Жанарбек Ақыбиұлы – Наурыз атауын парсыларға телудің қажеті жоқ! Наурыз қазақтың Нәрлі уыз сөзінен шыққан


– Моңғолиядағы қазақтар үшін кең көлемде тойланатын мереке қайсы?
– Әрине бұндағы қазақтар үшін де кең көлемді тойланатын көктемнің алғашқы тойы – Наурыз мерекесі. Бұл күні Моңғол еліндегі барлық қазақтарға ел көлемінде 1-3 күндік демалыс беріліп, Наурызды еркін тойлатуға мүмкіндік жасалған. Әркім әр жерде өз шама шарқынша Наурызды тойлайды. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Таеквондодан Азия және Әлем чемпионы Сейітхан Кенесарымен сұқбат.


Таэквондодан Моңғолия ұлттық құрамасының мүшесі, қатты зат шағудан Азия және әлем чемпионы Сейітхан Кенесары ұлы 1971 жылы қарашаның 10-жұлдызында  Ұланбатыр қаласының Налайхы қалашығында туған.Балалық шағыда осы қалашықта өткен. Жақында осы таэвондо тарланымен тілдескен едік. Оқуды жалғастыру

Айдынбек Қарақұл-Қазақтың құсбегілік өнерін өз оратымызда жандандырсам деп едім.


Кеңес одағы ыдырап, темір тор шекарасы сөгіліп, жабық есігі ашылысымен-ақ, Монғолияға ағылған әлем туристері арқылы Монғолияда саны 400-ге жақын қазақ бүркітшілерінің суреті әлем ғаламторынан түспейтін ең қызықты тақырыпқа айналды. Оқуды жалғастыру

Тау баласы تاۋ بالاسى


Бүгінде бүкіл әлемде адамдарды бір-бірімен байланыстыратын, іздегенді табыстыратын жаңаша ақпарат құралы­­­на айналған әлеуметтік желілерді пайдаланбайтындар кем­де-кем. Бұл желілердің біздің күнделікті өміріміздің бір бөлі­гіне айналғаны сонша, кейбір жерде қазіргі өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты Faceboоk, Twitter ұрпағы деп те айтып жатады.

Біздің елімізде де әлеуметтік желілерді пайдаланушылар өте көп, жастары мен жасамысы, тіпті, үйдегі жеңгелеріміздің өзі осы желілерге кіріп алған. Осылардың ішінде адамның жасына қарай ең көп тіркелгені Facebook әлеуметтік желісі болып саналады. Бұл желіге біздің де біраздан бері тіркеліп, сол арқылы пікірталастарға үн қосып, өзіміздің газетке шыққан дүниелерді де жұртшылыққа жеткізіп жатқан жайымыз бар. Осыдан екі жыл бұрын Facebook арқылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қандасымыз Жанарбек Ақыбиұлы­мен танысудың сәті түсті. Содан бері екеуміз, ол Алтайдың арғы бетіндегі, біз бергі бетіндегі жаңалықтармен бөлісіп, жақын араласып келеміз. Жәкең – альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Баян-Өлгей аймағының жыл адамы және ең таңдаулы спортшысы болған. Кезінде мемлекеттік Еңбек құрметі медалімен марапатталған, Спорт және білім министрліктерінің әртүрлі сыйлықтарының иегері.

 Жақында Жәкеңмен тағы бір хабарласып, одан «Егемен Қазақстанға» өзінің сүйікті кәсібі – альпинизм, яғни биік шыңдарды бағындыру туралы айтып беруін өтінген едік. Ол бірден келісті. «Маған осы желі арқылы сұрақтарыңды жібер. Мен оған жауаптарымды жазып жіберейін», деді. Біз де бірден клавиатурада «келістік» деп жазып, сұрақтарымызды жібер­­дік. Бүгін біз интернетте сол сұрақ-жауап пішінінде өрбіген әңгі­мені оқырмандар назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Оқуды жалғастыру

Аңшы Самат -16 қысқыр аттып алдым…


Сонғы жылдары қыста жансақтау қасқырларға қыйын түскен түрі бар.Өсіп өнген апанын тастап,жем іздеп жортып,Алтай тауларының сай-саласында Көкбөрілер қаптап кетті.Малын өріске жайып тірлік ететін малшыны жұт бір қысса қасқырлар келіп және қырып мазаларын алып-ақ жүр.Амалсыз қолына мылтығын алып қасқырлармен айқасқа түскен аңшыны іздеп барып әңгімелесіп қайттым.Бай-Өлкенің Сақсай өңірінің орта тауындағы жерлестері  аңшы Әбіш атандырған аңшы біраз жаста деп ойлағам. Мен барғанда алдымда 32 жасар жас жігіт өзін Сынапбергеннің Саматымын  деп таныстырды. Оқуды жалғастыру

Жанарбек Ақыбиұлы:-«Бесбоғдадан ата жұртыма көз саламын»


Түп нұсқасы «Нұр Астана» газетіне жарияланған осы сұқбатым Мәссаған сайтында жұр екен алып осынды тіркеп қойдым)))

Уақыты:2009-11-01

– Сіз – қазақтың қара шаңырағы – Қазақстанның тыс жерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың бірісіз. Қазақ ежелден тау құмар, яғни, қазаққа тау таңсық болмаса да альпинизммен айналысып атын шығарғандар некен-саяқ екен. Сіздің бірнеше елдің биік шыңдарын бағындырғаныңызды білеміз. Қиын да, азабы көп спорттың бұл түріне қалай құмарттыңыз? Оқуды жалғастыру

Шетелдегі қазақ блогшылары.mp4