«Үш қоңырды» шырқаған моңғол азаматы Б.Бямбжав


Мұзарт Цамвыгарв шыңының ұсті Б.Бямбжав екеміз.

Мұзарт Цамвыгарв шыңының ұсті Б.Бямбжав екеміз.

Көрші Хобда аймағының ұйымдастыруымен біз Моңғол Алтай шыңдарының ең үлкен мұздақ шыңдарының бірі, биіктігі 4208 метр болатын Цамбагарв шыңына шығу үшін шығыс оңтүстігінен шабуыл жасадық. Арамызда тілші, дәрігер, бастық дейсің бе әйтеу  құрамымыз әр түрлі барлығы 20-ға тарта кісіміз. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Мекенім-Өлгейім


Бөкеннің баурайында
Таулы өлке жайлауында
Қазақтың есімінде
Тербелдім бесігінде
Ай мен Күн жанды тербеп
Гүл терген белін төр деп
Еліктей еркеледім
Талпынып тауына өрлеп.
Басымда бар бағым да
Ар-намыс, ардағым бар
Шетінеп бұзылмаған
Қазақы қаймағы да
Бай-Өлке аймағымдай.

Көк түрік мекенінен
Әлемге аңыз кеткен
Тас жазба – куәгерім
Көнеден бізге жеткен
Бабалар сырын тербеп
Тарихтың үнін шерткен
Ғалымдар шежірені
Таратар ата тектен
Байлығың – баба мұра
Ұрпақтың бойына еккен.
Самалы сазға толы
Сиқырлы сыбызғы үнді,
Тау-тастың жаңғырығы
Құпиям қобыз тілді.
Қоңырау таққан құлын
Күмбірі арғымақтың
Жан серік домбырамнан
Аққу боп қанат қақтың.

Самалы сайран құрған
Осы бір сахараға
Наймандар хандық құрып
Найзасын нық қадаған.
Кең дала Күн кеп өпкен
Керейлер билік еткен
Ұлымын деген Тэмужин
Керейден жәрдем күткен
Өзі болып толғаннан соң
Ажырап біткен жіктен.
Ес жиып…
…сол Керейді
Қолдаған…
Жүндей түткен.

Сан қилы тағдыр кешкен,
Сан жұлдыз жанып-өшкен.
Бір бота кейін қалған
Тарихқа кеткен көштен.
Тағдырдың тәлкегінен
Өмірдің тар шегінен.
Адаспай аман қалған
Намысты ар-кегімен.
Атажұрт күйін шерткен,
Домбыра зар шегінен.
Көнежұрт орнын бақтық,
Аруаққа шырақ жақтық.
Бабадан қалған қазына
Алтайдан аса қарап,
Қастерлеп тұмар тақтық.
Таң шығы- моншақ теріп,
Тағдырын ғажап көріп,
Талпынар таң нұрына
Арманын жұлдызға өріп.
Аруана асыл текті,
Маң далам, саған шөкті.
Қырыңда тұлпар дүбір
Мекендеп қыран көкті.
Ырғалған Зеңгі баба
Төлімен ырыс кепті.
Тегене құйрық қойдың
Қозысы белге кетті
Жарыса ұстап алар
Қай бала қолы епті?!

Ай-Жұлдыз жымыңдасып,
Күн күлер таудан асып.
Нұр төккен туған жерде
Жарқын жүз, қадам басып
Бір жүрміз араласып…
Қастерлі қара шаңырақ,
Мұра боп кімдерге өтіп,
Саят қып, ат жүгіртіп,
Қыранды көкке өрлетіп.
Шешен сөз шиырында
Көсемсөз жан терлетіп,
Батамен жан тербетіп,
Келеді ұл ержетіп.
Қандас бар ақбоз үйден
Ас берер жатсаң өтіп.
Бақ мекен – Баян-Өлгей
Жерінде мекен етіп
Мен – соның бір талымын
Жерінде қалған бекіп..!
Жанарбек Ақыбиұлымын