Аңшы Самат -16 қысқыр аттып алдым…


Сонғы жылдары қыста жансақтау қасқырларға қыйын түскен түрі бар.Өсіп өнген апанын тастап,жем іздеп жортып,Алтай тауларының сай-саласында Көкбөрілер қаптап кетті.Малын өріске жайып тірлік ететін малшыны жұт бір қысса қасқырлар келіп және қырып мазаларын алып-ақ жүр.Амалсыз қолына мылтығын алып қасқырлармен айқасқа түскен аңшыны іздеп барып әңгімелесіп қайттым.Бай-Өлкенің Сақсай өңірінің орта тауындағы жерлестері  аңшы Әбіш атандырған аңшы біраз жаста деп ойлағам. Мен барғанда алдымда 32 жасар жас жігіт өзін Сынапбергеннің Саматымын  деп таныстырды. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Жұт жеті ағайынды


Баян-Өлгей аймағының Сақсай сұмынында(аудан) Қодыр бөкен тауында қыстап отырған қойшы Жамсырын Дүйсебайұлының қой-ешкі қамаған қорасына қасқыр түсіп 600 басты малдың 120-сын қырып кетті.Алпыстай қой ешкі жаралы.

Нақты мән жай былай болыпты. Өткен жылдың желтоқсан айының 20-сында қатты жел соғып,қарлы бұрқасын үш күнге ұласқан .Қарлы бұрқақтың алғашқы күнін пайдаланған әккі қасқыр қораға саңылау тауып секіріп кірген.Қасқырдан тумысында қорқатын мал қораны айлана жапырыла қашқан. Қасқыр аузы қойдың қай жеріне тисе сол жерін ойып жұлып қыра берген.

Қасқыр бауыздап кеткен қой

Қасқыр бауыздап кеткен қой

Шошынған мал қораның есігін жұлып жарып шығып әр бірі жан- жаққа быт-шыт бас сауғалап тайып тұрған.Қораның төңірегі тау мен шағыл тастар болғандықтан кей бір мал шошығаны сондай тас шағылдардың басына шығып етекке секіріп құлап өлген.Тіпті жақын маңдағы тастардың түбіне жеткен кейбір қойлар сол тығылып,бұғып жатқан қалпы қатты қорыққандықтан жүректері жарылып өліпті.Еш жерінде жарақат жоқ.Таудағы тасқа аяғы жеткен ешкілер қасқырды маңына жолатпаған секілді біразы аман қалыпты.Таңертең малын қорадан өріске шығармақ болып барған қойшының жұбайы Майрагүлдің ойбай салған дабылымен қатар отырған ағалы інілі қойшы Жамсырын, Бердімураттар атқа қонып,әр таудың жота сайындағы,тас шағыладарда қасқырдан қашып тығылған малдарын жыйуға кіріседі.Екі күн-түн ұйықтамай жан таласқан қойшылардың ит тірлігінің арқасында қасқырдан аман қалған 400 ден астам қой ешкісін әр жерден жыйып алыпты.Өлген 120 малдың бар болғаны қасқырлар екі қойды ғана тауысып жепті қалғанын бауыздап қыра берген.

«Қайрлы шығын болсынды» айтып іздеп барып қойшы Жамсырын Дүйсебайұлын әңгімеге тартқанымда;

1988 жылы бас құрап жеке отау болысымен жұбайымыз екеміз келісіп 30 басты малмен қырға мал бағуға шыққан едім .Содан бері мал соңында жүрміз. Бейнеттіңде зейнеті бар .Осы малдың арқасында жеті баламның екеуін Айгүл, Айгерімдерді өз қалауларымен университетте оқытып алдым,екеуіде тұрмыс құрды ,қазір Тілеубек пен Айжаным университет студенттері , Жыл сайын төлемін салып оқытып жатырмын.Енді Айболат бастаған 3 балам Сақсай ауданында оқушы, жеке өздеріне үй салып бергем сонда мектеп оқушылары дейді.Қалған малды не жұт не қасқыр қырғанға деиін бағып балаларымның игілігіне жұмсаймын ғой деп сөзін сабақтады шопан аға.

Қойшының ұрпағы үшінгі жан қыйарлық еңбегін ойлап -Аға мына қасқардың қордығын- ай десек
-Қарғадарым «Өліп өскен мал жақысы,Өлмей өскен бас жақсы».Тірлігің осы болған соң жақсы жаманның бәріне шүкіршілік айту керек дейді- шопан.
Жергілікті Сақсай аудан әкімшілігінен арнайы уәкілдер келіп көріп қонақ жіліктерін астырып жеп қайрлы шығын болсын айтып кетіпті.

Сонда өкіметіңіз қырылған малыңызды жарым жартылап төлеп берер мүмкіндігі барма десек. Әр малға жеке-жеке куәлік қозғалтып қауіптен сақтандыру істелініп,белгілі мөлшерде салық төлеген болсаңыз укіметтің заңымен қырылған малымызды төлеп береді екен. Біз 600 басты малдың қайсысын қасқырға жегізетінімізді білмедік қой содан сақтандыру жасаған жоқ едік-деп әнгімесін әзілмен аяқтады қойшы.

Қазір қорада қасқыр тамақтап кеткеннен,арқа терісін,құйрығын жұлып кеткен және әр жерінен жараланған 60-тан астам қойды шопанның жұбайы Майрагул егіп өздерінше емдеп жатыр екен.Мына қыстың түрі мынау жараланған малды қойып тірі малдың қаншасы жұтта қарылатынын ойлағанда.Қойшының істеп жүрген ит тірлік еңбегіне қарап,қарадай ішім мұздап қоя берді.
Жанарбек Ақыбиұлы

Көне түрік мифологиясындағы бөріге табынушылық


Олардың ата тегін білу, арнайы зерттеу Орталық Азия халықтарына бағзы заманнан бері тән құбылыс. Ерекше бір қайран қаларлығы, қандай да бір аңды олар өздерінің арғы тегі деп санайды. Мысалы тибеттіктер өздерін еркек маймыл және ұрғашы ракшасадан (орман перісі), моңғолдар – көк бөрі және маралдан, телестіктер де қасқырдан және ғұн патшасының қызынан, ал түріктер – ғұн бекзадасы мен қаншық қасқырдан тарағанбыз дейді. Соңғы екі аңыз өте ертеде, бұл халықтардың ұлы Гоби шөлінің оңтүстік шегінде өмір сүрген кезеңдерінде шыққан болса керек.
Л. Гумилев

Қасқырды түріктер «бөрі» дейді (моңғолша – шино/чинно). Көне түріктер қасқырды Көк Құрт деп атаған. Көк дегеніміз – көк түс, көк аспан. Ал, түріктің «құрт» дегені қазақтың «құртылу» деген сөзінің түбірі. Демек, көк бөрі түріктердің тайпасын ажалдан аман алып қалған, көк аспандағы Көк Тәңірісінің өзі жіберген ерекше қасиетті жануар.

1968 жылы Моңғолиядағы Бұғыты деген жерден Түрік қағанатының алғашқы кезеңін бейнелейтін тақтаға соғда тілімен жазылған эпиграфиялық ескерткіш табылды. Ескерткіштің бетіне аяқ-қолы кесілген адамның қасында тұрған қасқырдың бейнесі салынған. Тасқа қашалған осынау сюжет не білдіреді? Нені баяндайды?
Қытай жылнамашылары Бей-ши және Суй-шилердің айтуынша түріктердің арғы тегі батыс теңізінің жағалауында өмір сүрген ғұн тайпасының Ашин атты ақсүйек руынан шыққан-мыс. Бірде көрші рудың адамдары бұларды бірін қалдырмай қырып кеткен. Тек жалғыз ғана тоғыз жасар ұлдың қол-аяғын бірдей кесіп, азаппен өлсін дегендей өзін көл жағасындағы қалың қамыстың арасына тастап кетеді. Оны қаншық қасқыр тауып алып, асырап, ақырында оның балаларының анасы болады.
Жаулардан қашып сол бөрі Алтай тауының аяқ баспас үңгіріне жасырынып, сол апанда он ұл табады. Ендігі бір қисында қаншық қасқыр Тұрфанның теріскейіндегі Шығыс Тянь-Шянь тауларына тығылған дейді. Сөйтіп, оның ұлдарының бәрі Тұрфанның қыздарын таңдаған. Ал Ашинның немересі сол тайпаның көсемі болған. Ашина деген сөз «мейірімді бөрі» дегенді білдіреді. Өздерінің арғы анасы Ашинаға көрсетілген құрмет-парыз ретінде олар өз руының туына бөрінің басын бейнелеген.
Н. Бичуриннің қытай жылнамаларынан келтірген ендігі бір аңызында Ғұн көсемінің асқан сұлу екі қызы болыпты. Мұндай сұлуларға ешқандай адам баласын лайық көрмеген көсем, олар өздерін аспан көкке арнасын деп қыздарына көк аспанмен таласқан зәулім қамал-мұнара салғызады. Төрт жылдан кейін бір қасқыр келіп қамалдың түбін қазып ішке кіріп, сонда тұра бастайды.
Көсемнің кіші қызы мұны көріп, оған төменге түсіп барғысы келеді. «Көк аспанмен байланыссын деп атамыз бізді осынау мұнараға әкелді. Ал бізге бөрі келіп тұр. Мүмкін тағдырдың сыйлаған бақыты осы болар?» Сөйтіп қыз төменге түсіп, қасқырға келеді. Оған күйеуге шығып, қасқырға ұл тауып береді. Олардың өсіп-өнген ұрпақтары түгелдей патшалықты құрайды. «Неліктен екенін қайдам, әйтеуір, мұндағы адамдар дауысын ұзақ созып, қасқырдың ұлығаны сияқты әуенге салғанды жақсы көреді».
Жер шарының басқа аймақтарында да, мысалы Камчаткада да кейбір аңыздарда әйелдің бөрімен байланысы туралы айтылады. Аңызға қарағанда олардан дүниеге егіз бала келеді. Қазіргі арал тұрғындарының арғы тегі солардан тараған дейді. Көктем шыға Камчаткада олардың құрметіне үлкен мереке болады. Сабаннан бөрінің мүсінін жасап, оны айнала ән салып, би билейді. Содан соң араларындағы ең сұлу қызды таңдап алып, шартты түрде оны «бөріге» күйеуге берген тойын қызықтайды.
Қасқырдың құтқарушылық қызметі көне түріктердің көптеген аңыздары мен жазбаша ескерткіштерінде көрініс тапқан.
«Оғызнама» эпосында Оғыз қаған жорыққа шығар алдында өзінің тайпаластарына мынадай жалынды сөздерін арнайды: «Мен сіздердің қағандарың болдым. Қолдарыңа қалқан мен садақ алыңдар, ол сіздерге «игілік» таңбасы болсын, «Көк бөрі» ұранымыз болсын!».
«Ергенекон» эпосында көк түріктер татарлардан жеңіліп, Ильханның екі ұлы – Қиян мен Ноғыздан басқаларының бәрі қырылады. Жаудан қашқан ағайындылар өз жұртынан да, жаулардан да аулақ тау арасына келіп жасырынбақ болады. Жолда оларға ұрғашы марал жолығып, оларды тау арасындағы жазыққа бастап барады. Жан-жақты жете барлаған Қиян мен Ноғыз бұл жерге өздерінен басқа жан адамның аяқ баспағанына көздері жетіп, қуанғаннан құдайға сиынып, осы жерге мекен тебеді. Содан 400 жыл бойы көк түріктер осында өніп-өседі. Жан-жағын тау қоршаған бұл жазықтың өзі де енді көк бөрілерге тарлық етеді. Сонда олар тау арасына тығылмай енді бабаларының туған жерін табуға бекінеді. Олар тау арасында адасып көп жүреді, оларды тек ғайыптан пайда болғандай көкжал бөрі ғана жолға салады.
Татар аңызы да қызықты. Ерте заманда тау мен орман арасында көшіп жүрген татарлар жаудың қоршауына тап болып, қырылуға шақ қалғанда бұларды ғайыптан пайда болған ақ қасқыр келіп құтқарады.
Хакастың «Албынжы» эпосында Ах пуур (Ақ бөрі) – Албынжы батырдың сенімді серігі болады. Алтайлықтардың «Ақ Тойчы» атты батырлық эпосында да ақ бөрі Ақ Тойчы батырдың сенімді серігі болып көрсетіледі.
Башқұрт халқының атауы да бөріге табынудан шыққан. Башқыр, Башқорт деген атау сөзбе – сөз алғанда «Бас бөрі», «Арлан бөрі», қасқыр үйірін бастап алда жүретін «Көкжал бөрі» деген ұғымды білдіреді.
Қырғыз дастарында ең даңқты батырларды «Көкжал бөрілер» деп атаған.
Қырғыздың «Манас» эпосында «Менің көк бөрі сұлтаным» деген тіркес жиі кездеседі. Манас ханның өзі туралы:
Манас білген бәрін де,
Саққұлақ көкжал бөрідей, – дейді.
Ең өжет, ең жүректі, ең батыл адамдарды Әзербайжандар «қасқырдың жүрегін жұтқан», «бөрінің ұлы» деп дәріптейді. Гөөк бөри деген есім мұнда кең тараған.
«Қорқыт ата кітабі» дейтін атақты эпоста оның кейіпкерлерінің өмірінде қасиетті қасқырдың маңызы зор екені атап айтылған.
Бөрі атаулы саха бақсылары табынатын ең қасиетті жануар. Саханың аңыз-ертегілеріндегі желеп-жебеуші рухтың тоғыз ұлы – қасқырларға ұқсас.
Жазбаша деректерге қарағанда өздерін осы көне тотемнен шықтық деп есептейтін Половшылар – (қыпшақтар мен құмандар, яғни далалықтар) ордасы да бөріге табынған. Орданың ханы Боняктың өзі осы қасиетті табынудың бас абызы болған.
Қасқырды киелі деп табыну қазақ бақсыларының арасында да сақталған.
Жебеушісін шақырып бақсылық өнерінің шыңына жеткен арпалыста көмекке көкжал бөрінің енесі қаншық қасқырды, алты қарыс аш қасқырды, азуы өткір, ашулы жас қасқырды шақырады. Қазақ руларының туында бөрінің алтын басы бейнеленген. ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын Сүйінбай Аронұлы:
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе.
Қозып кетер, қайдағым, – деп жазған.
Жоңғарларға қарсы жорықта даңқы шыққан Жәнібек ханның бөрі басы тігілген туы жау келердің алдында дүрілдеп, немесе ерекше дыбыс шығарып, алда болар айқасты білдіріп отырған.
Түрікмендер мен өзбектерде той үстінде «Гөөк бөріге» қыз ұзату салты да сол тотемге табынудан шыққан және дүниеге мықты ұрпақ келтіру мақсатын көздеген.
Қасқырдың азу тісі түріктерге тұмар болған, ал қазақтар оны малды аман сақтайды деп, жаңа қонысқа іліп қойған. Қасқырдың азуы мен тырнағын, жалы мен құйрық жүнін жас нәрестені көз тиуден сақтайды деп бесік арқасына ілген. Ол әлі күнге дейін ересектер мен балалар киімінде түрлі формада көрініс тауып жүр.
Көне түріктер заманында бөрінің алтын, күміс, қола мен мыстан құйылған бас бейнесімен тек қана ту емес, сонымен қатар, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеген. Ол туралы ұлы Көнетүрік қағанатының жерінде табылған археологиялық қазбалар айғақтайды. Бөрі басы бейнеленген заттар билік пен ерліктің, өрлік пен тектіліктің нысаны болды. Олар бөрі рухының қашанда жебеп жүретін салтына айналды.

КӨК БӨРІ СӨЗІНІҢ ТҮРІК МИФОЛОГИЯСЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ


Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр. Сол сөздердің ішінде «Көк бөрі» сөзі мені қызықтырды. Бір қарағанда жай ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін.  Мен «Көк бөрі» сөзінің мағынасын зерттеу барысында «көк» сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім. Мына төмендегідей мағыналарды сөздіктен таптым:

а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,

Құс алған көкке қарар (халық даналығы)

ә) Көк аспан – көк жүзі, аспан күмбезі

б) Көк күмбезі – аспан әлемі

в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин) [ 1 ]

г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.

ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.

М. Жармұхамедовтың «оғыз нама» дастанында «көк» сөзі айрықша жиі қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр:

А) Заттың  сын – сипатын білдіретін кәдімгі «эпитет» түрінде («өң – шырыйы көк еді», «көк жарық түсті», «жарық айнадан көгілдірек», «көзі көктен көгірек», «көк бөрі», «көкжал арлан»)

Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты («көк шатырымыз болсын», «оқты көкке атыңдар», «Көк – Оғыздың ұлының аты»)

В) Жаратушы, әмірі күшті Алла («көк тәңірі», «көктен көк жарық түсті», «қыз күлсе, көк тәңірі» мағынасында «тәңірі күлер еді, жыласа көк тәңірі жылар еді», «көк тәңірге мен өтемін») [ 2 ]

Мен бұл «көк бөрі» сөзін талдау барысында алдыма қойған көптеген мақсаттарым болды. Мысалы ең негізгілерін атап айтатын болсам;

ü  Байрағымыз неге көк?

ü  Түріктер өзінің шығу тегін неге көк бөріден таратады?

ü  «Көк бөрі» туралы көптеген аңыздар шындыққа ұласа ма?

ü  С.К.Игiбаевтiң «Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі» атты тарихи еңбегiндегі айғақтары нені дәлелдеді?

ü  «Оғыз қаған» жырындағы жол бастаған Көкжал бөрінің көк бөріге қатысы бар ма?

ü  З. Тұрсынханұлының кітабы неге «Көк бөрілердің көз жасы» деп аталды?

Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді. Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған. [ 3]

Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі;

Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ – қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады.

Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты – мыс. Он ұлының ең күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы  Асянь – Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен. [ 4 ]Мен оқып танысқан «Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабынан мынандай деректен  екінші сұрағыма жауап алғандаймын. Енді «көк бөрі» аңыздарының  шындығы қайсы десеңіз, б.з.V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпасы  Сарыжазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің  аты – Түркіт екен. «Түркіт» – «дулыға» деген сөз – күшті, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда – ақ темір қорыта білген. Темірден қару – жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. «Көк бөрі» аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін. [ 5 ] Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап салатын болған. Қасқырдың төтемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше. Сонау 535 жылы Ергене Күнде көтерілген Алтын бөрі бас ту мен Бөрі (Көк бөрі) деп шақырған ұран олардың ұрпақтарымен тарих көші соқпағында кешегі Хlx ғасырға дейін тозбай, өшпей бірге келді.

«Бөрі басы» – ұраным,

Бөрілі менің байрағым!

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып жүргенде

Бөлініп қалған жан емен, – деп келетін Сүйінбай ақын жыры осының куәсі. Бұл жыр жалғыз Сүйінбай ақынның сөзі емес, тарихтың сөзі. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін  ержүрек, батыл жігіттерді «Көк бөріге» теңеп көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді. [ 6 ]

Түркология пән ретiнде қалыптасқаннан берi оның зерттеу объектi кебiнесе байырғы Орхон ескерткiштерiнiң тiлi жене оның қазіргі түркi халықтарының тiлiмен болған байланысын зерттеу болып келгенi мәлiм. Ал,  байырғы түркi халықтарының тарихын түркi тiлiндегi байырғы ескерткiштермен, өзге де деректермен, бұдан бұрынғы ғалымдар еңбектерiмен салыстыра зерттеу, әсiресе, аталмыш этностың қазақ тарихымен байланысын жан-жақты қарастыру бүгiнгi отандық түркологияның басты мiндетi болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда, С.К.Игiбаевтiң «Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі» атты еңбегi осы бостықтың орынын толтыруға қызмет ететiн тың iзденістің жемiсi деп есептеймiн. Ол бұдан бұрынғы ғалымдар еңбегiн саралай отырып, түркi қағанатының қалыптасуы мен түркiлердiң этникалыкқ тегi, Қытайдың Таң империясымен болған байланысы, кейiн келе Түркi қағанатының орынында пайда болған өзге де қағанаттар туралы тың ойларын, ғылыми дәлелдерiн ортаға салады. Әсiресе, автордың Н.Я.Бичурин мен Л.Н.Гумилев еңбектерiне сiлтеме жасай отырып, олар тарапынан жiберiлген қателер, атап айтқанда, түркi халқы мен олардың билеушi тайпасы ашиналар монғол тiлдес болған, монғол тiлiнiң басқа диалектiсiнде сөйлеген деген пiкiрлерiне тойтарыс береді. Түркiлердiң ата-бабасы ғұндардың да, телестердiң де түркі тiлдес этнос болғандыын бұлтартпас фактiлермен делелдейдi.

Л..Н.Гумилев түрiктер алғашында Алтайға келгенде, олардың жауы алтайлықтар мен осы күнгi қазақтың арғы ата-бабалары болған,-дейдi. Сонда қазақтың ата-бабасы кiмдер едi? Гумилевтiң ойынша, қазақтар ата-бабасынан Түркiлермен мүлде қатыссыз бөгде этнос болғанға ұқсайды. Бұл ХIII ғасырға дейiн монғол үстiртiн мекендеген түркi халқының тарихын түркi халықтарының өзiнен аулақтатқысы келетiн, сол үшiн оларды бiрден монғол тектi етiп көрсетуге тырысатын көне кеңестiк атитүрiкшiлдiк идеологияның бiр көрiнiсi деуге болады. Л.Н.Гумилев бұнымен ғана шектелiп қалмайды, көне түркiлерден соң билiк басына келген ұйғырларды (этнонимi ғана өзгерген түркi тайпаларын) еуропалық нәсiл ретiнде көрсетедi. Бүгiнге дейiн көптеген ғалымдар олар айтқан жаңсақ пiкiрлердi бiрiнен соң бiрi көшiрiп алып пайдаланып келедi. Сөйтiп, түркi халықтарының тарихын көне түркi қағанатының тарихымен байланыстырғысы келмейтiн, керағар бағыт-бағдар беретiн концепция ғылымда әбден орнығып алған. Бұл еңбекте осы тектес концептуалды мәселелерге теориялық және дерекнамалық тұрғыдан талдау жасай отырып, қателiгiн ашып керсетедi. Түркi қағанатының құрылған жылын, бәз бiреулер айтып жүргендей, 545 жыл емес, қайта 535 жылдан да бұрынырақ екенiн атап көрсетедi. Бұл үшiн 535 жылы Қытайдың Вэй патшалығының түркi ордасына елшi жiбергендiгiн басты дерек ретiнде көрсетедi. Түркi тарихын зерттеп жүрген ғалымдар А.И.Крукчи мен С.А. Примбетовтардың Л.Н. Гумилев пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, VI ғасырдың басында түрiктер Қытайдың боданы едi деген пiкiрiн жоққа шығарады. Көптеген зерттеулердi, деректердi пайдаланып, Батыс жене Шығыс түрiк қағанатының ресми бөлiнген жылы 584 жыл екендiгiн көрсетедi. Сонымен бiрге, шығыс түркiлерiнiң Қытай қоластына қараған жылы жұрт айтып жүргендей, 50 жыл емес, айналасы 30 жыл екендiгiне сiлтейдi. өйткенi, 650 жылы Шығыс Түрiк қағанаты өмiр сүруiн тоқтатты. Бодан болды. Бiрақ 679 жылдан басталған көтерiлiстiң әсерiмен 693 жылы Шығыс түрiк қағанаты қайта кұрылады,— дейдi автор. Бұдан Шығыс түркi қағанатына тән түркi тайпаларының бодандыққа мүлде мойын ұсынып кетпегендiгiн .байқауға болады. Бұл түркi халықтарының кейiнгi тағдыры мен өткен тарихының арасында елдiк пен ұлттық рухты сақтау жолында белгiлi дәстүр сабақтастығы жатқандығын көрсетедi.

Сондай-ақ, еңбекте Түркi қағанаты мен одан соңғы ұйғыр, қарлұқ, түркеш, қыпшақ мемлекеттерiнiң тарихи сабактастығы туралы да ой өрбiтедi. Еңбектiң жалпы құрылымынан қарағанда, қыпшақ мемлекетi байырғы Түркi қағанатының заңды жалғасы ретiнде жарастырылады. Өйткенi, қыпшақтар да бiр кезде Орхонның шығысындағы байтақ даланы мекендейтiн түркi тайпасы болатын. Батыс түрiк қағанаты кезiнде олар тарихи деректерде айтылатын қимақтардың бiр тайпасы ретiнде дамыды. Түрiктердiң жол астында болып, түркi тiлiнде сөйледi. Батыс түрiк қағанаты жойылғаннан кейiн олар түрiктердiң өзге тайпаларынан бөлiнiп шығып, VIII ғасырда Ертiс өңiрiне иелiк еттi. IХ ғасырдың соңғы жарымында олар Ертiс бойында Кимак мемлекетiн жұрды. В.В.Бартольд те кыпшақтардың осы қимақтар негiзiнде дамып, жарыққа шыққандығын алға        тартады. [ 7 ]

Мына төмендегі аңызда Оғыз қаған жыры туралы бейнеленеді.

Күндерде бір күні Айқаған деген анадан еркек бала туады. Оның шырайы көк, аузы оттай қызыл, көздері қаракер, шашы мен қасы қара болатын. Ол анасының омырауынан бір – ақ  рет емеді де, шикі ет, тамақ сұрайды. Тез тілі шығып, қырық күнде жүріп, ойнауға жарайды. Бөрі белді, бұлғын жаурынды, аю кеуделі, өгіз аяқты болады. Өсіп – жетіледі. Сол маңда үлкен орман бар еді. Онда бір Қат дейтін жалмауыз аң пайда болып, ел – жұртты жеп қояды екен. Оны аулауға Оғыз қаған шығанды. Орманға барады да, бір бұғыны ұстап алып, талдың шыбығымен ағашқа байлап кетеді. Ертеңіне қайтып келсе, Қат бұғыны жеп қойыпты. Енді бір аюды ұстап алып, алтын белбеумен байлап кетеді. Оны да жеп қояды. Одан кейін өзі кеп тұрады. Қат келіп мүйізімен ұрғанда, найзамен түйреп, қылышпен басын шауып алады.

Бір күні Оғыз қаған ел – жұртына жарлық шашып, той жасайды. Тойдан соң, Көк бөріні ұран етіп, дүниенің төрт бұрышына қаған болмақ ойы бар екенін айтады. Оң жағындағы Алтын хан бірден бағынадыюСол жақтағы Үрім хан: «Сөзін қабылдамаймын. Тұрысамын!» – дейді.

Оғыз қаған Үрім ханға қарсы аттанады. Қырық күн өткенде Мұзтаудың түбіне келген соң, шатырын түсіріп, ұйықтап кетеді. Таңертең шатырға күндей жарық түсіп, жарықтан Көкжал бөрі шығып, Оғыз әскерлеріне жол сілтеп, Еділге келгенде тоқтайды. Осы жерде жеңіске жетеді.

Бұл аңыздан Көкжал бөріні тағы бір қырынан танығандаймыз. [ 8 ]

Мен Зәкенхан Тұрсынханұлының «Көк бөрінің көз жасы» кітабын қызықты  екенін естіп қысқы демалысымда оқыдым. Алғашында кітап сюжеті мені өзіне тартпаған сияқты болды.Алған істі аяқсыз қалдырмайтын әдетіммен тұтас оуға кірістім. Бірақ оқи келе кітапқа деген ынтам артып, бітіргенге дейін асықтым.

Зәкенхан Тұрсынханұлының бұл еңбегінде XII – XIII ғасырдағы Орта Азыяға Шыңғыс хан мен оның балаларының жасаған шапқыншылығы, жергілікті халықтың жанкешті қорғанысы,  көрген бейнеті, көз жасы көркем тілде суреттеледі.

Ал, автордың романды неге «Көк бөрілердің көз жас» деп атағаны, менің ойымша  кітаптың өз атында тұрған секілді. Себебі: Шыңғыс, Жошы шапқыншылығынан кейін күйзелген ел, жаншып басса да, жалғызын өлтіріп жылатып еңіретсе де берілмей бекем болған, езгінің астында ақситып азу тісін көрсеткен, қайсар да қайратты елді бөрі демей кім дерсің? [ 9 ]

Ал, қазақ тарихының басқа кезеңдеріне келсек, қай кезеңін алсақ та сол қайсарлықтың ізін көріп қалғандаймыз. Мысалы: жетпіс дыл бойы Кеңес еліне бодан болған, диктаторлық саясатта тәрбиеленген қазақ жастарының біртұтас Қазақстанның еркіндігі үшін жаппай көтерілуіне не себеп? Ата – бабамыздан мұраға қалған қанымызға сіңген ЕРКІНДІК пен БОСТАНДЫҚ сүйгіштігіміз бе, әлде сол қанымызға қосқан БӨРІ – АНАмыздың үлесі ме? Менің ойымша екеуі де, шындыққа ұласатын секілді. Себебі, басып – жаншып, өз ой, өз арманынан айрылған көнбіс халықтың бір күнде көтеріліске шығуына кім, не себеп? Әрине, бұған себеп қанға сіңген рухтық – киелі қасиет. Ертеңгі күнге деген сенім мен күшті біліктің арқасында қазіргі теуелсіздігімізге жеткеніміз дәлел.

«Көк бөрі», «Көк»- сөздері. Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Дәл осы сөз алпыс екі тамырында қазақтың қаны ойнаған бойындағы ар – намыс пен қазақтың қамын ойлаған мынау алып даламның төсін емген осы бір құт мекенде өсіп – өнген «көшпенділер» деп аталған бабалардың көшіне енген бар қазақтың қан жүрегінде сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгіме арғы тегі Көкбөрі деп саналған қайсар мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе – дағы көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған, тыңдағанда көкірегіңде намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз, қазағымның бүгіні мен ертеңінде талай- талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеуге себеп болары қақ. Жаңа ғасыр таңы тағы атқанда, қазағымды әлем танып жатқанда, Көкбайрағым көтеріліп аспанға, ынтымақ пен ырысымыз жарасқан бұл шақтарда көк аспан, ата-баба рухына сиына отырып жахандану көшіне алға тарқанда Қазақстан елі Евразия ғана емес бүкіл әлемге танымал болды. Бұған көптен себеп елбасы президентіміз Н.Назарбаевтің ұстанып отырған достық, ынтымақтастық саясаты болса керек. Көк байрақтың астында, иманды сөзі аузында, «алла» деген, «көк тәңір» деген ел- жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел      болғай! [ 10 ]

М.А. Отаубай
school3@edu.oskemen.kz.

Ақсақ Абадан


Мамыр айы аяқталып, мау­сым айы бас­та­лар тұстағы жек­­сенбі “Мал­шылар күні” деп қаулы қа­был­­дан­ғалы бұл күнді мал­шы­лар қауы­мы, әсі­ресе шопан­дар асыға күтеді.

Ақыры сағындырып, аңсатып барып сол күн де келді-ау.

Тәңіртаудың Аршалы атты бау­райы адам танымастай өзгерді. Сыртын ақ матамен қаптаған киіз үйлер жаңа түскен келіншектердей тізіліп, алыстан ақ шаңқан болып көрінеді.

Қызылды-жасылды жалаулар… Ән салған радио… Ақ үйлер сыр­тында ауылды қоршаған автомәши­нелер… Түтіні тулап ұшқан жер ошақтар… Сойылған малдың қан-жынына тойған маң төбеттер…

Шіркін, биылғы көктің ырғыны-ай. Таудың тарғыл тасына дейін гүлдеп кеткен тәрізді, арасында жүрген мал көрінбес шабындық. Баяғының ақыны: “жатып қалған бір қозы жайылып мың қой болған жер”, дер еді мұндай жазды.

“Қозы” демекші, басты әңгіме той да емес, осы қозы туралы болайын деп тұр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын сол кездегі патша Хрущев келгенде, біздің белсенділер оған тұлпар мін­гізудің орнына, Ақ Қозы сыйлаған. Кімнің идеясы екені белгісіз, әй­теуір Ақ Қозы табылды. Ол бейкүнә бейшара патшаңды қайдан білсін, патша оны қолына ала бергенде құ­ма­лақтап жіберсе масқара ғой. Сон­дықтан мал докторлары Ақ Қозы­ның ішін клизьмамен әбден тазалаған.

Мына биылғы тойдың иелері заманында сол Хрущевтің Ақ Қозыны көтергенін көрген.

Бұл кезде Хрущев жоқ. Бірақ аудан басшылары үшін Хрущевтен кем емес, облыс әкімінің мал ша­руашылығы саласындағы орынба­сары Сазанбаев мырза осы тойға әдейі арнап келіп, президиумда қасқайып отыр емес пе?!

Аудан басшылары, обалы не ке­рек, Ақ Қозыны таңдауын таңдапты-ау, үсті-басын сабындап жуғызып, аршыған жауқазындай етіп-ақ қойған екен.

Аудан әкімі тәп-тәуір баяндама жасап, жиналған халық шатырлата қол соққаннан кейін, сөз облыс әкі­мінің орынбасары Сазанбаев мыр­за­ға берілді. Соңынан озат малшы­лар сөз алды.

Ендігі кезекте сол озаттарды ма­ра­­паттау, сыйлық тапсыру рәсімі басталды.

Аудан әкімі Жапсарбаев облыс­тан келген Сазанбаев мырзаға елден ерек­ше ықылас танытып, дүйім жұртты таң қалдырып, тірідей Ақ Қозы сыйлады.

Мұндайды көрмеген ауыл адам­дары дүркірете қол соғып, оркестр құттықтау маршын гүрс еткізгенде қозы байғұс Сазанбаевтың үстіне құмалақ тастап, сиіп-сиіп жібергені-ай…

Қалың нөпір қыран күлкі. Анау-мынау концертіңнен осы көрініс мықты нөмір болып шықты!

Облыс басшысы сабырлы кісі екен, микрофонды қолына алып:

– Береке, байлық, молшылық болады! – дегенде әлгі күлекеш нө­пір қайтадан дүрілдете қол соқты.

Қыран күлкі көпке дейін тыйыл­мады. Бәрібір күлкі тыйылғанмен, гу-гу әңгімеге ұласты:

– Баяғыда Алматыға Хрущев келгенде осы әлгі Опера театрында сол көсемге осындай қозы сыйлаған, – деді біреу.

– Апыр-ай, сонда сол Хрущев “бұларың не?” деп ашуланған жоқ ей! – деді екінші біреу.

– Бірақ ондағы ақ қозы мына Ақ Қозы сияқты тәртіпсіз болған жоқ қой! Мынандай масқара болсыншы, не болар екен? – деді үшінші біреу.

– Е, ол қозы әбден “обработ­ка­дан” өткен ғой: оған “клизьма” жасап, әбден дайындаған. Мыналар сияқты ақымақ емес-те.

– Әй, қойыңдар, Жапсарбаев естісе ұят болады.

– Е, болары болды, бояуы сіңді. Енді әлгі Ақ Қозы қуырдақ болатын шығар.

– Тышқақ қозының етін жеуге тәбеті шаппайтын да болар.

– Қойыңдар қысыр әңгімені…

Содан кейін шынында да қысыр әңгіме тыйылып, қалың нөпір жан-жаққа ыдырай бастады. Біреулер палуандар күресін тамашалап, бір­сы­пырасы ат жарысын қызықтап, жанкүйерлер айқай-шу.

Көгі тапталған алаңқайда әскер­ше киінгендер түрлі-түсті шарға жел толтырып жатыр. Піскілеуден қарны қам­пиып қалған түрлі-түсті жібек шар жарысқа жұлқынған жүйрік­тер­ше тыпыршып, ары-бері аунақ­шиды.

Дәл осы кезде Жапсарбаевтың көмекшісі әлгі тышқақ ақ қозыны құшақтап, алқын-жұлқын жетіп келсін.

Әдетте адам отыратын қорапқа ақ қозыны таңып тастады. Асау атша алқынып, жұлқынып тұрған шарды қазықтан босатып кеп жібергенде қызылды-жасылды, сары жолақ әлгі шар аспанға ентіге көтеріліп, той алаңының үстіне шарықтай берді.

Бұрын мұндайды көрмеген ауыл-аймақ бәрі бастарын кегжитіп аспанға қарап қалды. Айнала у да шу. Таңдай қаққан таңғалыс.

Терістіктен ескен жуас жел ала-құла шарды Тәңіртауға қарай ығыс­тыра берді. Ақ Қозы шардың тілін білмейді. Ол енді бұл ұшқыш жібек матаны қондыра да алмайды. “Ұш­арын жел біледі, қонарын сай біледінің” дәл өзі.

Бұл тойға осы өлкеге келіп орна­ласқан әскери гарнизонның басшы­лары да шақырылған. Мына көрініс солардың малшыларға тартқан сыйы ғой. Бірақ Ақ Қозының орнында адам отыруы керек еді. Той болған соң ішің­кіреп алған әскерилер бұл тәртіпті ұмытыңқырап кеткен сияқты. Әуелі аспанға Ақ Қозы ұшқанына мәз болып, олар да қол шапалақтап еді, енді-енді естері кіре бастағанда: “шарды қалай қондырамыз” деп уайым жеп қалды.

Енді ол шарға айқайласаң даусың жетпес, айтқаныңа көнбес, таудың шат­қа­лына кіріп, көзден таса бола берді.

Әскерилер кендір төбелі машанға мініп, біраз қуып көріп еді, түйе тас­тардан өте алмай тоқтады.

Қошақан байғұс Ақ Қозы болып туғанына жазықты ма? Абыл мен Қабылдың заманынан бері мал бағып келе жатқан қазақ өмірінің ішінде аспанға қозы ұшырып көрмеген. Қазақ үшін малдың ағы не, қарасы не – бәрі бір емес пе?

Лауазымы биіктерге Ақ Қозы сыйлау рәсімі қайдан, кімнен шыққан? Хрущевтен бастап ондай заң-законға ешқайсысы қол қоймап еді ғой. Бұл қайдан шыққан әдет-ғұрып?

Ақ Қозы мұның түп-тамырын іздеп әуре болған жоқ. Бәлкім, оған мұншама биікке көтеріліп ұшу ұнаған да шығар. Бәлкім, басы айналып, зәресі зәр түбіне кетіп, қорыққан да шығар. Сірә, сонау зау биіктен жерге секіріп түскісі де келген шығар. Бірақ байлаулы ғой. Арқанын шешіп жіберетін де ешкім жоқ.

Бір Құдайдан басқа ешкім де араша түсе алмайды. Оның зарын құдіреті күшті Құдай ғана естір ме еді, бірақ Ақ Қозы маңырамайды. Заты қой баласы бауыздайын деп алқымына пышақ салып жатсаң да дыбыс шығармайды, қарсылығы жоқ; Кебенек ешкі сияқты бақырмайды.

Сонау Ыбырайым пайғамбардың дәуірінен бері қарай солай. Ыбырайым пайғамбарға аспаннан Әзірейіл жетіп келді.

– Алланың әмірі: тоқалың Ажар­дан туған ұлың Смайылды бауыздап, Құдай жолына құрбандыққа шаласың! – деді.

Алладан әмір жетсе, Ыбырайым пайғамбар оны орындамай тұра алмас, Смайылды бауыздайын деп жатқанда, Алладан рахым түсті:

– Ей, Ыбырайым, баланы босат, орнына мына Көк Қошқарды шал! – деп аспаннан Көк Қошқар түсірді.

Әне содан бері қой баласы құрбандыққа шалынады. Жануар қыңқ демейді. Төрт аяғы байланып, тамағына пышақ таянғанда ғана көздерін қалың қайғы қаптайды. Бірақ дыбыс шығармайды. Аспаннан түскен Көк Қошқардан бері солай.

Айтпақшы сол Көк Қошқардан кейін бірінші рет аспанда жүрген мына Ақ Қозы!

* * *

Ақ Қозы аспанда. Ылдида той, қызық-думан.

Ал осының бәрін құж-құж қотыраш жартастың үстінде шоқиып отырған ақ шулан ақсақ бөрі, әрине, көреді. Ақсақ Абадан адамдардың ылдидағы айқай-шу, көкпар тартқан тайталасынан гөрі, аспанда қалықтап, аңғарға сүңгіп келе жатқан түрлі-түсті ғажайыпқа сұқтана қарап қалды. Әсіресе оның таң қалғаны – ала шардың құйрығында салбыраған кәрзінкенің ішіндегі кәдімгі Ақ Қозы еді.

Ақсақ Абадан ақылы асқан ғұлама емес, әрине. Алайда әлем-жәлем матаға байланған Ақ Қозы ауада қалықтап жүре бермей, жерге әйтеуір бір түсеті­ні­не түйсігі жетіп, әлдебір молшы­лық­тан дәмеленіп, сілекейі шұбыра бастады.

Ақсақ Абадан көктен көзін алмады. Бұдан бұрын аспанда қанаттарын анда-санда бір қағып қойып, баяу қалқып жүрген Қыран Бүркітті көрген. Қазір ол әлем-жәлем түрлі-түсті алып “құсты” көріп, тайсалыңқырап кеткен.

Сонда Ақсақ Абадан: “Әттең, Қыран Бүркіт болсам ғой, анау Ақ Қозыны іліп әкетер едім-ау”, – деп еріксіз қыңсылап-қыңсылап, тарғыл тасты тырнап-тырнап жіберді.

Шарасыз ызадан тарғыл тастың несі кетеді, қайта Ақсақ Абадан аяғын ауыртып алды.

Пұшайман болған Ақсақ Абадан қанатсыз жаратылғаны үшін Жаратушы Құдіретке арыз-өкпе айтқандай болып, озандата ұзағынан ұлыды.

Бұл үрейлі үн шатқалға сұғына кірген ала шардағы Ақ Қозының құлағына шалынып, арланның азу тістерінен алыста болса да, тұлабойы мұздап қоя берді.

Ақсақ Абаданның ұлыған үнін Қыран Бүркіт те естіді. Егер ол арлан тілін ұғар болса, Ақ Қозыны теуіп жерге түсіріп, ақ шулан қасқыр екеуі бір жасап қалар еді.

Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,

Барар ем қалқатайға әлденеше! – деп алпыс екі айлалы Адам армандағанда, қасқырдікі не жорық?

Бұл өзі заманында көк бөрілердің ішіндегі нояны еді. Оның өзіне сай ма сай қосағы – қайралған қанжардай қаншығы бар еді. Екеуі бірге жорыт­қанда олардан Ақсу-Жабағылының патшасы саналатын Теңбіл Барыстың өзі жасқанатын. Кейін арлан қасқыр артқы бір аяғын “садақа” деп қақпанда қалдырды. Алмастай өткір азу тіс­тері­мен өз тарамысын өзі қиып жіберіп, құрыш қақпаннан құтылып кеткен.

Содан кейін де қанжардай қаншығы екеуі талай бөлтірік аяқтандырды. Талай-талай қанды жорықтарда бірге жүріп, біріне бірі сүйеу болды. Сөйткен киелі бөрілерді кие танымас адамдар аздырып-тоздырды. Ақсақ Абаданның айнымас серігі, қаншығы оққа ұшты.

Ақсақ Абадан жалғыздан жалғыз қартайып, ақ шулан тартты. Ендігі күні суыр ұстап, тышқан аулаумен өтіп жатты.

Сөйткен кәрі ноянның үстінен түрлі-түсті шарға ілінген Ақ Қозы ұшты да жүрді. Ақ Қозыдан дәмелі аш қасқырдың аузынан сілекейі шұбырды.

Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан. Жалғыздықтан ақ шулан Абаданның өзі көп жапа шекті. Баяғы көк семсердей көк бөрі кезі болса, оған қосақ ұрғашы табылар еді. Енді өзі ақсақ, өзі қартайған, қампиған сыртқы жүні ақ шулан тартқан, бірақ сол жүннің арғы жағы ап-арық, қабырғасы ырсиып, қаусайын деп тұрған қаңқа. Қаңқаға кім қарайды? Қаңқа неге жарайды?

Бұл да Құдайдың жаратқан ма­құ­лығы. Бір қошақан дүниеге келсе, Құ­дай бір түп жусанды артық жара­та­ды. Сол үлгімен ақ шулан Абадан аштан өлмесін деп дәл төбесінен анау Ақ Қо­зы­ны салбыратып қойған шығар. Жа­саған Ием, Жаратқан Құдірет рахымы түсіп, Ақ Қозыны жерге жіберер…

Ертеде, бағзы заманда Ыбырайым пайғамбардың Ажар атты тоқалынан туған Смайыл бабамызды әкесі құрбандыққа шалайын деп жатқанда Алладан пәрмен келіп, Смайылдың орнына аспаннан түскен Көк Қошқар бауыздалмап па еді. Ақ шулан Абаданды аштық ажалдан алып қалу үшін Алла тағала аспаннан Ақ Қозыны түсірсе, баяғының жолынан қалған жоралғы болар еді ғой…

Ақсақ Абадан Ақ Қозыны аңсап, ашығып жортқан осы уақытта; ылдида Тәңіртаудың Аршалы атты бөктерінде, аршалардың шипалы иісінен, аста-төк молшылықтан; зеңбіректердің босап қалған гильзаларындай бөтелкелерден, саба-саба қымыздан қызып алған адамдар қиқу салып, көкпар тартып мәре-сәре боп жатқан кез.

Несін айтасың, малшы байғұстың жылына бір көретін қызығы – жаннатқа кіргендей жайсаң кез.

Мұндай шалқыма шақта көпшілік бағанағы ала шарды да, Ақ Қозыны да ұмытқан, ықыласы көкпар мен аламан бәйгеге ауған.

Дүние деген шіркіннің, келбеті де, кепиеті де сондай: біреу тоқтықтан кекіріп жүреді, біреу аштықтың азабынан тамақ іздеп секіріп жүреді. Мысалы, мына түрлі-түсті шар жел қай жақтан үп етсе, сол жақтан ауытқып, шатқалдың ішін кезді де жүрді. Ақ Қозыдан көзін алмаған Ақсақ Абадан аспанның магниті тартқандай, шар қай жаққа аунаса, бұл да солай қарай тістерін сақылдатып, шойнаңдап ала жөнеледі. Қу тамақ не істетпейді.

Кенет шатқалды өрлей қуалап, құйын ұйытқып өткендей болған. Жай­барақат қалықтап жүрген шар түлен түрткендей оқыс жұлқынып, жағалау­да­ғы жартасқа барып соқтығысты да тарс жарылып, желі шығып кетіп, тө­мен­де алқынып, арқырап, көбік ша­шып жатқан ағысы қатты өзенге барып, былқ-сылқ етіп, құлады да қалды.

Ағысы қатты асау өзен әлгі жарылған шарды қақпақыл ойнап, ағызып алды да жөнелді. Кәрзіңке қайда, Ақ Қозы қайда, ұйпа-тұйпа, адам айырып болғысыз, ақ көбікпен араласып, адастырып кетті.

Адасып қалудан қатты қауіптенген Ақсақ Абадан енді ағыспен жарысып, ылдиға қарай үш аяқтап жанұшыра қарғып, кейде омақаса жығылып, қайта тұрып, Ақ Қозыдан көз алмай, жанталасып келеді. Ақ Қозыны таңып тастаған кәрзіңке бірде көрініп қалып, бірде көрінбей батып кетіп, қақпақыл ойнап бара жатады.

Енді бірде сарқырама биіктен құлап, ақ көбік арасынан көрінбей кетті де, едәуір уақыттан кейін, әлдеқайда ылдидан қайқаң етіп қайта шықты.

Осы арада асау өзен екі айырылды, ортада нардың өркешіндей дөңестеніп шағын арал жатты.

Сілікпесі шыққан түрлі-түсті матаны асау толқын өркештің үстіне лақтырып тастай салды.

Асау толқын түрлі-түсті шарды лақтырып тастаған түйетайлы өркештің тұсына алқын-жұлқын үшаяқтап Ақсақ Абадан да жетті-ау.

Мұхиттағы мұзжарғыш кемедей жоталанып жатқан өркешке қалай өтерін білмей Ақсақ Абадан алас ұрды. Буырқанған, ақ көбік атқан алапат ағысқа секіріп түсейін десе батылы бармай, аралдың тұсында шой­наңдап ары-бері жүрді де қойды.

Сөйтіп жү­ріп, күңгірт тар­та бастаған аспанға көзі түсті. Аспанда баяғы Қыран Бүркіт баяу қалықтап жүр екен. Өзін Құдайдың қанатсыз жаратқанына назаланып, Ақсақ Абадан көбік шашып жатқан дүлей суға қойды да кетті. Ақ Қозыны мына Бүркіт жеп қояды-ау деген қызыл-шиқан қызғаныш шыдат­пап еді, бірақ көкбет Абаданды асау өзен шөпшек құрлы көрмей қақпақыл­дап ары-бері аунатып алды да жөнелді.

Алқынған тау өзенінің албырттығы шатқалдан өтіп, жазыққа шыққанша ғана екен, енді бір сәтте Ақсақ Абадан суы тартылған малта тастардың үстінде қалғанын сезіп, есін жиды.

Түнеріп түн түсіп келе жатыр екен.

*  *  *

Алқаракөк аспанда пырдай болып жұлдыздар қаптап кетіпті. Тәңіртаудың түйе өркеш шыңдарының арасынан вулкан атқылағандай, дүн-дүниені аппақ сүтке шомылдырып, жарқырап Ай шығып келе жатыр екен.

Күндіз той болған жұрттың орны жым-жырт. Тіпті ештеңе болмағандай. Қиқу, айқай, ат шаптырып, көкпар тартылмағандай. Радиодан күй төгіліп, ақбоз үйлерден ән шырқалмағандай. Жым-жырт. Құлаққа ұрған танадай.

Ақсақ Абадан аштықтан бұралып, күлінің қызуы әлі басыла қоймаған ошақтарды тіміскілеп, сүйек-саяқ іздеді. Ақ түйенің қарны жарылған үлкен тойдан жұқана, жуынды-жемтік қалмауы мүмкін емес еді, расында да желінбей рәсуа болған тамақ мол екен, мелдектеп тойған адамдар тамақтың қалдығын шұқанақ қазып, соған төге беріпті…

Аштан бұралған, асау өзен жаңқа ғұрлы көрмей, тастан тасқа соғып ағызған Абадан мына жұртта қалған астың қалдығынан күпті бола жаздап, тұла бойы ауырлап, жер ошақтың жып-жылы күліне жата кетті.

Содан таң қылаң бере бір-ақ оянды.

Жан-жағына қараса – жан жоқ. Ар­шалы аңғарынан салқын леп соғып тұр. Аспанға қарап еді, Шолпан жұлдыз дір-дір етіп қалтырап, жаурап тұрған сияқ­ты көрінді. Жел жақтан қой қораның қолаңса шайыр аралас иісі келді.

Ақсақ Абадан шоңқиып отырған жерінен шаян шаққандай ыршып түсті. Аузынан сілекейін шұбыртып, соншама әуре-сарсаңға салған Ақ Қозыға кеткен ашу-ызасын ана сайда жусап жатқан бір отар қойдан алғысы келіп, жазда қойшылар отыратын таспен қоршалған қотанға шойнаңдап ала жөнелді.

Арналы сайдың ар жағы – жарлауыт жартас. Бергі жағы тайпақ. Ақсақ Абадан тастан қаланған төбесі ашық қораға жақындап келіп, жер бауырлап жата қалып, тың тыңдады.

Төңірек жым-жырт. Тек құлаған ескі қоралардың дуалдарынан сұңқыл­дап жылап отырған байғыз даусы естіледі.

Ақсақ Абадан адам емес, әйтпесе сол байғызға ішінен:

– Өз басыңа көрінгір! – деп ренжір еді. Кім біледі, қасқырлардың қарғысы басқа бір үнмен айтылатын шығар.

Байғыздың зары бір сарын, үзік-үзік, қайталай береді. Өз басыңа көрінгір.

Басқа дыбыс байқалмайды. Ал енді небір алыпсоқ маңтөбеттер осында. Бірақ олар күндізгі ұлан-асыр, астатөк тойдан ыңқия тойып алып, енді қалың ұйқыда жатқан сияқты.

Иттер сондай болғанда, “ай-хай дүние” деп арақ ішіп, дарылдап өлең айтып, той-тойлап, сілесі қатқан адамдарға не жорық! Нағыз сіреспе ұйқы соларда.

Осының бәрін барлап алған Ақсақ Абадан садыра сасыған қораның иісінен басы айналып, ішпей-жемей мас бо­лып, оның үстіне аспандағы Ақ Қо­зының ызасы буып, шыдай алмай, көзі тұнып кетіп, аласа тас қорадан қалай қарғып түскенін өзі де білмей қалды.

Тып-тыныш жусап жатқан мамыра­жай маңырамалар дүр-р-р етіп көтеріліп, біріне бірі тығылып, бірін бірі итермелеп ұйлықты да қалды.

Ақсақ Абадан дүниеге қасқыр болып жаралғалы бері, бөлтірік болып көзін жыртитып ашқалы бері басынан өтке­ріп келе жатқан азапты, қорлық өмі­рі­нің өшін, ай бір алып қалайын деп мына мыңқ етпес мол байлықтың алқы­мына кәрі азу тісін аяусыз басты дейсің!..

Ақсақ Абаданның араны ашылып кетті. Біреу-екеуін місе тұтпай, шетінен алқымдай бергенде, шайнамай жұтқан ыстық қаннан бөгіп қалғандай болды.

Сонда барып иттердің шабалана абалағаны, адамдардың қарлыға ай­қай­лағаны естіліп, тас қораның қақпасы сықырлап, ыңырси ашылды.

Ақсақ Абадан тас қорадан қарғып шығып қашпақ болып еді, үлгере алмай қапы қалды. Қартайған ғой сорлы; ұйлығып, біріне бірі тығылып, нығыздалып қалған қойлардың үстінен асып, тас қорадан қарғи алмай қалды.

Қанша айтқанмен Абаданның аты Абадан ғой, азуы алты қарыс арлан-төбеттердің өзі Абаданға бірден шабуыл­дауға бата алмай, іркіліп, құр бекер бажылдап шабалана үріп тұрғанда, мылтығын ала шыққан шопан әйтеуір тұспалдап атып салды. Гүрс еткен мылтық даусынан ақбас шыңдар сілкінгендей болды.

Оқ зая кетпей, Ақсақ Абаданның жамбасынан тиген екен, ұйлығып есі кеткен қойлардың үстіне төңкеріле құлады.

*  *  *

– Шолақ Шопан Ақсақ Абаданды атып алыпты.

– Ақсақ Абадан Шолақ Шопанның бір қора қойын қырып тастапты.

Осы бір хабар желді күнгі өрттей лаулап, қаулап, ылдидағы елге тез тарады.

Артынша:

– Ойбай, не дейсің, Шолақ Шопан екі немересін бірдей сүндеттетіп, той беріпті. Тойда көкпар тартылып, аламан бәйге беріліп, бүркітшілер қасқыр алыпты…

Осындай да хабар елге лезде тарады.

Ал шындығында Шолақ Шопанның қотанына Ақсақ Абадан түсіп, үш-төрт қойды бауыздап тастағаны рас екен. Мың қойдың ішінен үш-төрт қой кетсе – садақа!

Ал шындығында Шолақ Шопанның Ақсақ Абаданды атып алғаны да рас екен. Жамбасы күйреп, онсыз да Ақсақ Абадан алдыңғы екі аяғымен жер бауырлап, ақыры жылжи алмай, “плен­ге” түсіпті. Шолақ Шопан сақманшы­лары, жәрдемшілері, бәрі жабылып жатып, Ақсақ Арланның бас қаруы – семсердей тістерінен сақтану үшін тұмсығына тұмылдырық салды. Жағын қарыстырып, аузын буып тастады.

Алдыңғы екі аяғын да біріктіріп байлады. Осының бәрі аздай, тас қораға апарып қамап қойды.

Сұрақ туады: неге бірден өлтіре салмады? Бәрібір енді Ақсақ Абадан тіріде бұл қотанға тыныштық жоқ. Бір оқпен өлтіре салып, терісін сыпырып алып, өлігін құж-құж жар тастан лақтырып жібергенде – сонау шексіз аспанды кезіп, жемтік іздеп сансырап жүрген таз қараларға, ебедейсіз құладындарға сауап болатын еді. Солар бір тоятын еді… Сөйтсе…

*  *  *

Сөйтсе Шолақ Шопанның басына бір “идея” сарт етіп келе қалған ғой.

Екі бірдей немересін “бопақта­та­ды”, яғни сүндетке отырғызады. Ондай елеулі оқиға той-томалақсыз болмайды.

Той болған соң ат жарыс, бәйге болады, балуандар күреседі, аударыс­пақ, қыз қуу – бұлардың бәрі қызық, бірақ таңсық емес.

О-о, Шолақ Шопанның бұл тойы есте қаларлықтай ерекше болу керек. Шолақ Шопан бұл тойға бүркітшілерді де шақырады.

– Бүркітшілері несі? Той болған жерде аңдар жортып жүре ме екен?

– Қасқыр, түлкі, қарсақ тұрмақ, тірі тышқан жоламас!

– Жоқ, ойбай, Шолақ Шопан “сүрпіріз” депті дейді ғой.

– “Сүрпірізі” несі?

– “Сүрпіріз” деп жүргенде өзін пір атып кетпесін.

– Не де болса, бара көреміз…

*  *  *

Тойдың басқа қызығы өз алдына, ана саятшылар – қолдарына бүркіт қондырғандар не қызық көрсетер екен? Деген ынтық әр кеудеде бар екен, жұрттың көпшілігі Керметас­тың етегіне жиналды.

Бүркітшілер Керметастың жел­кесінде тізіліп тұр. Әлдекімдер әрі­рек­ке барып, темір тордан аузы-ба­сы тұмшаланған, аяқтары буылған, бөк­сесі қанға боялған қасқырды шы­ға­рып тастады да, өздері жүгіріп-жү­гіріп, қалың топқа барып қосыл­ды.

Атқа мінген той бастаушы шығар, қолындағы қызыл жалауды жоғары көтеріп, төмен қарай сермей кеп қалды.

Сол сол екен, сонау аулақта тұр­ған будканың ішінен бір түлкі тұра кеп қашты.

Жартас басында тұрған “аңшы­лар” бүркіттерінің томағасын сыпыр­ғаны сол екен, әлгі түлкі енді қалың жұрт тұрған жаққа қарай қашты.

Айқай-шу, мәшинелердің ыс­қыры­ғы – бәрі аралас, азан-қазан.

Түлкіні көзі шалып қалған бір бүркіт қалың нөпірге қарай шүйілсін. Бірақ адамдардың арасына кіріп кеткен түлкіден адасып қалып, әлгі бүркіт қызыл көйлек киген бір келіншектің үстіне қонжия кетсін.

Жұрт жабылып жатып, сорлы бүр­кітті қамшымен сабалап жатып, әрең ажыратып алсын. Қанжардай тұяқ­тар балғын етке кіріп кеткен екен, әрең ажырады. Жаралы ке­лін­шек­ке дереу “жедел жәрдемшілер” жетті.

Қамшыдан қанаты жайыла құлаған бүркітті “Жедел жәрдем” мәшинесі басып та кетті.

Келесі бүркіт тұмсығы тұмшалан­ған, алдыңғы екі аяғы тарс байланған Ақсақ Абаданның үстіне қонжия кетпекші болып келе жатқанда, жарықтық Ақсақ Абадан шалқасынан жата қалып, жалғыз сау аяғымен әлгі бүркітті кеудесінен теуіп кеп жібергені-ай!

Мұны аулақтан көріп тұрған жұрт шу-у ете қалды. Тіпті қасқыр атаулыны жек көретіндердің өзі:

– Ой, сорлым-ай!

– Ой, арланым-ай!

– Әй, кім өзі осы істі басқарып жүрген? Тоқтат мына сұмдықты! – деген айқай шықты.

Құтырынған асау ат мінген біреу омыраулатып жетіп келді:

– Бұл не шу, не жанжал! Кім қасқырды босат деп жатқан?

Көптің арасынан ақ жібек кимешек киіп, күндік салған, жасы ұлғайыңқыраған, аяғында әміркен кебіс-мәсісі бар, сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген көркем кемпір суырылып шығып:

– Ал мен айқайлаған, неғыла­сың? – дегені ғой. – Мен Хадишамын!

Ат үстіндегі албасты удай мас екен:

– Ө, әкеңнің… – деп аузынан жыны шашырап, дырау қамшымен Хадишаның жон арқасынан бір осып өтіп, аттың басын қайта бұрып, қамшысын қайта үйіре бергенде, Хадиша екі білекті сыбанып, жеңін түріп жіберіп, жас адамдай атылып, оны ұрмақшы боп, еңкейе берген мас бригатты жағасынан шап беріп, бір-ақ жұлқып, аттың үстінен жұлып түсірді.

Сөйтіп, бұл сүндет тойдың ең елеулі оқиғасы да, ең қызығы да, ең сұрапылы да Хадиша кемпірдің осы ерлігі болды.

Бұл кезде құдайға қараған, ра­хым-нұрдан хабары бар бірер кісі ба­рып Ақсақ Абаданның буулы екі ая­ғы­ның қыл арқанын қиып, тұмсы­ғын­дағы тұмылдырығын алып тастап еді.

Ақсақ Абадан оларға қарсылық көрсеткен жоқ. Жұрт соған таң қалды. Содан Ақсақ Абадан “Әулие қасқыр” атанып кетті.

Бірақ бір аяғы бұрыннан ақсақ, оның үстіне оқ тиіп, бір жамбасы қираған Абадан кирелеңдеп, орны­нан көтеріле алмады. Тек Аспанға қарап тұмсығын көтеріп, арызын Аллаға арнап, Алладан ғана медет тілеп, азынап бір ұлыды дейсің. Ай, аңырата бір ұлыды дейсің…

Мұны естіген адамдардың иманы қасым болып, жүректері мұздап, өлік шығарғандай, үйді-үйіне үн-түнсіз тарап бара жатты.

Шерхан МҰРТАЗА

ЖАҢАЛЫҚТАР
2009-11-27 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық спортшы Мая Манезаға құттықтау жеделхат жолдады. Толығымен

2009-11-27Президент тапсырмасы басты назарда

Толығымен

2009-11-27Батыс өңіріндегі іс жағдайы қаралды

Толығымен

2009-11-27Стратегия жобасы талқыланды

Толығымен

2009-11-25Германияда болып қайтты

Толығымен

2009-11-25 Кеше “Қазақстан – бейбітшілік пен ке­лі­сім мекені” деген атпен халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Толығымен

2009-11-25 Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды Толығымен

2009-11-25Маңызды келісімдер мен келіссөздер аптасы

Толығымен

2009-11-25Хроника

Толығымен

2009-11-24Елбасы қабылдады

Толығымен

Мұрағат


ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР


КӨК БӨРІНІҢ КИЕСІ НЕМЕСЕ ҚАСҚЫР НЕГЕ ЦИРККЕ ҮЙРЕТІЛМЕГЕН?


Қасқырды халық зоопарктен кезіктіргенімен, әлі күнге дейін цирктен көрген емес. Азулы арыстан, альш аюлар адамзаттың алдында қызмет «етіп», табиғи тағылығынан айырылғанына да талай заман болды. Ал қасқырға тән қасиет оның қанын әлі күнге дейін сұйылтқан жоқ. Зоопарктен күнделікті біз көріп жүрген қасқырлар — шарасыздықтан қамалған хайуандар. Олардың адам аярлық сықпыты – тұз тағысына байланысты әңгіменің ең көңілсіз, көлеңкелі бөлігі. Ал енді шексіз-шетсіз, ұлан-байтақ даланы еркін кезіп жүрген жабайы хайуан жайлы шертілетін сыр да бөлек, әңгіме де ерен.

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он үл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс… Тағы бір аңыз: «айдай сүлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…

Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Қасқыр – қайсар, аса сақ, қу хайуан.

Қайсарлығы – оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.

Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көн-бейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл – қасқырцың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі. Цирк саласында қасқырға қатысты әңгіменің қозғалмауының себебі де осында болса керек. Яғни «аю тырнап тастады» дегеннен гөрі «қасқыр жарып кетіпті» деген сөз әлдеқайда қорқынышты естіледі. Демек, бұл көкбөрі ұрпақтарының тәуелділікке көнбейтіндігінен хабар береді.

Қасқыр – дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықгай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұр…

Шолпан Құрманбай

«Ну, погоди!» несімен қызық?



Қоян қашып, қасқыр қуып жүретін осы бір қойылым көрсетіле қалса, бала-шағамызбен теледидардың ішіне кіріп кетердей боп тамашалайтынмыз рас. Өйткені бұл жүз қайталап көрген жанды да жалықтырмайтын, сюжетті күлкі мен қызу тартысқа құрылған дүние. Сонысымен қызықты. Бірақ астарына үңілдік пе? Өзін Ашина қасқырдың емшегін тартқылап өскен түркінің ұлымын дейтін тарихымызды бір сәт еске түсірдік пе?..

Әр ұлыстың кие тұтқан тотемі бар. Түрік жұртының кіндігі тарауына себепкер қасқыр (Ашина көкбөрі) болса, қалмақ, жоңғарда жыланды (Орантелегей «Оран» көне Алтай тілінде жылан, «телегей» алып, орасан деген мағынаға ие), чукот қауымында бұғыны (басы адам, денесі бұғы жануардан адам жаратылады) культ ретінде бағалап келді. Ал осынау тотемге қатысты халық туындатқан аңыздар оның күш, киесін де арттыра түскен. Түркі баласы, жалпы, көшпенді қауым үшін қасқырдың орны ерекше. Тіпті түркі ұлысының бір тарапы осы қасқыр есімін иеленуі де тегін болмаса керек (Башқұрт – бас бөрі). Халық арасында қасқырдың тісін бесікке ырым етіп ілетіндер әлі де ұшырасады.

Қасқырға қатысты деректердің дені ауыз әдебиетімізде шоғырланған. Оғыз қағанның әскерін жауға шығар алдында көкжал арлан бастауы, Оғыздың жұртына арнап:   Көк бөрі ұранымыз болсын, Теңіз шалқып, өзен ағып жатсын, Көк бөрі қорғанымыз болсын! – деп ұран тастауы тегін бе? Заманауи әдебиеттегі Көксерек пен Тасшайнар бейнесінен бөрілік кепті айқын көреміз.

Хакас жұртының «Албынжы» дейтін эпосында «Ах пуур» (Ақ бөрі) құтқарушылық мәнге ие. Қырғыз жұрты Манас батырын «Көк бөрі сұлтан» деп дәріптесе, қазақта күні бүгінге дейін «бөрідей жігіт», «көкжал жігіт», «қасқырдың жүрегін жұтқан» деген теңеулер қолданылады.

Қасқыр – көшпенді жұрттың символы. Көшпенділер қасқыр тақылеттес топтасып, бірге жүрді, күнде жортты, түнде жортты. Арландай азулы болды, жегені ет болды. Ал осы дала еркесі болған көшпенділер славянқандылар мен Еуропа жұрты үшін ең қорқынышты, үрейлі жау еді. Олар көшпенділерді адам демеді, қасқыр деді. Еуропа мен ежелгі Русьта адам жейтін қасқыр-адам туралы аңыздардың мол болғаны да белгілі. Осы қорқыныш уақыт өте келе қасқыр бейнесін кері мағынада түсіндіруге, нашар ұғым қалыптастыруға алып келді. Қасқырға қырын қарау – қасқыр мінезді жұртқа қырын қарау еді.

Қызыл империя қасқыр бейнесін санадан жоғалтпаққа әрекет жасады. Қасқырды ақымақ та әңгүдік етіп көрсетудің астарында оны пір тұтар жұрттың рухын төмендету идеялогиясы бұғып жатқан болатын. Сол себепті де кино әлемінде «Ну, погоди!» пайда болды. Бұл дүниені жасау Кеңес Одағы тұсында «Союзмультфильмнің» еншісінде болып келсе, соңғы сандарын мәскеулік «Кристмас Филмз» студиясы құрастырып келген. Анатолий Папанов дыбыстайтын қасқыр образы нақ бір құдай атқырдың өзі. Бұзақы, ортасына жұғымсыз, жұртқа сүйкімсіз, сонысына қоса ақымақтығында шек болсайшы… Ал жұдырықтай қоян осы мінезге кереғар тип. Назар салған адам бұл көркем қойылымда қасқырдан өзге жануардың барлығының ақылды да ізетті екенін көре алар еді. Мысық – сиқыршы, аю – тәртіп сақшысы, жанат – спорттық төреші, құндыз – құтқарушы, керік – билет сатушы, шошқа – тігінші… барлығы да қоғамға керекті, пайдалы образдар. Ал осы ортада алабөтен әумесер қасқыр ғана.

1969 жылдан бастап 2005 жылға дейін жалғасқан 20 серия бүтіндей екі ұрпақтың санасы қасқырды ақымақ бейнеде танып, білді деп айтсақ артық емес. «Союзмультфильмнің» бұл жолдағы әрекеті тек «Ну, погадимен» шектеліп қоймаған, қайсыбір туындыда қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып та азап шегетін.

Бұл тұста идеология қазанын қайнатушылар өтірікке де бар. Өйткені қасқыр олар бейнелегендей шексіз топас болмайтын. Аңкөс жанның бәріне белгілі нәрсе – шынтуайтында, қасқырдан әккі, қасқырдан ақылды хайуан жоққа тән. Қасқырды жігіттің қасқыры ғана ала алады.

Бір дерек
Қасқырды түркі жұрты «бөрі» деп құрметтеді. Кейбір деректерде «Көк Құрт» деп те атайтыны байқалады. «Көк» – Тәңірі ұғымымен сыңарлас. Моңғол даласынан Түрік қағанатының алғашқы кезеңіне тән тас бетінен аяқ-қолы кесілген бала мен қасқыр бейнесі табылған. Бұл белгі Ашина қасқыр туралы аңызды жандандыра түседі. Қытай жылнамаларында, Гұндар мекен еткен Ашин елін жау шауып, тек қол-аяғы кесілген тоғыз жасар ұлды ғана тірі қалдырады. Оны қаншық қасқыр тауып, асырап, оның балаларының анасы болады. «Ашина» атауы мейірімді бөрі деген ұғымды білдіреді. Түркі даласында болған саяхатшылар жазбаларында «олар өздері анасы санайтын қасқыр басын құрметтеп, байрағында бейнелеген», «түркі жұрты қасқырдың ұлығаны секілді созылыңқы әуендер айтқанды жақсы көреді» дейтінінде шындық бар.

Лира ҚОНЫС