат жоқ.Таудағы тасқа аяғы жеткен ешкілер қасқырды маңына жолатпаған секілді біразы аман қалыпты.Таңертең малын қорадан өріске шығармақ болып барған қойшының жұбайы Майрагүлдің ойбай салған дабылымен қатар отырған ағалы інілі қойшы Жамсырын, Бердімураттар атқа қонып,әр таудың жота сайындағы,тас шағыладарда қасқырдан қашып тығылған малдарын жыйуға кіріседі.Екі күн-түн ұйықтамай жан таласқан қойшылардың ит тірлігінің арқасында қасқырдан аман қалған 400 ден астам қой ешкісін әр жерден жыйып алыпты.Өлген 120 малдың бар болғаны қасқырлар екі қойды ғана тауысып жепті қалғанын бауыздап қыра берген.

«Қайрлы шығын болсынды» айтып іздеп барып қойшы Жамсырын Дүйсебайұлын әңгімеге тартқанымда;

1988 жылы бас құрап жеке отау болысымен жұбайымыз екеміз келісіп 30 басты малмен қырға мал бағуға шыққан едім .Содан бері мал соңында жүрміз. Бейнеттіңде зейнеті бар .Осы малдың арқасында жеті баламның екеуін Айгүл, Айгерімдерді өз қалауларымен университетте оқытып алдым,екеуіде тұрмыс құрды ,қазір Тілеубек пен Айжаным университет студенттері , Жыл сайын төлемін салып оқытып жатырмын.Енді Айболат бастаған 3 балам Сақсай ауданында оқушы, жеке өздеріне үй салып бергем сонда мектеп оқушылары дейді.Қалған малды не жұт не қасқыр қырғанға деиін бағып балаларымның игілігіне жұмсаймын ғой деп сөзін сабақтады шопан аға.

Қойшының ұрпағы үшінгі жан қыйарлық еңбегін ойлап -Аға мына қасқардың қордығын- ай десек
-Қарғадарым «Өліп өскен мал жақысы,Өлмей өскен бас жақсы».Тірлігің осы болған соң жақсы жаманның бәріне шүкіршілік айту керек дейді- шопан.
Жергілікті Сақсай аудан әкімшілігінен арнайы уәкілдер келіп көріп қонақ жіліктерін астырып жеп қайрлы шығын болсын айтып кетіпті.

Сонда өкіметіңіз қырылған малыңызды жарым жартылап төлеп берер мүмкіндігі барма десек. Әр малға жеке-жеке куәлік қозғалтып қауіптен сақтандыру істелініп,белгілі мөлшерде салық төлеген болсаңыз укіметтің заңымен қырылған малымызды төлеп береді екен. Біз 600 басты малдың қайсысын қасқырға жегізетінімізді білмедік қой содан сақтандыру жасаған жоқ едік-деп әнгімесін әзілмен аяқтады қойшы.

Қазір қорада қасқыр тамақтап кеткеннен,арқа терісін,құйрығын жұлып кеткен және әр жерінен жараланған 60-тан астам қойды шопанның жұбайы Майрагул егіп өздерінше емдеп жатыр екен.Мына қыстың түрі мынау жараланған малды қойып тірі малдың қаншасы жұтта қарылатынын ойлағанда.Қойшының істеп жүрген ит тірлік еңбегіне қарап,қарадай ішім мұздап қоя берді.
Жанарбек Ақыбиұлы

Жылдың ұздік блогкерлері


2010 жылы 30-желтоқсанда Көкбөрі блогы Баян-Өлгий аймағында блог ашып жазба тіркеп жүрген оқушы,балалардың блогтарына орын иелендіріп жүлде үлестіріліп қаржылай сыйлық табыс етілді.Бұл байқаудың мақсаты оқушылардың өз ойларын еркін айтуға және қазақ тілінде дұрыс жазумен бірге ғаламтор әлемін жеттік білулеріне азда болса ынтаналдыру мақсатында жүрілді.Болашақта блогшылар саны көбеиген сайын әр турлі бағытта байқау жүргізу жоспарладық.Сонымен барыс жылының үздік блогкер балалардың блогы:
1-орынға Сұнқар блогы.
2- орынға Нурбек блогы .
3-орынға Лашын блогы лайық деп таңдалып блог иелеріне қаржылай сыйлығы табыс етілді.
Тағыда жалғасты Баян-Өлгий аймағының Блогшы оқушылар арасында жүлде болатындығын блогшыларға хабарланып әр маусым сайын үздік блогкерді анықтап отыру жөн деп шештік.

Көкбөрі блогы

Шолтай ұстаз


Шолтай Сәбетұлы

Шолтай Сәбетұлы

Көзін ашпақ болып қалың наданның,
Қасиетін танытып кітап,ғаламның.
Көрсетіп білім,шырақ арайын ,
Бірі болды мектеп ашқан адамның..

Монғолия қазақтарының алғашқы жаңа заман ұстаздары еңбек жолдарын жапалы қиыннан бастаған екен,бергісін айтқанда мектеп құрлысын қойып оқу-құрал да жоқ,Ең бастысы жергілікті қазақтар тым жақсы көңілмен түсінушілікпен қабыл ала қоймағандар да болыпты.Сол кездегі қазақтар «Бүгін орыстың жазуын үйретсе, ертең дінін үйретеді» -деп азғындаудың алдын алмақ болған секемшіл қазағым Монғолдың Қобда бетін тыстап шекара асып Қытайға көшкен қайғылы тариқ орын алғаны жайлы Шолтай аға туралы материал іздестіру барсында кездесоқ естідім.Қашқан ауылды тоқтатам деп әскери күш талай қазақты шекарада атып тастағанын көнекөздер айтқанмен сол кезде түгендеп статистикаға кім тіркепті.Бұл жайлы естіп сол көштің сүрлеуімен іздестіріп жүріп өтіп біраз жайға қанық болдым.Осындай қиын кезде өз ұлтын, өз халқын не бір қиындыққа қарамай сауатын ашқан ұстаздардың бірі Шолай ұстаз.Ауылдың ұлтжандыда өр көкірек жігіттері Шолтайды ұстаздығы ұшін өлтірмекші де болған,Бір-біріне ара түсіп жүріп жаны да қалған.Сонда да ағартушылық жұмысын тастамаған. Ақыры өз мақсатын асқар тауға балай білген Шөкең бар ғумыран Өлгей қазақтарын оқытыуға арнаған ұстаздардың бірісіде бірегеиі.Бүгіндері тарихта аты алтын әріппен жазылған Өлгей қазағының мақтанышына айналған даңқты ұстаз.
Пақырлар-ай заманың курт өзгерерін қайдан білсін.Шолтай ата монгол елі қазақты қамқорлығына алып ел қылып бұл қоғамды бірлікте құратынына сенді,өзі бар ғумырын арнады.Сол кезде осы заманда болжай алмағандар көп сенделіп қыйналып тіпті біреулердің көзі жетіп өмірден көреде де,тіпті сезеде алмай өткен заман-ай деші.

Шолтай мұғалім есімін еңкейген кәріден еңбектеген жасқа дейін біледі десек артық болмас.Керей қазақтарын білім нәрімен сусындатуға бар ғұмырын арнаған қарапайым да қарымды ұстаз Шолтай Себетұлы 1910 жылы Улаанхус сұмыны Көктөбе деген жерде туылған. Ата-анасы кедей адамдар болған соң, басқалардың малын бағатын.Шокең 10 жасында молда Ахмет деген адамнан төте жазу, 11-12 жасында монгол Дүгэрээ деген кісіден ескі монгол жазуын үйренеді.1924 жылы орнаған Хошуун бастауыш мектебіне оқуға кіреді.1926 жылы Улаанхус сұмынындағы жүн мойкеден (қойдың жүніні жуатын орталық)еңбек жолын бастаған.1932-34 жылдары Москвада Шығыс Университетінде (КУТВ) 2 жыл «Өте жақсы»бағамен оқып, бітіреді.Орыс тілін жақсы білетін,ескі қазақша, монголша жазуларды еркін меңгерген.Дэлүүн,Толбо,Улаанхус сумындарының (аудандарында)бастауыш мектептерін орнатып, әкімдігін атқарды.1940 жылы педтехникумның әкімі болды.1941 жылы қалалық бастауыш мектептің әкімі болды. Шолтай мұғалім 1940-60 жылға дейін 20 жыл 1-10 жылдықта әкімдік, ұстаздық етті.1962 жылы Ойғыр сүмынында жаңа бастауыш мектеп ашу жұмысын партия Шокеңе сеніп тапсырды.Осы мектептің әкімі етіп бекітті. Өмірінің ақырына дейін сонда еңбек етті. 1-10 жылдықта да, басқа мектептерде де, Ойғырда да мектеп ашу оңай болған жоқ, Арнаулы құрылысы, оқу бағдарламасы, материалдық базасы, тіпті ұстаздары да жеткіліксіз жерден жаңа мектеп ұйымдастыру тек Шолтай мұғалім сияқты қажырлы да табанды, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие жандардың қолынан келетін іс еді.Оқу үйлерін мұғалім, жұмысшы, оқушылардың жар құлағы жастыққа тимей еңбектеніп, субботник жасап соққан кірпіштерімен салғызды.Отын-су, тамақ. басқа керек- жарақты ата-аналармен қоян-қолтық жұмыстау арқылы қанымдап отырды. Әрине, мұның бәрі оңайшылықпен қолға келген жоқ. Шолтай мұғалімнің адамдармен тіл табыса білгендігінің, өзін де өзгені де аямай жұмыстай білгенінің арқасы. Басшылықпен бірге ұстаздықты да өте жоғары дәрежеде алып жүрді.Сан мыңдаған керей қазағын білім нәрімен сусындатты.Шолтай мұғалімнің елге танымал көптеген шәкірттерінен Халық жазушысы «Мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер», жазушы, ақын С.Мағауия, революциялық күрестің аға қайраткерлері М.Қашқынбай, Шакен, Еңбек сіңірген ұстаздар-Ү.Ақтышқан, Б.Құрметбек, Еңбек Ерлері- Зайтен, Х.Солтандарды атасақ та жеткілікті. Ұстаздың ұзақ жылдарғы қажырлы да жемісті еңбегін бағалап 1960 жылы «Монголияның Еңбек сіңірген ұстазы»атағын берді.Бұл Монголия қазақтарынан осындай атақты алған алғашқы адам болды. Ал 1971 жылы «Революцияллық күрестің аға қайраткері» атағымен сыйлады.Сондай-ақ «Еңбек қызыл ту» орденімен 1 рет, «Алтын жұлдыз» орденімен 2 рет, басқа да мерекелік медаль,сыйлықтармен марапатталды.Өзі өмірінің соңына дейін еңбек еткен Ойғыр 8 жылдық мектебіне1996 жылы үкімет орнының №234 қаулысы бойынша С.Шолтай есімі берілді.Осылайша ұстаздың еңбегі ақталып,есімі ұрпақтар есінде жаңғырды.Шолтай мұғалімнің ізін жалғастырған қыздары әкелері жумыстаған мектепте Ш.Марияш,Ш.Күлияш мұғалімдер де 1-10 жылдықта көп жылдар бойы жемісті еңбек етті.Ал ұлы Ш.Қанат қазір Баян-Өлгий аймағында салық саласында еңбек етіп жүр,женгеміз дәрігер.Шолтай ұстаз жайлы материал жыиып Қанатты ағаны іздеп барғанымда,сонау 1940 жылдардың басанда Шолтай ұстаздың өз қолымен салған қазақтың кигіз үиі секілді қабарғасы керпіш төбесі темір жалпы пішім кигіз уиге уқсас уиді көрсетті -міне аталарыңның алғашқы мектебі деп,соңында,ұстаздар конторы,балалар жатағы болған,тіпті бертінге деиін 1- мектеп бұны пайдаланған деиді.Мен бүл шағын уидің суретін тусіріп кітаптарға кіргіздірттім.Бүгіндері Шолтай ұстаз жайлы айтылса қажырлы еңбек қайсар мінезді өз халқын біліммен ағарту жолында қанаты талмай қызмет еткен еңбектері де айтылып жазылмағандарыда әліде ұшан теңіз.Өз заманында сазгер М.Ақыбидың *Ұстазыма* атты өлеңі осындай аға ұстаздарға арналған шығар деген бір ой келгенде санама ән сөзіде орала тұсті.
Үніңнен қаз даусындай баяулаған,
Көңіліме сөнбейтіндей арайлаған.
Бейнеңді жүрегіме ұялатқан,
Ұстазым өзіңсің бір аяулы адам.
Сөнбес нұр қалдырған,
сен неткен суйікті ең,
Өтемін алдыңнан
Басамыд иіп мен…

Егер әр пенденің жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!*Шолтай ұстаз еңбегі* аяулыда қадірлі,мәнгілік ізгіліктің арайлы таңындай нұрланады.
Жанарбек Ақыбиұлы

Ікей атындағы 1- мектеп 70 жыл


70 жылдық той қарсаңда

70 жылдық той қарсаңда

Баян-Өлгий аймағымен қатар ірге көтеріп,аймақ халқының рухани көзін ашып,көкірегін оятуға өлшеусіз үлес қосқан қасиетті қара шаңырақ Өлгий сұмыны 1-аға мектебінің 70 жылдық мерейлі мерекесі қыркүйектің 15-17 арасында аталып өтті.Елімізге танымал талай тарлан қазақ зиялыла-рының ұшқан ұясы, білім бесігі бұл мектептің тағылымға толы 70 жылдық тарихы –тұнып тұрған шежіре, тәлім мен тәрбие.Алғаш педтехникум деген атпен 1940 жылы қыркүйекте, одан қарашада педтехникум базасында «Қалалық бастауыш мектеп» деген атпен 12 киіз үймен ірге тасы қаланып, білімнің алғашқы шырағын жақты. Педтехникум директоры «Монголияға Еңбек сіңірген мұғалім» атағын еліміз қазақтары ішінен тұңғыш алған Себет ұлы Шолтай болса, «Қалалық бастауыш мектептің» әкімі Ғашық Асубайұлы болды.Педтехникумда 60 оқушы оқыса, бастауыш мектепте 75 оқушы 3 сыныпта оқыды.Мектептің оқу ісінің алғашқы меңгерушісі Қазақстандық Жапар Тіналин, завхоз Ұранбай болды.Шолтай, Ғашық, Бөкі, Мүпти, Ғайша, Мұхтар, Рашида қатарлы 7 мұғалім сабақ берді.Сабақ латын әліпбиімен жүрілді.1940-41 алғашқы оқу жылының аяғында пед-техникумның 3-курсын бір жыл ғана оқып бітірген 17 оқушы аймақ мектептеріне мұғалімдікке бөлінді.1941 жылы қарашада 5 бөлмелі ағаш үй іске беріліп,балалар ыстық үйде сабақ істей баста-ды.1941-42 оқу жылында педтехникум мен бастауыш мектепте 110 оқушы білім алды.Бұрынғы ұстаздармен бірге Жәміш, Жапар, Төлеубай, Тілеуберді(Қазақстандықтар ) ,Рыстан,Қабдыраш, Әнуарбек мұғалімдер сабақ үйретті.Сабақ кирилл әрпімен жүріліп, оны үйретуге Қазақстандық ұстаздар ерекше үлес қосты.Бұл жылғы бастауыш әкімі Ж.Рыстан еді.Педтехникумды 20 адам бітірді.1942-43 оқу жылында педтехникум мен бастауыш мектеп бірігіп 7 жылдық мектеп болып ұйымдастырылды.6 сыныпта 150 оқушы, 10 мұғалім сабақ істеді. 11 бөлмелі оқу үйінің бітіп іске қосылуына ағаш шеберлері Арын, Сәйділдердің еңбегі зор болды.Асхана үйі қоса салынып, аспаз Мақай жұмыстады.Осы жылы 7 жылдық қасынан қыздар курсы ашылып, 30-дан аса қыз бітіріп, қоғамдық іске араласты.Алғашқы 7-сыныпты 12 оқушы тауысып, үздік бітірген Р.Жапархан, Ж.Әпенді,Б.Кәбди,Н.Базыкей, Ә.Кәлмік, Б.Боқыбай, Қ.Жабақтар ҚазПИ-ге оқуға аттанды. Осы-лайша мектептің іс-қызметі біршама жолға қойылды.Ал 1949-50 оқу жылында 7 жылдық мектепті 10 жылдық толық орта мектеп болғызып өзгертті.10 жылдықтың әкімін С.Шолтай, оқу ісінің меңгерушісін Р.Жапархан, шаруашылық директорын Б.Боқыбай атқарды.Бұл жылы мектепте 602 оқушы ,31 мұғалім, 26 сынып болды.Алғашқы 8-сыныпқа 46 бала қабылданып, қазақ, монгол 2 сыныпқа бөлінді.Бұлар тұңғыш 10- сынып болып, 1952 жылы мектепті абыроймен тамамдады. Алғашқы 10-ны Сейтхали,Құмар,Асылбек, Қизаттар үздік бітірді.1971 жылы 50 жылдық мерекеге орай, жас ұрпақты білім мен өнерге баулудағы зор табыстарын үкіметіміз жоғары бағалап, «Алтын жұлдыз» орденімен сыйлады.Сондай-ақ Монгол Елінің Батыры Мәзім ұлы Ікейдің аты беріліп, «Клиникалық мектеп» атағына ие болды.Міне, осылай қиындығы мен қызығы мол 70жыл бойы халық балаларына саналы білім, сапалы тәрбие берген мектебіміз өзінің мерейтойын толайым табыстармен атап өтуге үлкен мән берді. «70 жылдыққа 70 жасампаз іс» деген атпен бір жылдық жұмыс бағдарламасы жасалып, көптеген істер істелді.Сыныптар мен мектептің іші-сырты біршама жөнделді.Е.Айгүл мұғалім мектептің тарихи музейін жаңалап жабдықтаса, пән бірлестіктері таныстыру альбомдарын дайындады.Мектептің эмблемасы жаса-лып,әнұраны жазылды.Қ.Айгүл мұғалім «Киелі қара шаңырақ» атты тарихнама кітап жазып шықса Жанарбек Ақыбиұлы жаратылыс таныу пәні бойынша жеке албомды сурет кітабын жазып дайындап шығарды..Аға ұстаздармен кездесулер ұйымдастырылды.Ұжымның әр мүшесі еңбек пен оқудағы еселі табысын мерейтойға арнады.Мерекелі оқу жылында мектеп әкімін Қ.Ерқуат, оқу менеджер-лерін Т.Бөкей, Ш.Гүлзада, Ә.Алтынай, Аз.Еркегүлдер атқарса, әлеуметтік қызметкер болып Р.Лена жұмыстады.77 мұғалім,33 техникалық қызметкер еңбек етіп, 42 сыныпта 1281 оқушы оқыды.Жалпы мектебіміздің 70 жылдық тарихында сан ондаған мың шәкірт білім нәрімен сусындап,400-ден астам ұстаз білім игертіпті.Мектебімізді 23 әкім басқарса, оқу және тәрбие ісінің меңгерушілерін 50-дей,партия мен жастар ұясының хатшысы және пионервожатыйын 40-тан аса, шаруашылық директорын 13 адам абыроймен атқарған екен.8 кітапханашы, 13 санитар мен дәрігер, 12 есепші, 10 кілтші, 100-ден астам даяшы қызметкер еңбектеніпті.Бұлардың барлығы да еселі еңбек, озат оқу, өнегелі тәрбиесімен тарихымызды жазысқандар екені даусыз.Мектебіміз түлектерінен 1 Еңбек Ері, 3 Мемлекеттік сыйлық иегері , 3 Халық қайраткері, 2 академик, 35 «Еңбек сіңірген қызметкер», 6 доктор-профессор, 50-дей ғылым кандидаты, Ұлы Хурал(парламент) мүшелерінің және аймақ басшыларының барлығы дерлік,1 халық аралық шебер,43 спорт шебері мен спорт шеберіне кандидат, жүздеген салалық озат қызметкер тәрізді талай-талай елімізге танымал ғалым, басшы, саясаткер, қоғам қайраткерлері, бизнесмендер туып шығыпты.Бұлар жалаң цифрлар ғана емес,оның астарында мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттерінің баға жетпес еңбегінің ізі жатыр.
Осындай жемісті де жеңісті 70 жылдық мерейтойдың беташарын 15-16 қыркүйекте жүріліп өткен спорттық бәсекелер ашты.Негізгі мерекелік шаралар 17 қыркүйекте өтті.Мектеп ауласы әсем безендіріліп,көңілді музыка көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.Оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер, ата-аналар, түлектеріміз бен аға буын зейнеткер ұстаздар салтанатқа жиналды. Мектеп туы салтанатты шерумен ортаға орналастырылып, еліміз бен мектебіміз әнұраны орындал-ды. Ікей батыр көшесіне гүл қойылып, тағзым етілді. Мектеп әкімі көпшілікті мерекемен құттық-таса, алғашқы 10-сынып бітіруші, «Еңбек Сіңірген мал дәрігері» Шабдан ағай, қарт ұстаздар Хожанияз, Қатира, Әкіремхан қатарлы көптеген адамдар құттықтау лебіздерін жеткізді. Осы сәттегі тағы бір ерекше оқиға мектебімізде 40-тан астам жыл табысты еңбек еткен белгілі ұстаз Шынуар Шәңкішбайұлының ескерткіш тақтасының ашылуы болды.Марқұмның бауыры, мектебіміздің түлегі, «Өнеркәсіп саласының еңбек сіңірген қызметкері» Ш.Жүкей Шікеңнің өмір жолымен қысқаша таныстырып, ағайын-туыстары мен аймақтың ресми өкілдері ескерткіш тақтаны ашты.Шашулар шашылды. Салтанатты шараны мектептің тарихи музейінің ашылуы жалғастырды.Лента қиылып,қонақтар музейді тамашалап, бір сәт өткен күндермен сырласқандай болды.Аймақтық музыкалық драма театрда жалғасқан мерекелік жиынға Ұлы Құрылтай мүшесі Қ.Бәделхан, аймақ және Өлгий сұмын басшылары, ұйым-мекеме өкілдері, ұстаз-жұмысшылар, көпшілік қауым, оқушылар қатысты.Құттықтаулар жеткізіліп, естелік лебіздер айтылды..Аймақ әкімінің грамотасы, Аймақ әкімі іс басқару орнының марапаты, балалар және жастар ұйымдарының, мұғалімдер одағының, Өлгий сұмын әкімінің т.б. ұйым- мекемелердің марпаттарына ие болды.Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.  Ұстаз-оқушылардың тамаша концерті көрермен көңілінен шықты. Кешкілік мерекелік дастархан жайылып, қонақасы берілді.Ертеңіне ұжымымыз саяхат-серуенге шығып,шаршауларын шығарып, бір күнді ойын-күлкі, әзіл-қалжыңмен қызғылықты өткізді.Бір жылғы қызу дайындықпен қолға келіп, табысты тойланып өткен мерейтой жайлы осылай өте шықты.

Абақ Керей Ережесі


Өткен ғасырларда Алтай, Қобда жерін мекендеген қазақтардың заңы хақында

Бұл – кәдімгі Шығыс Түркістан мен Батыс Монғолияға қоныстанған қазақ арасында жазбаша қалдырылған ереже. Бір қызығы, бұл ереже сонау Қасым, Есім, Тәуке хандардың заманындағы заңдардан бастау алады. Заман талабына қарай өзгертіліп жасалғаны болмаса. Оны кезінде Алтайдың күнгейіндегі Абақ Керейдің атақты билері жазып қалдырыпты. Бәлкім, Қобда мен Шыңжан аралығында көшіп-қонып жүрген қазақ монғол мен қытайдың, тіпті, отаршыл орыстың да заңына бағынбай, өз ережесін берік ұстанған болуы керек.
Алдымен бұл заңдық ереженің жазылғанынан бұрын, қазақтың Алтай мен Батыс Моңғолияға қалай барғаны жөнінде қысқаша тоқталсақ.
ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап орыстың отаршылдығына наразы болған Орта жүздің шығыс қақпадағы біраз керей, найман ауылы қазіргі Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан өлкесіне барып қоныстанады. Бір жағынан шекараның жоқтығы, екіншіден Шығыстағы бекініс-қамалдардың бірінен соң бірінің салынуы қазақ ауылдарын әбден титықтатып, олардың күнгей жаққа бет алуына себеп болды. Кейіннен Орта Азияны (соның ішінде, әсіресе, Шыңжан мен Батыс Монғолияны – Қ.Қ.) барып зерттеген орыс ғалымдары «Тянь-Шаньның теріскей жақ бетіндегі халықтардың басым көпшілігі қазақ. Олардың алды Қытай өлкесіне Абылай заманында өткен», – деген қорытынды жасапты. Ал 1850-1865 жылдары Қытайда атақты Тайпиндер көтерілісі болып, ол шүршіт елінің Ганьсу, Шэньси провинциялары мен Шығыс Түркістанды түгел қамтыды. Шыңжандағы мұсылман көтеріліс-шілері Алтай, Тарбағатай, Іле қатарлы аймақтардың көп жерін басып алғаны туралы да тарихта бар. Көтеріліс шиеленісе бастаған кезде Алтай қазағының кей бөлігі теріскейдегі Қобда бетіне көшуге мәжбүр болады.
Керейдің батыры Жәнібектің отаршылдық саясатқа наразы болып, өз қарамағындағы халықты ертіп Шыңжанға көшкендігі жайында дерек бар. Мұны ғалым С.Толыбеков те жоққа шығармайды. «Әбілмәмбет ханның тұсында, 1742 жылы Орта жүздің беделділері Ресей билігіне қарауға наразы болып, өз қарамағындағы елдің біразын алып, Шығыс Түркістанға көшкен», – деп жазады. Орыстың саяхатшы-ғалымы Г.Потанин Шығыс Түркістан мен Мон-ғолияның батысына жасаған саяхатында 1830 жылы Алтайдағы қазақтың ру-ұлыстарын билейтін 12 ата Абақ Керейдің беделді Бейсембі, Бопан, Көкен, Құлыбек атты «төрт биі» болғанын жазыпты. Сонымен, қазақ ауылдары осы уақытта Алтай тауының Шығысына әбден орнығып алғанға ұқсайды. Құнанбай қажының Құлжаға барып, сонда тұратын елдің өсіп-өніп отырғанына ризашылығын жасырмағаны туралы «Қостанай таңы» газетінің өткен жылғы санында жазған болатынбыз (Қ.Қиысханұлы. «Алаштың ұлы мұраты». Қостанай таңы, 2009 ж. қараша).
Ал енді «Қазақтың заңы хақындағы» ереженің қайдан пайда болғанына келейік. Бұл заң жинағын түркітанушы ғалым С.Қаржаубайұлы Монғолияның орталық мұрағатынан алып, көне ұйғыр тілінде жазылған құжатты қазақшаға аударыпты. Ұйғыр тілі демекші, көшпелі монғол қауымына осы тіл мен жазуды таратқан да найман Тататұн екені бізге кәрі тарихтан белгілі. Ұйғыр тілі ХІХ ғасырда Алтай өлкесіндегі қазақ, ұйғыр, дүнгендердің ортақ тілдерінің бірі болып келген.
Ереже 17 тармақ, 35 баптан тұрады және екі бастаудан нәр алған болу керек: біреуі – қазақтың ежелден қалыптасқан әдет-нышандары, екіншісі – шариғаттың кейбір қағидалары. Мұнда қазақтың әдеттері басым екені сөзсіз. Бұл құжаттың қазақ халқының құқық тарихын зерттеуге өте қажет дерек екеніне күмәндануға болмайды. Және оның тағы бір ерекшелігі, ол – орыс патшалығына қарамаған қазақтың ұстанған құқықтық жинағы екендігінде.
«Біздің 12 керей тайпасы (Абақ Керей 12 атаға бөлінеді – Қ.Қ.) қазақтың үш жүзінің Орта жүзінен тарайды. Ал Кіші және Ұлы жүз қазақтары бұл кездері орыстың қол астына қараған», болып басталатын ережедегі «Абақ Керейдің Құлыбек, Ақтай, Құтымжар (Қожамжар), Көкен, Бисенбай, Өсер зәңгі, Тұрым қатарлы 12 адамы бас қосып, мал (қой) сойып, жатар орнын сайлап (дайындап) көпшілік қауымды жинай отырып, Мұхаммед (мұсылман) дінін негізге алып, 12 Абақ Керей қазағының ұстанатын заңын жасауды жоспарлапты» деуі кәдуілгі ертеректегі Мартөбе, Битөбе, Күлтөбеде жиылып, қазақтың игі жақсысы бас қосқан құрылтайды еске салады.
Алтай өлкесін мекен еткен керей, найманның өз ішіндегі белгілі бір құқықтық жүйенің жойылмағандығы көп нәрсені аңғартады: біріншіден – Қытайдың аз ұлттарға қарсы жүргізген кертартпа саясатының салдарынан жер-жерде ұлт-азаттық қозғалыстар өріс алды, жоғарыда айтқан Тайпиндер көтерілісін ұтымды пайдаланған Шыңжандағы мұсылман халқы Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алып, өз әкімшілік құқығын жүргізуге мүдделі болды; екіншіден – қазақ халқы ислам дінін ұстанады, ал сталиндік саясатқа дейін дінге қысымшылық деген болмаған, сондықтан қазақ арасындағы үкім-жарғылардың барлығы шариғат негізімен жүргізіліп отырды.
Ал енді ережеге қайта келейік. Сонымен үшінші тарау үйлену, некеге отыру жайлы. Мұнда Абақ Керейдің өз ішінде қыз алып, қыз беруіне ұлықсат етілген. Тек он екі атаның әрқайсысы өзара некеге отырмаса болғаны. Ереженің он үш бабы осы тармақтың ішіне кіреді.
Қазақ би, төре, қожаларды, әсіресе, әйел адамды ерекше қадірлеген. Төртінші тармақта аталған сыйлы адамдардың қонаққа баруы жайында жазылған. Аталған меймандарды ықылас-ниетіңізбен қонақ қылып күтпесеңіз, айып төлейді екенсіз. Айып мөлшері де аз емес – алды сексен екі қойдан. Бұл тарау «бұрын қазақ әйелін ер адамнан төмен қойған, төмен етектілер кеңес үкіметі орнағалы теңдік алды» деген пікірдің төбесінен түскендей. Әйелді ер адам тұрмақ, түкірігі жерге түспейтін би, төре, қожамен қатар қоюының өзі оған деген ілтипатының артық екенін көрсетеді.
Әйел адамдардың бір-бірін қорлауы қақында болып келетін келесі бесінші тармақта, біреуді қорлаудың, төмендетудің қаншалықты қиянат екенін жазып көрсетіледі. Әрине, ауыл арасы ұрыс-жанжалсыз болмайды. Осыны ескерген ережені мақұлдаушылар қашан да ел ішінің тыныштығының бәрінен артық тұру қажеттігіне баса көңіл қой-ған секілді.
Ережеде жарлы-жақыбай, кедейлерге жәрдем ету, қол ұшын беру де назардан тыс қалмапты. Қазақ кедей-кепшігін жылатпаған, шамасы болса қолынан келгенін аямаған. Жалпы, бұрынғы ата заңдарымызда жетім жайлы айтылмапты да. «Жетім көрсең жебей жүр» дейтін пырақ сөз осыдан қалса керек. Әке-шешеден жастай қалған нәресте мемлекет қамқорына алынсын деген бірде-бір жарғыда, ережеде көрсетілмейді. Қайта, асыраушысынан айырылған бейбақ жалғыздық көрмей, ағайын-жекжаттың бірінің қолына берілген.
Келесі бір тармақ дін, молда, қожалар турасында. «Дін адамдары нағыз Мұхаммедтің үмбеті, дінді уағыздау барысында оларға қарсы бөгет, тосқауыл жасаған адамдар кездессе, оны ауыр қылмыс санап, айыппен жазалау керек» делінген.
Ережеге бөгдені мұқату, жәбірлеу турасында, несие, қарыз талап ету және қорлық, зинақорлық, жесір хақында, егіндік, шабындық жайындағы тармақтар да енген. Ең қызығы, мұнда соңғы жындану хақында дейтін тармақ та бар. Адамның емес, малдың, иттің жындануы, әрине. Тебеген атыңыз байқаусызда біреуді жазым қылса я құтырған итіңіз қауып алса да айыптан құтылмайды екенсіз.
Ал енді жаза қалай орындалады? Жаза жүктету ашық жүргізілді, қандай да бір қаулы-қарар, құжат жазып қалдырылмайды. Би жалғыз өзі ғана қылмыскерді тергеп, үкім шығарады. Бидің шешімімен айып жүктелген қылмыскерге құн төлеткен, дүре соққан, ұрлық істесе саусақтарын кесіп тастау сияқты жаза берген. Осы айыптардың ішінде ең жеңілі қамшымен дүре соғу. Ол қылмысты деп есептелген адамды көптің алдына жалаңаштап шығарып, 40, 50, 80, 100 рет дүрелеу. Жасаған қылмысына қарай дүре санын би өзі белгілейтін болған.
Міне, «Абақ Керей ережесі» осылайша жазылыпты. Біреудің елінде жүріп, өз заң-ережесін ұстанатын халық кемде кем екен. Басқа біреудің жерінде жүріп, ол елдің емеурінінен қорықпай, өз жарғысын жасап, өз ішінде билеушісін сайлаған ат төбеліндей қазақ баласының мұндай ерлігі кейінгі ұрпаққа татымды насихат екені сөзсіз.

Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ,
ҚМПИ-дің аға оқытушысы, Қостанай