Баян-Өлгейлік блогшылар 9- наурызда қайта басқостық.


 

Баян-Өлгейлік блогшылар 9- наурызда қайта басқостық.
Бұл жолы кеше жоспарлағандай Өлегейлік жас блогшылардың мектептеріне барып, тіпті кейбір калсына кіріп интернет блог жайылы әр балаға сауал қойып,өзімішше блог жайлы әнгімелер айттық .Әрі болашақта істейтін істерге түрткі болар анықтама жүргіздік.4-сынып қушысы блогшы Лашының сыныптастарымен таныстық.Кішкене Лашынды блог арқылы ғаламторда көп ел танып білетінін айтып блаларды блогқа баулып өзімішше қызықтырып әнгіме қозағадық.Өмірбек kazlife блогын білетін бала барма?-деп сұрапта көрді..Нәтежесін өзі жариялар))) жоғарғы сынып оқушыларына блог жайлы мағулмат бердік.<
Осы жолы Алматыдағы блог құрылтай болатынын соған Монголя атынан бізденде уәкілдер барғай жатқанын айтыпем оған қызыққан оқушылардың сұрағыда жаңбырдай жауды бір жағы Атамекен десе елеңдеп тұратын қара көздерімнің іште бұлқынған сағынышын сезесің.
Ортаңғы партада отырған қара ұлдың Алматыдағы Блог Құрылтайда Нұрсылтан Назарбайға бізден сәлем айтыңыз- деген сөзі класты ду кулкіге бөледі.-йә Наз екеңнің блогы болса Құрылтайға қатысыпқалар сәлеміңді жеткіземін – дедім.))
Мектепте 3 сағат жарым уақытымызды бөліп келесі кезекте С.Аманжол атындағы (уни) Шығыс Қазақстанның Баян –Өлгидегі бөлімшесіне ат басын тіредік информатика пәнінің оқытушысы Бақытбектен алда студенттерге блог ашудың қыры мен сырын ұқтырар мүмкіндіктерін қарастыру жайлы кеңестік.Біздің дабырамызды орта мектеп ұстаздарыда естіп келіп қатармыз кәдімгі қосылып әңгімеміз біразға созылды.
Мен блог ашу арқылы өз-өзіңді жетілдіруді әріптестеріңнен жақсы ақпарат ала алтындарың жайлы,ең бастысы өз ойыңды ,өз үніңді үйіңде отырып әлемге паш ете алатыныңды бәрі бәрін тәпештеп түсіндірмелер бердім.
Алда ақырыңдап ешкімге тәулді емес тек өзінің ары мен адамгершілігіне сүйеніп блог ашатын Өлгей блогшылар қатарын қосу мақсатындағы әңгіме аясында жалағасқан насихат, танысу алғашқы кунінен ақ ынталы жандардың бары екенін анғардық.Алда ақырыңдап әр жерге блог семинарларын жасау керек деген қортындыға келдім.Әрі өзімізде бар блогшылардыда жақсылап насиқатау керек екені анғартып тұр.
Көптің өтінішімен баскетбол және волейбол ойнауға Ікей батыр орта мектебінің залына бардық.Футболдағы сирек голдай емес.Себеттің жанын шығарып допты аямай ақ салдық.Кіп-кішкене болып алып ағадарынан қалыспай Нұрбек тамаша ойын өрнегін көрсетсе,үнемі жылы жымыйып жүретін Өмірбектің езуі бір жыйылған жоқ.Ал Бақытбекте бойының кішкенесіне қарамай доптан бұрын себетке өзі ыршып кіріп кететіндей секіреді-ақ екен.Сұңқар іштеп таласқа көп жоламай алыстан доп жалғап айтақтауға шеберін қара.Лашын касби жұмысы суретке түсірумен айналысты.Араларындағы көрермен менғана болдымғой деймін .Тағы бірнеше жандар болды олар жайлы алда блогтарымен қосып таныстыра жатамын-деп ойладым.Кешегідей бұл жерлерде де сурет алу жалғасты.Ертең айдың 10-жұлдызында да блогшы Өмірбектің ата анасының ұиінде бас қосатын болып тарқастық.

Advertisements

Өлгей блогшылары басқосты


Өлгей блогшылары алғаш рет бас қосты.

Лашын,Өмірбек

Лашын,Өмірбек

Өмірбектің Ұланбатырдан келуін пайдаланып Өлгей блогшылары кәдімгі жыйналыс жасап жібердік.Алдымен танысып білісіп алған соң, ең кішкене блогшының блогын оқып тұратынын айта , жаза түс-деп демеу беріп ең жас блогшы 9 жасар Лашынға астанадан әкелген мәмпәзиін ұсынып және бүгінгі мереке иелері нәзік жанды Өлгейлік блогшыларды халқаралық мерекесімен қайтадан құттықтадық.
Содан әңгіме Алматыда өтетін Блог Құрылтайға ауысты жалпы Алматылық Асхат,Меиіржанан алған барлық ақпаратымды ақтарып-төңкеріп еш қоспасыз мән жайды өзімше қортып баяндап өттім.Сұнқар демеуші таппай қойдың деген өкпесіне ақтала дәлел көрсетіп Аймақ әкіміне жіберген табақтай бір бет арызымды алға тартып Аймақтың С.Қабыл әкімнің заң бойынша -бұндай жол шығынды көтеру маған ұрықсатталмаған-деп өз қолымен жазған бұрыштамасын көрсетіп ақталдым. Маған ренжімеңдер әкімнің бейшора бюжетіне ренжіңдер деген әнгімені біразға апардық.
Ал Өмірбек парлементте (ҰҚ) отырған 3 қазаққа жеке-жеке хат жазсақта «жоқ»- дегенге намыстанып олардың қайта жауап хат жазбағанын айтып мұңын шақты.Мен Өмiрбекті жұбатып қой оларға ренжіме,сайлау кезінде көкесін танытамыз -деп қойдым.)))Басқа не деу керек?
Маманды прогроммиске оқушы блогшылар өз блогын ашып көрсетіп ақыл кеңес алып үлгерді.Сонымен Блог құрылтай жайлы ертеңде сөйлесетін болып тарастық.Ділда Алматыдағы құрылтайға баратын блогшылардың баяндамасын көріп өз ойларын қосып ақыл кеңес беретін болып келісті.
Мен осы құрылтайды пайдаланып осы бір дүбірді дабыра қып кеңейтіп басқа оқушы,жастардың назарын блогқа аудару блогшылар санын қосу жағына қарастыру керектігін жақсылап талқыладым.Ал оқушы блогшылар Сұнқар, Нұрбек, Лашындарға өз блогтарын жарнамалау арқылы блогшылар қатарын қосуға кеңес берілді.Ертең Өмірбек Монгол тілінде блог қозғалтып жүрген қазақ блогшыларды анықтап 99 бет баяндама жазып келетін болды.))) Оқушы блогшыларды ынталандыра беруді жөн екені жайлыда сөз болып, осы істі жалғастыру жайлыда кеңесіп талқыладық.Блогшылардың санын қосуға біраз септігі тиетінін жайлы айтылды.Әр біріміз блогтың маңызын,пайдалы жақтарын әр кез,әр жерде үгіт насихаттап жүрейік депте келістік.Осы жайлы және тағы басқа көп әнгіме болды.
Жыйын соңында Нұрбек Керейдің күйлерін шертіп
Домбырада блогшы Нұрбек

Домбырада блогшы Нұрбек

әр күйдің тарихын айтып әрі домбырамен ән салып көңілімізді бір сергітіп тастады.Басқа ұлттың ішінде жүріп домбыраның қоңыр үнін сағынып қалған
Өмірбек Нұрбекке қайта-қайта күй шерткізіп,ән айтқызып тыңдаудан жалықпады.Алла қаласа әндеріңе клип жасап беремін жақсы дайындал деп уәде де беріп тастады. Жыйын соңы қалжың әнгімемен ұласып қыймай тарағай жатқанда Алматыдан Мейіржан хабарласып нәзік жанды блогшыларга мерекелік құттықтау жолдап қал ауқалымызды сұрап мерейімізді көтеріп тастады.Өлгей блогшыларының саны қосылса Бұндай шараныда үлкейтіп әр мезгіл сайын жасап тұрайық деген жылы ұсыныста болды.Соңында суретке түстік.Вируталдық әлемде ғана тынысып жүзін көрмесекте таныс болған жандармен өмірдеде солаи кеңесіп ақылдасып,алғашқы кездесу болсада әңгіме жан-жақты өрбіп,жалпысы жақсы әсер қалдырды.
Оңнан солға қарай Жанарбек,Ділдә,Өмірбек,Артқы қатарда Сунхар,Лашын,Нұрбек

Оңнан солға қарай Жанарбек,Ділдә,Өмірбек,Артқы қатарда Сунхар,Лашын,Нұрбек

Жылдың ұздік блогкерлері


2010 жылы 30-желтоқсанда Көкбөрі блогы Баян-Өлгий аймағында блог ашып жазба тіркеп жүрген оқушы,балалардың блогтарына орын иелендіріп жүлде үлестіріліп қаржылай сыйлық табыс етілді.Бұл байқаудың мақсаты оқушылардың өз ойларын еркін айтуға және қазақ тілінде дұрыс жазумен бірге ғаламтор әлемін жеттік білулеріне азда болса ынтаналдыру мақсатында жүрілді.Болашақта блогшылар саны көбеиген сайын әр турлі бағытта байқау жүргізу жоспарладық.Сонымен барыс жылының үздік блогкер балалардың блогы:
1-орынға Сұнқар блогы.
2- орынға Нурбек блогы .
3-орынға Лашын блогы лайық деп таңдалып блог иелеріне қаржылай сыйлығы табыс етілді.
Тағыда жалғасты Баян-Өлгий аймағының Блогшы оқушылар арасында жүлде болатындығын блогшыларға хабарланып әр маусым сайын үздік блогкерді анықтап отыру жөн деп шештік.

Көкбөрі блогы

Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындап, таныған ел


1991 жылы желтоқсанның 16-сында Тәуелсіздігімізді жариялаған соң көптеген елдер оны мойындап, тани бастады. Сол жөнінде ресми мәлімдемелер бірінен соң бірі жарияланып жатты. Біздің көздегеніміз – дүниежүзілік саясатты құратын ірі де белді елдердің мойындауы болатын. Бұл сөз жоқ, бізге ары қарай сенімді қадам басуға қолғабыс болатыны анық. Қазақстан Тәуелсіздігін ең бірінші мойындап, таныған Құрама Штаттар болды. Бұл елдің дүние-жүзіндегі салмағы мен қуаты белгілі ғой. Екінші болып тағы бір белді ел – көршіміз Қытай мойындады. Одан кейін Ұлыбритания, сосын бөтендігі жоқ ағайын ел Моңғолия мойындады. Одан кейінгі кезек Франция, Жапония, Корея және Иранға тиді. Мұсылман елдерінің ішінен бірінші болып біздің Тәуелсіздігімізді Иран мойындады….

Бірақ біздің елде елшілігін бірінші ашқан түріктер болды. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен бірінші болып Литва, сосын Украина, Грузия мойындады. Ал империялық саясатқа еті үйренген Ресей тек жарты жылдан соң ғана, 1992 жылдың тамыз айында барып, біздің тәуелсіздігімізді мойындады.

Вячеслав ҒИЗЗАТОВ:
Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі.(http://malimetter.org/?p=8493)

Киелі ағашқа кімдер өрт қойды?


Майра КЕНЖЕБЕКтің Today.kz cайтынан Киелі ағашқа кімдер өрт қойды?  деген  мақаласы оқыдым неше қайтара пікір жазап ем ілінбеді енді блогыма тіркедім..

Ауруын жасырған өледі деп бекер айтпаған шығар…Ойбай беибіт ел дейміз,әлемге діндер басын қосып үлгілі болдық   танылдық деиміз солайы-солай ғой бірақ ел іші ала ауыз Көпшілік көп дінің дізгінін ұстаған 40  бөлінген деген журналистік сауал жолдаған автордың мақсаты айғағыда  айқын…

«Көп ұлтты ел екенніміз шын..көп ұлтың  басын қосқан Америкада тышқан -сигенге деиін заңмен негізделген,аттап бассаң заңға тартыласың Ал көп халқы бар қытайда халық басын қатаң заңдарымен біріктіріп отыр…бізде шынымзыды айтайық заң тыртиған арық…

Көп діндер басын қосқан елдігімзіді пайдаланып ел ішіне діндер атын жамылып ірткі салар  жандар көбеигенін автор мақаласында анық айтып кеткен!

Бара бара елмізідің діндарларыда  дінсіздерде қурметтер киелі ағашты өртеуге бардықпа?Бәйқус ағаштың не жазғы бар ?Майраның барып көріп жазғанындай ағашқа вензинді қанша мол шашып өртеседе ағаш ғайыптың кушімен аман қалған ..Жетіскен екеміз,коминизім кезінде орыстың қарақшылары қазақтың жақсы жайсаңдарын осылай не бір сұрқыялықпен қырып еді ..сондада бір ғайып тың кушімен қазақ деген қайсар мінезіміз көмектестіме жойылудан сақтанған едік..Енді ел маман жүрт тынышта  пәк табиғатқа тиістікпе? Қандай қорлау бұл өзі..Автор сөз  соңында  қылмыскерлерді тауып жазалауды ортаға қойыпты орынды тілек бұны көпшілік тақауырна айландырып бірді жазалау арқылы көпке сүс көрсетіп қойр қылық екен

Сүйспесең жер тепкілеп жылайды..


Бугін ауылдан жиенім келді..

Ауыл демекші..

ақын Кәкейдің

*Барам апа көктемде ,

Жаңбыр сеуіп өткенде.

Алтай алқа тақанда,

Бұлғын сылдыр қаққанда- деп

әнші Саят айтатын өлеңдегі Бұлғын ауылы..Бізден  жырақта…

Жиенім сонда турады жасы енді екі асып барады… Өзінің кіп-кішкене жасына  қарамай шатағыда-атағыда көп екен…Шатағы көзіне жылы көрініп кеткен жанды суймей қоймайды ,сол ушін (Суйгіш) деген аулдың берген атағыда бар көрінеді… Суйізбесең  жер текпілеп жатақап ойбайлап,қара жерді  өкшесімен тесіп жібере жаздайды ..Амал жоқ, кішкене тентектің ойбайлатып жылатып қойғанша өз қалауынша сілекеиін жаққызып суйгізуе тура келді…..жаман жері ана қос булақтың каусар суыда қоса жағылатынын қайтесің…Буны өзіде сезетін секілді..тырнақтай болыпап ,ләзат алатын турін қара! суиіп турып мұрнын  бетіңе тазалап суртіпте тастайды..амал жоқ  шыдауға тура келеді боқ мұрының қылығына..

Деседе ішімнен тфә-тфәлап ойлап қойам -сендер тез ер жетіңдерші қазақтың саны ай сайын емес кун сайын қосарсыңдар-ау,- деп

Сол ұшін қай жеріңнен болсада сүйуге дайынмын.Білгеніңді істе  тентек жиен .((((

Сырсандық сыр шертеді


Ортамызға Экономика саласының қыры мен сыры, ұңғыл  шұңғылына сүңгіп жүрген Бақаңның <қазақ>  блог әлеміне  отауын тігіп,  ортамызға келуін шын ризашылықпен қуттықтаймыз!

 

Жазбасы  көп болсын,

Отауы ордаға айлансын.

Шөлдеп келгендер,

шөлін басып дамылдап

іргесіне алаңсыз

ат байласын!

Жолың  ашық,

маңдайың  жарық болсын деп ақ жолтай тілейміз!!

Көкбөрі блогы