Қара жорға шаңына бастырады…


Қара жорғаны басқа ұлтқа тели салу менің ашу ызамды тудырды.Содан Өрімтал,Өркенің блогында Беріктің қаралаған жазбасын алғаш оқысымен ашумен жағымсыз пікір жазғанымда кеиін білдім.Ол кезде жаңа жылдың дайындығы деп қарбалас жүрген едім.(Оқырмандар мен жайлы жаман ойлап қалмасын дегенім ғой Ел басылық сайлауда тақап тур))).Блог иелерінне кешірім сұрап өз ой пікірімді осында білдіре кетеуді жөн көрдім!

Иә өз басым Қазақтың ұлттық құндылық деген әр неге ерен жауапкершілікпен қараймын.Егер кімде-кім қазақтың ұлттық өнеріне ұлттық дәстүр салтына қатысты намысымызға тиетін қандай бір жағымсыз әңгіме,іс не жазба көрсем… әй қарап отыра алмайтын шығармын… Ондайда бәрі -бәрі құрысын…

——Осыдан болар Қара жорға Қазақтікі емес Монголдікі деген жазбаны алғаш оқығанда тура қаным басыма шапты ,байқасам автор Қара жорғаны Діни тұрғыда қаралайтын секілді, содан қарап тұра алмадым…
Тек Қара жорға емес қазақта бұданда көп билері баршылық.Қазақ өнерін қойып өзі жер жүзіннен құрып кете жаздаған заманда, қазақтың өзін қойып қазақтың төл өнерін кім статикаға тізімдеп жүрді дейсіңдер.Қазақатың өз төл тарихын Қазақы көзбен қайта жаза бастағанымызғада мінеғана 20 жыл болып жатқанында жоққа шығара алмаймыз ғой..
Құдайға шүкір қазақ тариққа кенде емес екен Есіктен алтын адам шығып әлемге қазақтың ата бабалары есте жоқ ескі заманда алтынмен апталған киім киген, ал қызығыңдар- деп елге жар салдық, әлем болдырып таң қалдырдық. Бұл алтын адам біреу ғана емес Қазақтың барлық жерінен шығып жатса Бабалардың жер байлығын пайдаланған шеберлігіне разы болып Бұл біздің ,менің, қазақтың тариқы дегенге сенемізде ..Тағдыр тәлкегімен шеттен келген ағайын қазақтың өнер биін сақтап жеткізсе разы болғаның орнына неге сенбестік таныту ол қай дінділігіміз,қай қазақтығымыз?Дін сенумен басталса сол сенің сенімсіздік пйғылыңа қарап дініңе кумәнім бар?
Сол монголдар қазаққа қандай құрмет жасағанын білесіздер ме? «Қазаққа жазу- сызуды біз уйреттік»- дейтін Лениннің партиясының шатпырағын жоққа шығарды. Монголдың даласында Ұлы Қазақтың нағыз өз ата бабасы көк түріктің жазуы бар тастар табылды.Содан Қазақи ой, тарих қайта керемет өршіл серпінмен кеңейді.Сол жазулы тастар Қазақстан даласында болған, бірақ көбі қиратылып жойылған.Әр түрлі жолмен.Ал, Монголдар соны құртуды қаламады, себебі Хүн тайпалық дәуірдегі тайпалас деп бізді сыйлады.Сақтап бізге жеткізді.Оны біз егемендік алғанан кейін ғана біліп жатырмыз.Ал, «Қара жорға»-да солай.Монголдар сол бір бабалар жазба тастарын біздікідеп жазғанын таласқанын естімеппін.Ал біздікі қай сасқанымыз.Дін дін дегенде ұлтық құндылықпен алыссын деппе дініи көсем атамандары?

Бұл жазулы ,сызбалы, суретті тастарды бекер айтып отырғаным жоқ.Осы саланың ғалымдарының айтуынша сол ғасыр дәуірде би жақсы дамыған екен .Бізге жеткен тастағы кейбір суреттерде биші адамның суреті бейнеленген дегенін оқыпта естіп жүрміз. Өйтсе Түрік тектес халықтарға ортақ тарих болып саналатын сол тастарға қарап қазақтың ұлттық билерінің бастауы ескі заманда қалыптасып үлгергенін әлі-ақ ғалымдар анықтай жатар.Керек десең нағыз айғақта,пәктіде сол болуы мүмкін! Әлемде би атаулының шыққан төркіні,би падишасы қара жорға екенін дәлелдеп сұранып түрған жоқпа?Бұған қарап жасампаз еңбек мәдениет әлемінің көш басшы төркіні осы қара жорғаның ақы иесі қазақтар екенін тағы ана жылқылардың алғаш пайдаланылған қазақ екені секілді анықтап айғақтап шығар ғалымдар.Оны уақытында көреміз.

Қазақты өзін-өзіне жау еткен отаршыл саясат…

Комунизімнің дүркіреп тұрған шағында қазақ жазба әдебиетінің көш басшыларының бірі Сәбит Мұқанов Монголиядағы Баян-Өлгий обылысына барып сондағы қазақтардың тұрмыс тіршілігімен танысып сондағы қазақтың көне сыбызғы тартқан сыбызғышыларын тыңдап, көзіне жас алыпты дейді.Нағыз Қазақи әдіспен сыбызғы үнін дәл осылай шығарады- деп.жарықтық қуанған ғой.Сондағы ақсақалдар Сәбит Мұханов «Бала кезімде кәрі сыбызғышыдан ғана естіген едім осылай сыбызғы тартысы құлағымда қалып қойыпты, енді міне сіздердің өнерлі деген әр біріңіз шертеді екенсіздер»- деп біраз сыбызғыны алып қайтыпты елге- деп күні -бүгінге дейін қайталап жазып айтып жүр, соны өз көзімен көргендер!
Қазір қазақстаның әр жерінде осы бір көмейден шығатын көне сыбызғы үні Атажұрттың әр бір жерінен үні шығады. Оны сол кезде ешкім Баян-Өлгийден келді монголдың үні деген жоқ .Себебі Сәбит Мұқановтай кезінде естіп үні құлағында қалғандар ,не білетіндер сол кезде көненің көздері бар еді.Және сол кезде комунизм қазақтікі деген нәрсенің бәріне жау еді. Соған қарамай ұлы жазушы Сәбиттің арқасында сыбызғы үні Қазақстанға оралуына қайта жандануына мұрындық болған еді .
Ал соның бәрін сақтау шеттегі Қазақтарғада оңайға тиген жоқ. Қара жорға мен сыбызғы өнерін қазақтың көне күйлерін,Тұрмыс тіршіліктегі қаншама бұйымдар деисің бе? бәрі- бәрін өте мұқият сақтай білді .Тіпті біздің жақта руы Найман болғаны үшін 1937-1938 жылдары атылып кеткендерде көп болды.Тіпті ислам дінділігі үшінде көбі атылды.Әйтеу құран оқый алатындардан бірде –бір адам қалдырмай атты қырды .Жазу жаза алтын оқый алатындар алдымен кетті.Одан бұрын 10 жылдың алдында ғана бағынбадың қарсы шықтың деп Ақылбек деген қазақты тірідей терісінен сойылғанын, ол тері қазір Европадағы Прага қаласында музейде тұрғанында білемін. Міне осылай қырылып,сойылып, атылып жатсақта қазақтың көп ұлттық құндылықтарын сол қалпында сақтап Ұлы бабалар жері кеилі топырағы Қазақстанға жеткізді.

Біздің жақтың апалары былай кейіп жатады «Өзің білме,білгенің тілін алма»
Осылай жеткен қара жорғаны қойып …. Қытайдан келген қазақты қытайсың десе,Монголиядан келген қазақты монгол дейсіңдер..Бұл өтірік емес..
Ал сол шеттен сақталып аман жеткен Қара жорғаны басқа бір ұлтқа тели салу әрине менің ренішімді тудырды…Американы жаңа ашып жатқандай еліріп талқылауларғада жол болсын, бірақ еріктерің өздеріңдеғой ешкім ешкімнің аузына қақпақ бола алмайдыда.
Қара жорғаны монголдар біздікі деп таласып жатқан жоқ…Басқа ұлт бұл басқанікі деп сынап мінеп жатқан жоқ ..Өз ұлтыңның ерен төл өнерін өзің жоққа шығарып мінеп сынағаннан Қаражорға билеусіз қалмас.Тойлар қара жорағсыз биленбей қалмас.Атақты қазақтың күрес түрін көп әдіс тәсілін бізден бұрын үлгергендер қаншама әдіс тәсілді бұрын әлемдік патент алып кетіп сан соқтырды…Ел басының айтуынша тенгені тенге емес ту басында Сом деп алайық -деп жүріп оныда басқалар алып кетіп біз тенге деп ауыстырдық деген әнгімені естігенбіз.Ал енді кеп өз бимізді өзгеге өзіміз теңей салуға жол болсын.Қара жорғаны қытай қазақтары ең көп билеген адам санымен әлемдік рекорт жасап тастады .Қандай керемет қандай тамаша ұлтжандылық деші.Қазақстаның әр түкпірінен осы рекортты бұзуға жастар шықты көрдік,нағыз руқты болашағымыз деп соларды айт. Ерліктеріне қол соқтық.

Европадан Арыстан аға бастаған бірнеше адам Қаражорғаны билесе ,қытайдан қандастар көп адам билеуден әлемдік рекорт жасауы, ол жақта қаншалық адам билейтінін байқауға болады. Ал Баян-Өлгей қазақтары Атамекен егемендік алысымен қазақ еліне қаражорғаны алды кеп Қазақастанда билеп жүргеніне 20 жылда болып қапты. Баян-Өлгийде қызу қандылықпен тамаша билейді тіпті тағы басқа қазақи би түрлеріде баршылық.. .Қара жорға кездесоқ пайда бола салмағанын осыдан анғаруға болады.Қара жорғаны әлемге паш еткен қытайдағы қандастарымызға шексіз ризашылығымзыды айтамыз.

Қазақтың би әлемінің көнесіне тоқталдық жаңа заман көш басындағыларын шолып өтсек ше?

Шара Жиенқұл, Гүлжан Талпақ, Дәурен Әбір, Зауыр Райб,Рамазан Бапов танымал балетмейстер Болат Аюхан сынды бірқатар бишілеріміздің сонау социализм жылдарының өзінде ұлтымыздың би өнерін дүниежүзіне танытып қана қоймай, әлемдік сахнада өнер көрсеткенін бәріміз білеміз.Соның ішінде ұлттық билерді құбылтып жаңаша құлпыртып билеген Қазақтың би өнерінің құдыретін паш еткен бәрімізге еңбегімен ерен танымал биші апамыз Шара Жиенқұл дүние жүзін аралады. Ал ұлы отан соғысы тұсында өз ансамблімен окоптарда концерт берді. Шараны таныйтындардың естелігінде 1927 жылдары 16 жасында ақ «Бишіқыз» атағы кең таралған екен. Шара және Шараның заманында билеген барлық бишілер бабалардан келе жатқан қазақ биін құлпыртып құбылтып бізге жеткізгенін, Қазақтың биі болмаған деп көзін жұмып мөңіреп жүргендерге айта кеткенде жөн сияқты.Бір Шараның өзі «Қазақ биі», »Сымбат», «Өмірім менің- өнерім», «Би құпиясы» атты кітап жазып кетуі қазақ биінің қатпарлы тарихының тек бір беттері ғана екенін байқаймыз.Енді осыған қара жорғаның бізге жеткізген Баян-Өлгей қазақтары мен Қытайдағы қазақтардың көне билермен жаңа заман билерін жалғастырушысы мен,кәсіби бишілерді тізіп жаза берсек том томдаған романдар талай түйеге жүк боларын айтпай түсінген боларсыздар. Естеріңізде болсын ондай майталман өнер иелерін жазған романдарды өнер әлемінің исі мұрынына да бармайтын есектер көтере алмайтынын ескертіп қойайын белі сынып кетпесін дегенім ғой.Қазақ биінің тарихы тұнғыйық тереңде жатыр сол тереңнен асыл маржанын теріп алуды балықшыдай телміре түсеміз әлі. Әттең бір Шараның өзі көзі тірісінде еңбегін бағалап, би падишасын кең көлемде насихатталған болса мына жұрт Қазақтың ұлттық биінен хабардар болар еді деп ойлаймын.Қазақ республикасы орнасымен қазақтың би ансамбілі құрылғанын олардың қаншама жылдық тариқи еңбектері бар екенін біреулер білсе біреулер білмес.Солардың қатарында көптің бірі болып Шара апамыздың қоржынында Оның зерттеушілік және орындаушылық енбегінің арқасында жетпістен астам халық биі өмірге қайта оралғаны біздің алтын қазынамыз емес пе еді.

Жасы үлкен адамдар қара жорғаны, азырақ толқын жасап, баяу билейді,Қандай белі ауырып шойрлып жүрген апай ағалар Қара жорғаға келгенде жайнап кетедіні сондай әсем әсерлі қыимылымен назарыңда ерксіз баурайды, Ал жастар жастық арындары мен асау сезімдерін көрсетуге құмар келеді де, бесті асаудай мөңкіп,шауып жорғалатып әр түрлі әрекеттер жасап жанды билейді. Кей әрекеттерді нағыз қазақтың жайлаудағы тұрмыс тіршілігін көз алдыңа келтіріп әсерлеп көрсетеді.Былай қарасаң бірдей сияқты көрінгенімен, әйелмен еркектің қозғалысында өзіндік айырмашылықтар болады. Қара жорға биі көңіл ашу сипатындағы фольклорлық өнер болғандықтан, биді кез-келген адам билеп, еркін қатысады, белгілі арнайы би ережесі жоқ.Қайда? Неге? Қандай? той мерекеге байланысты,соған негіздей әрекетері құбылып құлпырып отырады.Ол бишінің талғам, дарын талантына байланысты түрленіп отырады.Қара жорға билеп жүрген бидің нақты күйі Сал күрең күйі, бұл күй қытайдағы қазақтармен және Баян-Өлгей қазақтарынан домбыра ұстар жаннан осы күйді білмейтін шертпейтін жан жоқ деседе болады.Бәлкім қайда жүрседе домбыра мен сыбызғыны жанынан тастамайтын қазағымның көне күй әуенінің құдіретінің кереметі болар балқытып шалқытып еріксіз билетіп қойған.Білген жанға халық күйлерінің бәріне билеуге өте қолайлы.Қара жорға биіде күйіде қиялдан тумаған, бәрі-бәрі тек күнделікті өмірден негіз алып пайда болғандықтан халық мұрасы заманаға сай құбылып құлпырып қоймада шаң басып жатпай өрге өршелене жорғалайтыны нағыз қас жүйріктің белгісі емеспе.

Ал дінге тіл тигіздің деп мен айыптағандары соның ішінде Ислам дінділерден Ханафия мазқаптағылардан кешірім сұраймын Менің ренішім Исламның діндегілер емес еді..Олар басқа дін атын жамылып арамызға от жаққысы келетіндерге еді… мен ашуға булығып кең көлемде жаза алмаған едім .
Мәнісі былай еді менің жазбақ болғаным .Діннің атын жамылып діни ертегі фантазикалық қиялмен елді қорқытпақ болған сезімдері мен сенімдері таяз діни бөлшек ағымдардың айдауында жүрген қандастарыма айтылған реніш еді.

Дініи кеибір ағым бойынша ұлт деген жоқ. Егер дiни ағымдар әрбiр ұлттың құндылығын қастерлей бiлсе, менде ол дiндi үкідеи мәпелеп үкілеуге даярмын. Егер дінді бетке устап ши жүгіртіп, қара куие жағып барды жоққа шығарып Қаражорға бастаған ,Айтыс деисің бе? Қазақтың ұлтық төл салт-дәстүр құндылықтарын көлеңкеге ығыстырғысы келсе,Онда дініңде, идеологияңа түкіргенім бар! Менің мақтанышым ұлтымның ұлағатты дәстүрі , табынушым қазақ деген ұлы есімді ұлағаттап жалғастырып жойғызбай ,өшірмеи бізге жеткізген қайсар ұлы бабалар руқы болмақ.

Қара жорғаға қарсы болып жүргендер тағы неге қарсы болып жүр ?????

сәбилерін тиісті медициналық тіркеуден өткізуден бас тартып,
тіпті екпе егуден қаштыруы,
басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі,
мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдау – харам,
мемлекеттік ән ұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау,
туға құрмет көрсетпеу,
евангелші баптистердің “жер бетінде шекара болмауы керек”- деп,
Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруының айғағы осылардың сандырағын кейін ақ пен қараны айыра алмайтын біздің қара көздер қара жорғаны Монголдікі деп еліріп көне тарихқа көз жүгіртпей-ақ шешім шығаруға шебер болды .
Өйткені оларды Отан, отбасы, қазақия,ұлттық құндылық ,қара жорға ,тіпті береке -бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды. Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын жанкештіге айналғанын өздері де бағымдай алмайды. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйымдастырушылары ретінде аталуы. Мысалы Бұған дейін сол Мақашқалаңда Жаңа Өзеннің бес жігіті атылып өлді Ақтаудың түрмесінен қашып жарылғандар ше? Ахмет Ясауидың кесенесін қирату керек деп жүрегендер ше?Атырауда зиратты қабірдерді қыйрату,суреті бар бірнеше қабір жуықта жас өспірімдер қиратып іле -шала өздері ұсталды.
Ал бұл қоғам үшін қасірет емес пе?!Осылар қара жорғаның не екенін жан дүниесімен түсіне алама өзі.Осылардың аузынан шықққан шатпыраққа бола шын мынау қалай өзі деп талқыға салудың өзі яғни әлсіз сезім иелерінің шатпырағы мені кулкімді келітіреді .Ал осынау негізгі мақсаты белгісіз діни ағымдардың әрқайсысының етегінде бір-бір қандасымыз кеткен күннің өзінде ұлт қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнетінін ойлап көріңіз.
Негізінен, жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе, жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігетін көрінеді.
Осылардың өз нақты сенімі толық дәлелмен айтар пікірі жоқ ұлттық рухтан хабары жоқ қазақ топырағынан шабыт алып жалпы халықтық сипат алып кеткен Қара жорғамен алысқысы келеді..Жорға керемет шабыс..білгендерге жан дүниеңді жадыратып көңіліңді басады. ,білмегендерге қара жорға сенің талқылауыңды пікіріңе басын иіп күтіп отырмайды, таптап өте шығады .Шаң қауып қалу бар.
Ал қара жорғамды тайпалытып ,оған қарсы болған сенің мың құбылған әр тұрлі ағымыдағы дініңе қызқыпаймын…діншіл қандастар… тізгінді қазақтың сайын даласына қарата бұрып жорғалатап тайпалатып шаба беремін- деп дізгінді бір тартайын.Ызғарлы дәуірлерде қақпанына түспеген ұлттық өнер еркіндік алған мына ғасырда өрісі кеңеймесе еш қашан тарылмайды.Өзінің тары ойлдарын өзгеге кушпен таңып жоққа шығарғысы келгендер Қаражорғаның шаңына бастырлады.Себебі Қазақ ұлты өнерлі де өнершіл халық.Өзінің сан ғасырлық бабалардан балаларға жалғасып келе жатқан халықтық төл тундыларын «жоққа» шығарғыш көкірегі бітеу жетесіздерге таптата қоймас.Қазақ әнші, куйші,атағы жер жарған қара жорғадай биі бар биші халық.Ұлттық төл өнеріміз асқақтай берсін ағайын.
Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

ТАБИҒАТ МҰҚАҒАЛИҒА МҮСІН СОҚТЫ


Тәңір тауының баурайында туып өскен, қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны – Мұқағали Мақатаев көзі тірі болса, бүгін 80 жасқа толар еді. Осындай мерейтой тұсында Алматы облысынан тылсым тас табылды.
Жергілікті жұрттың Ителгі (Ит өлген сай деп те атайды) сай атап кеткен Асыға шыға берістегі кең қолаттың басынан жел мүжіп, жаңбыр шайған адам бейнесіндегі алып тасты Нұра ауылының тұрғыны – Мұхамед Баятбайұлы байқапты. Мұхамед – аңшылықпен, саятшылықпен айналысатын, сондай-ақ тазының тұқымын асылдандырып жүрген азамат екен. Табиғаттың жаратылысына зер салып жүру оның қансіңді әдеті болса керек, бұдан бір-екі жыл бұрын Шарын шатқалынан Ханзада (Кейіпкердң сөзі) бейнесіндегі табиғи жаратылған тасты тапқан. Алайда жолдың қолайсыздығына байланысты оны ешкімге көрсете алмапты.
7 ақпан күні жергілікті халық өз қаржыларына тас мүсіннің басына ескерткіш белгі орнатты. Шараға Алматыдан және Алматы облысынан бір топ өнер адамдары қатысқан. Делегацияның құрамында Қазақстан Жазушылар одағының қызметкерлері, журналистер мен ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағали да бар. Белгі тасқа Мұқаңның:
«Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен» – деген өлең жолдары жазылыпты. Ақынның артына мұра боп сөзі қалып еді, енді жаратылыстың құдіретімен тас мүсіні де мәңгі сақталады.
Жұқамыр ШӨКЕ,