Цагаан сар-Монголдардың ұлттық мерекесі.


Цагаан сар-Монголдардың ұлттық мерекесі.

Цагаан сар-Монгол халқының дәстүрлі жаңа жыл мерекесі. Бұл күнді моңғолдар жыл басы ретінде “Цагаан сар” Қазақша сөзбе-сөз аударсаңыз «Ақ ай»- деген мағана береді.Монголдар ерте заманнан бері қаһарлы қыстан аман шығып,көктемге қауышқанның белгісі ретінде көне күнтізбесі көктемнің алғашқы күні  белгілеп келген. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Қамшы түскен жердегі алып ғимарат әлем назарында


Оқуды жалғастыру

«Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуді Маршал Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!»- деп кетіпті Д.Жеңісхан.


1940 жылы Баян-Өлгий аймағын   өз қолымен орнатқан алғашқы тұлғалардың  біріде бірегейі   Д.Жеңісхан  1968 жылы еңбек  демалысына кеткенімен.Артында елін  басқарып отырған жастарға не бір ұлағатты әңгімелерімен ұлтын халқын сүйуді және   халқының ерен ерекшеліктерін жастардың құлағына  құйып аманаттағанын Оқуды жалғастыру

Қобда аймағы


Ховда аймағы Монгол елінің әкімшілік аймағының бірі.Монгол елінің батыс шекарасында Монгол Алтай тауларының сілемінде орналасқан.1931 жылы орнаған 17 сұмынға бөлінеді. Ховда ертеден монгол елінің ең батыс шекарасындағы әкімшілік орталығы болған ғасырлық тарихи көне орталық болған аймақтардың бірі.Жері таулы қырат болып келгенмен Музарт шыңдардан бастау алған Ховд, Буянт, Булган, Чонохарайх, Цэнхэр сияқты ұлкен өзендер Хар-Ус нуур, Хар, Дөргөн сияқты үлкен көлдер бар.Ховда өлкесінде ең биік тауы Мөнх -Хайрхан теңіз денгейінен 4204 метр биіктікте орналасқан.
Ховдада көне заманнан жеткен Балбалдар,Бұғы тастар,Жартаспен тастағы суреттер, тауда үнгірлер көне дәуір қалашық жұрттарыкөптеп кезігеді.Тас дәуірдіңде көне орындары баршылық.Ховда атты өзен көршілес Монголия қазақтары шоғырланған Баян-Өлгий аймағындағы Монгол Алтайдың қарлы шыңдарынан бастау алып Өлгий қаласын басып өтіп Ховда аймағындағы қара су көліне келіп құйылады. Менің ізденісімде монгол тілінде тура Ховда атауының мағанасын ашатын жеке сөз кезіктірмедім.Ховда атты өзенде елді мекен болғандықтан атының өзі көне көк турік заманында қалыптасқан Қобда сөзі ғой деп тұжырым жасадым.Оған себеп көне көк түріктің тікелей ұрпағы болып саналатын қазақ елі жерінде қобда атты өзендерде жер атауларын барын ескерсек.Монголдағы Ховда атауы көне түркі сөзі деуге негіз бар.Бәлкім бұгінгі Ховда жерінде кезіндегі қазақтың керей,меркіт,наймандардың мекені болғанын ескеріп осы атаудың шығу тегінде қазақ тілінің төркінінен іздеу керек екенін аңғартады.Өткен жалдары ғалым С.Қаржаубайдың 8-ғасырдағы домбыраның қаңқасы табылды деп жар салған үнгірі осы Ховда аймағында.
Қобда аймағында Мал шаруашылығы ,Егін шаруашылығы жақсы дамумен бірге Қытай елімен шекараласатын болған соң сауда саласыда өз жолдарын қалыптастыра бастады..Сонғы жылдары әлем туризмін назарын өлкеге тарту мақсатында Ховда қалалық әкімшілігі арнайы жоспарлы жұмыстарын атқаруда.Спорт саласында мықтап дамытқан.Монголдың ұлттық күресінің талай палуандары осы өлкеден тумалылығын мақтан тұтады.1940 жылы Монголиядағы қазақ аймағы орнамай түрғанда Монголиядағы бар қазақты осы Ховда аймағының қарамағында болыпты.Ховда аймағында қазір 82,200 адам,20,300 жанұя өмір сүрсе.Жалпы Ховда аймағында 14 түрлі ұлт өмір сүреді. Ховда аймағында Моңғолия бойынша ең көп ұлттар тұратын аймақ. Бұл ұлттар өз мәдениеттерін, ән күй, салт-дәстүрлеін сақтап қалған. Адамдар өз ана тілімен бірге мемлекеттік тіл моңғол тілінде сөйлейді. Ховда аймағы Моңғолиядағы қазақтардың Баян-Өлгий аймағынан кейін ең көп шоғырланған жері болып саналады. Барлық адам санының пайзбен өлшемін айтсақ
26,6 % халхалар
22,5 % захчиндар
16,7 % Қазақтар
8,8 % торгудтар
7,3 % өлддер
7,1 % урианхайлар
4,6 % мянгадтар
4,7 % дөрвөдтер
2,0%-пайзы Баяд, Тува, Өзбек, Буриад, Дарьганга, Хорчин, Хотон ұлт рулары құрайды.

Жанарбек Ақыбиұлы

This slideshow requires JavaScript.


Суреттерде Қобда аймағында туратын ұлтардың ұлтық киімін тіркедім суреттіде сол Қобдалықтар өздері арнайы түсірпті.
Ал қане киміне қарап қайсысы қай ұлттың өкілі екен айрып жазып көреиік