Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі


 

 

 

Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы

 

«Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, «мәдениет» ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ойсанасы мен өрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Оқуды жалғастыру

ТҮРКIЛЕРДIҢ ИСЛАМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТIНДЕГI ЕРЕКШЕ ОРНЫ


Автордың   ұрықсатымен жаряладым.

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Оқуды жалғастыру

Кеңес империясы түркі халықтарының ортасына жік салған еді


Аға, түркологияға қалай келдіңіз? Оқуды жалғастыру

Ерлан ҚАРИН. Таңбалы тас


Осы сапардың бел ортасында болып едім.
Сапар жайлы барлық суреттерді
Ерлан Маса сайтына жариялады.Балбал мен көне дәуір деректерін көрсем
блогыма тіркей қойатын әдетіме басып бұл суретерді тіркеп қойдым.
Ал бұл сапар жайлы жекелей өз көз қарасым ды алда жеке жариялаймын.
Айтпақшы Ерлан бұл сапардан кеиін мені Көкбөрі атап кетті төменде 
оның себептері жазылған)))

Ерлан ҚАРИН. Таңбалы тас

 

Шілденің ортасында, көптен күткен Моңғолияға сапарымыздың сәті түсіп, Астанадан Өскеменге жол тарттық. Бұл жолы сапарымызға себеп болған – еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай алыстағы қандастарымызға «Нұр Отан» партиясы атынан жіберілген жаңа кітаптар, әуендердің жинағы мен фильмдерді жеткізу мәселелерін үйлестіру.

Өскеменнен Баян Өлгейге аптасына екі рет СКАТ әуекомпаниясының АН-24 ұшағы қатынайды. Әйтеуір, жолымыз болып, үш билет қолымызға тиді. Жүк пен адамға лық толы ұшақ, әуеге зорға көтерілгендей болса да, бір жарым сағат ішінде Алтай тауларын асып Өлгейге жеткізді. Оқуды жалғастыру

Шинжиаңдағы сынтас, балбал, құлыптас жане бұғытастар сынтастар


Арап жазуынан крилсаға аударап жазған Гулнар Лақадылқызы

Қуандық Көбенұлы.

 

 

Орта Азияны мекендеген байырғы жұрт тас құралдар дәуірінен бастап еңбек құралдарын  тұтыну бұйымдарын жасап тіршілік еткен. Алғашқы қоғам мезгілінде басқа металдарды пайдалана алмағандықтан өндіріс құрал – жабдығын жасау мүмкіндігі болмаған .Тек тасты пайдаланып,оны өңдеу арқылы формалы нарселер жасаған .Тасты мұқият өңдеп , бедерлеп ,нақышына келтіріп жасады .Ьірте-бірте онан дами түсіп қоқшыл ,қызыл ,сары түсті тастармен қоспалап безендіре білді. Оқуды жалғастыру

Байөлкеге бастаған сапар


Маңғыстаудан Моңғолияға немесе Мұңалдан Мұңғылға дейін


Моңғолияға сапардың басы Маңғыстаудан басталды деуге болады. Ерлан Қариннің көмекшісі Еркін мырзадан «жет» деген хабарды естіген күні-ақ  хабаршымның үйінде кешкі күрең шайды тартып отырдым. Гүлнұр қарындасымды келін етіп сәлем еттірмек болған Еркін досымды алдымен оның адайға жиен екенін, сосын күйеу болғанын есіне мықтап тұрып салдым. Мейманға сүр қосып қазан көтерген екен, жә, ет тақырыбына әлі талай оралатын боламыз. Жаман адам ішкен-жегенін айтады деген бар… Оқуды жалғастыру

Талдықорғанда тастан белгілер табылды!!!


Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан «Үйтас» саяжайындағы тастардан ерекше жазулар табылды. Саяжай тұрғындары Қажықұмар Қылиұлы мен Тұрар Тұрысбекқызы ерекше суреттер мен жазулар бейнеленген тастарды байқап, тиісті орындарға хабарлағандығын айтады. Тарихи-мәдени маңызы бар-жоғын анықтау мақсатында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» пен М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі бірлесе отырып, барлау, бағдарлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, шындығында да, тасқа қашап салынған ерекше бейнелердің бары расталған. Осы ақпаратқа сүйене отырып, аталған орталықтың қызметкерлерінің жол көрсетуімен, «Үйтас» саяжайына барып қайттық. Шындығында да, Қаратал өзенінің жағалауына орналасқан саяжайлардың аумағын ерекше жануларлар суреттерімен безендірілген тастар алып жатыр екен. Тастардығы таңбаларды көріп, таңданысымызды жасыра алмадық. Әрине, алғаш қараған адамға ондағы белгілер тайға таңба басқандай анық көрінбейді. Десе, де таңбаларға жақынырақ зер салып, үңіліп қарасаңыз қашап ойылып салынған белгісіз бейнелерді байқайсыз.
Қажықұмар Қылиұлының айтуына қарағанда күн сәулесі жарқырап түскенде тастағы суреттер жақсы көріне бастайды екен. Тастардың көпшілігі күншығысқа қарап жатқандығы себепті, күн шықса айқын көрінетін көрінеді. Күннің сәлесіне орай құбылып тұратын сурет түстерінде ғарыштық және мезгілдік циклдар ғана емес, сонымен бірге тәуліктік кезең де маңызды орын алады. Бұл тастардағы ерекше бейнелер тур-бұқалар бейнелері және мифтік-ғұрыптық кешендермен, әсіресе, құрбандық шалу идеясымен байланысатындығы сөзсіз дейді ғылыми қызметкерлер.
Аталған ғажайып суреттерге толы тастар бар орынға бір топ археологтар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ә. Марғұлан атындағы археологиялық иниститутының ғылыми қызметкері А.Н.Марьяшев өзі келіп тастардағы таңбаларды екжей-текжейлі анықтап өз қорытындысын берген. Оның айтуынша тастағы безендірулер қола дәуірінің петроглифтері, тереңдігі 2-3-5 мм қашалған. 14-12 ғ.ғ.б.д.д. малшылар тайпасы орындаған екен. Жануарлардың (бұқа, арқар) адамдардың, лабирант тәрізді суреттері безендірілген. Табылған суреттер ежелгі Жетісу петроглифтерінің тобына жатады. Зерттеуші археологтардың айтуынша, бұл суреттердің құндылығы жоғары болып табылады.
Қажықұмар Қылиұлы көлемі өте ірі, жартысы жерге көмілген тастардың біразын тұрғындар құрылысқа пайдалану мақсатында ойып алып кеткендігін айтады. Егер олай болмаған жағдайда тарих саласында өткендердің өмірінен сыр шертетін біршама таңғажайыптарға тап болуымыз мүкін еді. Осы белгілер анықталып, археологиялық ескеркішті қорғауға алу мақсатында «Алматы облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» қорғау тақтасын қойғаннан бастап, қателікке жол берілмейтін болыпты. Десе де, тастарды пайдалануға тиым салынғандығына риза болмаған тұрғындар да баршылық екен. Ежелгіден ерекше белгілерімен ерекшеленетін бұл аймаққа әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі туып отыр дейді арнайы мамандар. Құдай қаласа көктем шығып, күн сәулесі жарқырап түссе, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыратын болады.
Майра Кенжебекова

Балбал тастар



Балбал тастар!
Кәрісің бе, жассың ба?
Жаңалыққа доссың ба, әлде, қассың ба?
Тасқа айналған адамсың ба сен, әлде,
Адам болып келе жатқан тассың ба?
Көрер күнің көп пе, әлде, аз-ақ па?
Өңіңдегі шаттық, әлде, азап па?
Жусандардың ұлты – қазақ,
білемін,
Ал сенің ше?
Сенің де ұлтың қазақ па?
Қазақсың ғой,
танып тұрмын сөзіңнен,
Тас кеудеңе ұлы тарих көз ілген.
Өзің тұрған мына аңыз далаға,
Қарайсың сен ғажап қазақ-сезіммен.
Балбал тастар,
мәнімізге мән қоса,
Мейіріммен тербетесің жанды аса.
Өңіңдегі нұр-күлкіңнің қалдығын,
Жел ұшырып кеткендігі болмаса.
Сені, тіпті,
көме алмады құм-тағы,
Қайта сені ол аялады, қымтады.
Балбал тастар,
сен меніңше кешегі,
Білге қаған, Күлтегіннің ұрпағы.
Біз –
Күлтегін ұрпағымыз қуатты,
Жаралғанбыз өжет болып тұяқты.
Шыңғыс ханның мүрдесі де жасырынып,
Бізден әлі қашып жүрген сияқты
Оңайгүл Тұржан

Шинжяң тау өңіріндегі балбал тастар


Қытай Шинжяңының тау өңірінен 200-ден артық тас мүсін байқалған еді. Бұл тастар “тау өңірі балбал тастары” деп аталып жүр. Осынау балбал тастар жұмырлап қашалсын, немесе адамның беті-қолы айқын бейнеленіп қашалсын бәрі де шеберлікпен бәдізделген.
Қытай Шинжяңының тау өңірінен 200-ден артық тас мүсін байқалған еді. Бұл “даладағы балбал тастар” деп аталып жүр. Осынау сын тастар мейлі жұмырлап қашалсын, немесе адамның беті-қолы айқын бейнеленіп қашалсын бәрі де шеберлікпен бәдізделген. Осынау балбал тастар не жападан жалғыз ескі қорым басында бетін шығысқа беріп маңғаз бейнемен тұрсын, не қатар тізіліп тұрсын, олар айбынды да салиқалы кескін танытады.
Қытайдың Шинжяңындағы балбал тастар жайлы жазылған ең ертедегі шығарма – Чиң заманында өткен Шүй Сұң жазған «Батыс өңірдің су жолдары» деген еңбек. 1907 жылы мамыр айында финляндиялықтар Моңғылкүре ауданының Ақаяз өңіріндегі және Баркөлдегі балбал тастарды тексеріп, сонымен бірге тұңғыш рет фотосуреттерін жариялады. 1927 жылы Қытай-Швейцария Батыс-Солтүстік қытайды зерттеу бірлескен ғылыми экспедициясы Шинжяңды тексерген кезде, Үрімжінің Саяпыл өңірінен балбал тастарды байқап, олардың фотосуретін жариялады. ҚХР құрылған соң балбал тас жөнінде бірнеше дүркін келелі мәліметтер жазылды. ХХ ғасырдың 50 жылдарындағы Ілені тексеруде, 60 жылдарындағы Боратала Моңғол автономиялы облысы (БМАО) мен Алтайды тексеруде қыруар балбал тастар байқалды. Балбал тастар туралы мәлімет ең көп жиналған тұс 1988 жылдан кейінгі Шинжяң көлеміндегі мәдени мұраларды жаппай тексеру кезінде болды. Оның қамтыған көлемі мейілінше кең, жинаған фотосуреттері төтенше мол еді. Бұл күнде, материалы біршама дәл болған балбал тастар 200-ден асады. Балбалды қорымдардың қазып зерттелуі біршама аз болды. Тек 1963 жылы Алтайдың Шеміршек өңірінде, ХХ ғасырдың 70 жылдарының бас кезінде Арасан ауданының Арқаты өңірінде, және 80 жылдарда Ақсу Көнешәр (яғни “Онсу”) ауданының Боздөң өңірінде ашылған қорымдарды ғана ауызға алуға болады. Бұдан сырт, 1991, 1993 жылдары Үрімжінің Саяпыл қорымдарының бір бөліміне қазу жұмысы жүргізілді. Бірақ, балбал мен қорымның қатынасы әлі күнге дейін анықталмай келеді. Археологиялық қазба материалдарға негізделгенде, Шинжяң балбал тастары мен Азия-Еуропаның басқа өңірлерінен байқалған балбал тастардың заманы қарайлас екенін, барлығы б.з.б. бірінші мыңжылдық көлемінде тұрғызылған болып, бүгінге дейін 3 мың жылдай уақыт болғанын шамалауға болады. Олардың жалғасқан уақыты недәуір ұзақ, тіпті ХІ ғасырға дейін кейбір өңір тұрғындары балбал тас тұрғызып отырған. Кейінірек, дала тұрғындарының рухани тұрмысында тұтқиыл өзгерістер болып, балбал тас мәдениетіне болған таным күнделікті тұрмыстың көлеңкесінде қалып қойған.
Шинжяңның ерте кезең балбал тастары негізінен Алтай тауы баурайына, Еренқабырғаның шығыс бөлегіне таралған. Жоңғарияның батыс бөлегіндегі таулардан да байқалады. Шіңгіл ауданының Самырты, Шағанғол, Қырантоғай балбал тастары, Көктоғай ауданының Сұпты, Сиыр ферма балбал тастары, Алтай ауданына қарасты Шеміршектің Қайнар, Қалатас, Талдыбұлақ, Көкшым – Көне шеміршек балбал тастары, Буыршын ауданының Үшбұлақ балбал тастары, Қаба ауданының Тоғанбай балбал тастары, Жеменей ауданының Қаржау балбал тастары және Қобықсары ауданының Сазбұлақ балбал тастары қатарлыларды атауға болады. Ерте кезеңдегі балбал тастар нышандық бейнелеуден біртіндеп реалистік бейнелеге қарай дамыған, үлгісі қарапайым, дөңгелек жүзді, дөңгелек көзді етіп кескіндеу негізгі ерекшелік болып есептеледі. Шаршы немесе сопақ жүзділері сирек ұшырайды. Қайнардағы бірінші нөмірлі қабірдің бір қатарда тұрған 5 балбалы жұмыр етіп қашалған. Биіктігі кәдімгі адаммен қарайлас, соншалықты айбатты, аңғары бас киімімен кескінделген секілді. Дөңгелек жүзіне үшкүлше өрнек салынған, қыр мұрынды, дөңгелек көзді етіп бейнеленген. Ерлеріне мұрт қойылып, әйелдердің астыңғы иегіне тік сызық салынған. Бұлардан сырт мойнына моншақ, өңірлеріне өрнек ойылған. Кейбіреулеріне білек және шалғы бейнесі шығарылған. Көкшым, көне шеміршектегі 2 нөмірлі балбал тастың бас және кеуде безектері қашалып, дөңгелек көзді талпақ мұрынды етіп бейнеленген. Екі білегі көкірегіне қойылып, қос қолына садақ тектес қару ұстатқан, дөңгелек көзі бажырайып, үлкен ернін жымырып ойлы қалыпта, бір түрлі сарылған әлпетте кескінделген.
Антропологиялық типі ең анығы – Түркілік балбал тастар. Түріктердің арғы тегі бір кезде Ергенеқонды паналап, VІ ғасырдың басында Алтын тауға қоныстанып, сосын Гоби шөлінің солтүстігі мен Батыс өңірді бірлікке келтіріп, Азия даласына үстемдік еткен. Түріктер де бұрыннан “храм-ғибадатханалар тұрғызатын”, “Балбал қашайтын” салт бар еді. Түркілер қаруға төселген, соғысқа белсенген ел ретінде өлгендеріне “Марқұмның бейнесі сызылған және тірісіндегі соғыстары бейнеленген” ескерткіш орнататын. Сондықтан Түркі балбалдары көбінесе соғыс шебіндегі сарбаз бейнесінде болып келеді. Шонжы ауданының Банжегоу сайындағы балбал тастар ерте Түркі балбалдарының уәкілдік сипаттағыларынан болып, биіктігі 1,46 м келеді. Оның бет пішіні шаршы-дөңгелек, көзі дөңгелек әрі аялы, қыр мұрынды болып, ерте дәуір балбалдарының ерекшелігін сақтаған. Оның сәл бүгілген оң қолына тостаған ұстатып, мықын тұсындағы сол қолына қынаптағы қылыштың сабын ұстатып кескіндеген. Бұл бір типтік кескіндегі сарбаз болып саналады. Кіші қонақайдағы балбалдар VІІ ғасырдағы Түркі балбал тастарының уәкілі болып, Моңғылкүре аудан орталығының шығысындағы 5 шақырымдай жерден байқалған. Балбалдың арт жағында гранит тастан үйілген қабыр жатыр, жер бетінен биіктігі 2,3 метр келеді. Балбал тастың беті шығысқа қараған, жүзі ұзыншақ, иегі доғал, қасы имек, көзі қысық, жіңішке қыр мұрынды болып, желбезегі делдиіңкіреген бауырсақ мұрынды, ширатпа мұртты етіп бейнеленген. Басына тәж киіп, шашын бұрымдап өрген. Бұрым саны онға дейін жететіндері бар, түгел жотасын жауып, беліне түскен. Оң қолы көкірек тұсында болып, тостаған ұстап тұр. Сол қолы қынаптағы қылыштың сабында. Беліне мата белбеу байланған. Балбалдың сол жақ қырына және белбеуліктен төменгі жеріне Соғды әрпімен арнаулар жазылған. Алайда, балбал ауыр дәрежеде жемірілген. Мәтін тік жазылған болып, солдан оңға қарай оқылады. Онда жиыны 20 жол жазу бар. Оқымыстылардың зерттеуіне негізделіп сабақтағанда, мәтіннің 6 жолының мәнісі мынадай болады екен: “muxan (Мұхан) қағанның немересі, тәңірдей …nri (нрі) қаған”. Muxan қаған Түрік қағанатының 3-әулет билеушісі Мұқан(556-572) қағанды меңзейді, nri қаған дегені оның немересі, яғни, Батыс Түрік қағанатының Ніл(б.з. 603 – ?) қағаны, 3, 4, жолдың мәнісі: “Қағанатты 21 жыл биледі”. Ніл қағанның есімі 8, 11, 12 жолдарда да кездеседі. 3, 8, 15, 19 жолдарда “Қатұн” деген сөз ұшырайды. Балбал тәж киген тұрпатта бейнеленген, ортасында қабаттасқан дөңгелек өрнек бар. Бұнысы Шинжяңның VІІ-ІХ ғасырларға тән тас үңгірлеріндегі қабырға суреттерінде бейнеленген Будсатуа тәжіне ұқсайды. Сондай-ақ үңгірдегі хан, ханзада сияқты мәртебелі тұлғалар да Будсатуа тәжін киген. Осының бәрі Буддизм номдарындағы Сакравартин ражанға ұқсайды. Моңғолиядан табылған Соңғы Шығыс Түрік қағанатының Күлтегін батыры да сондай тәж киген. Бұл тәжді балбалдардың мәртебелі Түркілертерге уәкілдік ететіндігін көрсетеді. Ал, кіші Қонақайдағы балбал Батыс Түркі қағанатындағы мәлім бір ханның мүсіні болса керек.
Кейінгі дәуір балбал тастарының байқалуы аздау, оның типтік бейнелерінен Буыршын ауданы Үштас жайлауындағы бір балбал тас; Қорғас ауданындағы Құлыс балбалы қатарлыларды айтуға болады. Олардың қашалуы қарапайым, беті таяз ырма сызықтармен кескінделген. Әйел балбалдарға өсе келе өскелең тартатын кішкене қос омырау қашалған.
Азия-Еуропа даласы өте ерте заманнан керуен торабы есептеледі. Адуын да жауынгер дала тұрғындары атын ерттеп, түйесін қомдап , малдың бабымен Азия-Еуропаның кең даласын шиырлады. Олар қабылдау және жасампаздық жолымен далалық ерекшелікке ие дәстүрлі мәдениет қалыптастырды. Балбал тастар соның ең жанды бейнеленуі болып табылады.
Қытайшадан аударған: Тілеуберді ӘБЕНАЙҰЛЫ

Бабалардан балба қалған біздерге