«Жас Алашқа» суреттерім шығыпты


http://zhasalash.kz/fotooner/8935.html

Advertisements

Цагаан сар-Монголдардың ұлттық мерекесі.


Цагаан сар-Монголдардың ұлттық мерекесі.

Цагаан сар-Монгол халқының дәстүрлі жаңа жыл мерекесі. Бұл күнді моңғолдар жыл басы ретінде “Цагаан сар” Қазақша сөзбе-сөз аударсаңыз «Ақ ай»- деген мағана береді.Монголдар ерте заманнан бері қаһарлы қыстан аман шығып,көктемге қауышқанның белгісі ретінде көне күнтізбесі көктемнің алғашқы күні  белгілеп келген. Оқуды жалғастыру

Шөміш қағу


Шөміш қағу – ырым. Көктем айының бас кезінде көкжиекті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Осы кезде ата-бабаларымыз «Күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғашқы күн күркіреген кезде киіз үйдің босаға, Оқуды жалғастыру

Бұлқыншақ


Ауылдағы әр үйдің қыздары өз үйлерін бір- біріне ұқсатпай сәндегені секілді бұл аласа таулардың өзіндік қалыптасу пішіні мені қатты қызықтырады. Бірінен-біріне шығып түсіп жүргенде түсте болып ,қарыным шұрылдағанын енді білдім.Маған қызық керек биктен етектегі көрінген қораға келсем қойшы шалекең қора жақта жүр екен, солай тарттым,Алыстан байқап қалып қораның көңін Бұрқыратып өтіп сай-саланы жаңғыртып шауілдеп алдымнан екі иті шықты,Ұлкені төбет сияқты денесі ірі екен. Түріне қарасам тым өкпелі емес маған үре тұрып жан- жағына қарап қойады ауру қалсада әдет қаламайды деп амалсыз үріп түрғанын сездім ал келесісі 2 жасар ит қой деймін жанын салып үріп маған тап-тап береді қутты бір диуана көргендей көзіменде ішіп тесіле қарайды екен..Үлкен төбеттен қауіп жоқ болған соң менде жігерленіп қорадағы шалға алшаңдай басып таяп ем үиден шыға айғай салған жігіттің даусы шығып еді 2 итте солай қарай зытып берді…

Қарияға аман сәлемнен соң
-Ой балам қайдан жүрсің, ел осы қораға ана төмендегі жолмен келуші еді, сенің төбеден түскеніңе жол болсын ,-деді
-Ой ата мен таушымын жаттығу істеп жүрмінғой, тауларыңызды аралап- деп жымыиып ем
Күнге күйген бетін тыжырайтып,көзін сығыраитып жіпсіитіп өн бойыма асықпай барлап қарап алдыда – мм Бұрынғылар бұлқыншақ асынушы еді сенің артыңдағы әлем жәлеміңнің ішінде не бар?- деді қуланып. ..Бұлқыншақтың не екенін білмесемде арқаға артынған дорбаның бір түрі деп ойлап үлгердімде -ой ата көрпе жастығым ғой дедім..
Ееее деді де мені бастап үиге кірді,,апамыздың шайы даяр екен Қаймақпен сары майды сапырып қария екемізге кемпір шайын құйды..
Жайланған соң қариядан -ата бағанағы Бұлқыншағыңыз не нәрсе деп ем….
Менен бұрын шай құйып отырған апамыз –ееее балам ол жылқы терісінен жасалған ыдыс қой -деді
Оны қалай жасайды не үшін керектенеді – деп қарияға қарап едім жылы бір жымыйдыда..
Шайын сораптап отырып асықпай түсіндіріп берді.
Бұлқыншақты дайындау үшін жылқының сан терсін бітеу соиады екен.
Содан соң терінің көк етімен шелін тазартып сан жағын арасына шүберек салып
тігеді, оны ұшын деп айтады.Тарамыспен немесе жылқының құйрық қылымен тігеді
Тігіс бұлқыншақтың түп жағына келеді. Терінің сыйрақ тұсына келетін тар жағына лайық
ағаштан тығын жасалады да ішіне күл толтырып,тығындап көленкеге кептіреді Әбден кепкен тері қайтадан көге айналады.Содан соң күлін төгіп тастап,ыдысты ыстайды,Әрі қарай ыдысты шаймен жуып,ішіне бірнеше күн ашыған айранды құйып қойады.оны шикі дәмін алу деп айтады.одан кейін пештің ысын жыйнап алып,оны суға шылап теріні біраз уақыт соған салып қояады.Оны құрымдау дейді.Содан соң ыдыстың ішіне қайнаған сұйық май құйып шайқап алып, пайдалана беруге болады.Бұлқыншақты керегенің басына бауырына іліп қойады.Салт атпен жүргенде ердің алдынғы қасына іледі, немесе қол қанжығаға байлайды.Жаяу адам иығына асып жүреді.Бұл ыдысы ыстық күнде айран, шалап, қойыртпақ құюына қолайлы.Ал жота тау басындағы мал отарлатқан малшылар осы бұлқыншақпен су тасып ас істеп ішеді екен.Малшылрадың ішінен жалқышыларда көп пайдаланады екен.Бұл жайлы шешеме кеп айтқанымда йә менде көріп ем онда атамыз қыста жылқыға отарға кеткенде Бұлқыншақтың ішіне ким кещегін сап алып жүретін-деген еді.Соған қарағанда Бұлқыншақтың әр түрлі қызметіне лайықты пішінде жасалады екен.
Жанарбек Ақыбиұлы

Қыран


This slideshow requires JavaScript.

Ішік


Атақты Шынғысхан бала Темужин кезінде Керейдің атақты Тұғырыл ханына әкесінен қалған жалғызда, асыл мұрасы Бұлғын ішігін апарып беріп елінің басын қосып беруін өтініп жалыныпты.Керйдің Тұғырыл ханы жетім Шынғысханға жаны ашып Темужинге қарасты ыдырап басы қосылмай жүрген  Монголдардың басын біріктіріп қосып берген екен.Сондағы Тұғырыл ханның көңілін жібіткен осы Булғын терісінен тігілген ішік екен…

Аң терісінен және мал терісінен матамен қапталып тігілетін қыстық сырт киім. Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, сәнді мол жаға салынады.Тігілген терісіне байланысты ішіктің әртүрлі атауы болады: бұлғын ішік, құндыз ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік,ешкі ішік,….т/б

Көкпар


This slideshow requires JavaScript.

This slideshow requires JavaScript.

Монголияның  Баян-Өлгий аймағындағы қазақтарында   қалыптасып келе жатқан  жақсы дәстүр қыркүйектен қазанға дейін бүркіт салу мен көкпар тартудан неше қайтара жарыс ұиымдастырып жүргізіп келеді. Бұған әлемнің 30 ға  тарта елінің туристері келіп тамашалайды. Быиылғы алғашқы бүркіт тойында ерекше назар аудартқан  оқйға көкпар болды.Көк серкені сойып ежелгі дәстүр бойынша сайысқан әр жерден келген ең таңдаулы 40 тай көкпаршыларға жыиылған доданы қалың  ел дүркірей дүрлігіп  қатты қызығып  қол соғып тамашалады.

Қазақ осы  көкпар  тартып, қыз қууға  жаралған дегендей осы доданың кейбір сәттерін сіздерде тамашалаңыз..