Құлыным менің


Наурыздың 21-і

Ғаламтодың пайдасы сол әлемнің 5-6 еліндегі қазақтармен танысып сырласамын, сыр құрап мұңдасамын. Үйде отырып таң атырып кеңесетін достарымының бірі Алматылық Мөлдір. Жасы менен кіші болған соң құлын деп еркелетем. Өзінің ағалаған әнгімесі де әсерлі. Өз әулетінің кенжесі, әкесінің еркесі. Мені өзінің ағасындай көреді. Көзімізбен көрмесекте ғаламторда жан доспыз. Менің әулетімде Мөлдірді жақсы таниды. Бірақ бір себептермен бір жыл болды байланыс узіліп қалған еді… Оқуды жалғастыру

Advertisements

Алматы әлем мәдениетінің бастауы..


Алманың отаны Алматы яғни Қазақстан. Алматы қаласының алма жемісінің атына пайда болған атау. Әлемде теңдесі жоқ бұл жемісте бабалардың ежелгі мәдениетінің бір көрінісі іспетті. Қазақ жерін алғаш отарлап келе бастаған басқыншылардың осы Алматының алмасының Оқуды жалғастыру

Атамекенде қарсы алған алғашқы Наурызым.


Алматының наурызы

Наурыздың 22-і

Бүгін Ұлыстың ұлы күні әз наурыз. Мединенің әзірлеген таңғы шайымен бірген жеңіл тағамына тойып алып, Мөлдір екеуіміз Астана алаңындағы наурыз думанға бардық. Алаңның кіре берісіне Қазақтың ертедегі қорған қақпасын тұрғызыпты, қақпа алдында алғаш қазақтар ойлап тапқан қазақы арба.(Хасагтэрэг) Оқуды жалғастыру

Қазақ сыйлы қонағына бас тартқан, ал басты кесудің өзіндік әдебі бар.


Наурыздың 23-інші күні

Қазақ сыйлы қонағына бас тартқан, ал басты кесудің өзіндік әдебі бар.

Бүгін Ерғали атаның үлкен құдасы Мәкіннің немересінің коледж бітіруіне әрі наурыз шайға шақырыпты. Ауылдағы ең дәстүрлі аспаз Мөлдірдің анасы екен. Ат беріп қалап алып сірне істетеді екен. Сонымен үлкен әпкейдің үйіне баруға шықтық, Медине тізгінде Ақбота әр көшені таныстырып келеді. Алматының үлкен базарын да көрдік, Қазақстан өркениетті ел деп мақтайды ғой, бірақ базары тола шет елден жеткізілген мүліктер. Оқуды жалғастыру

Медеу


Наурыздың 24-і

Алакөл өлкесіне еңбегімен даңқы жайылған Ерғали аға танымал дәрігер болған екен. Көзі тірісінде 1500-ға тарта баланың кіндік әкесі болып, 3000-ға жуық баланы сүндетке отырғызғаны бір әнгіме. Ең ғажабы өлімші болып, сал болып жатып қалғандар мен тұра алмай еңбектеп келгендерге Ерғали ағаның шипалы алақаны дәру болып жазылып жүріп кеткендері қаншама?! Ине қою дәстүрлі емдеу тәсілін Қытайдан үйренген Ерғали ағаның осы бір шипалы өнері қаншама жаның жанына араша болды деші. Бес баласының кенжесі менің досым Мөлдір болса, қара шаңырақтағысы менің ендігі әнгімеме арқау болғалы отырған Ұлықбек Ерғалиұлы.
Қаракерей Қабанбай батырдың тұқымы Ұлықбектің мамандығы инженер-геолог. Аталарының барлығы аймаққа белгілі аңшылар болғандықта да болар Ұлықбекте қатты аң құмар жігіт екен. Мөлдірдің ұсынған албомдарынан Ұлықбектің атқан қасқырларының суретін көріп қап, аңшы жігітті айнолсақтап шықпадым. Әнгімені айландырып қасқырға тірей берген соң, текті атаның тұқымы ғой мен күткен әнгіме саят құрғанын біраз айтып берді. Қыста ауылға барып шана не мотоцикілмен қасқыр ауласа, жазда джип көлігімен қасқырды қуып жетіп атады екен. Бұрынғы бабалар атпен-ақ қуып жетіп қамшымен ұрып алатын-ды, қазір заманың озық жүйрік көлігімен жан-жағынан қаптап жүріп әрең атамыз, заманға қарай қасекеңде жақсы бұлтақтап оқ тигізбей қашады, көбінде қуып шаршатып алып атамыз дейді. «Қасқырға қай мезгілде көп шығасыздар?» десем, «Аңға шығып жүргенімізге біраз жыл, жақын аймақтағылардың бәрі бір-бірімізді білеміз көмек керек болса бір-бірімізге хабарласамыз. Азғана малына тиісе бастаған ауыл тұрғандары да арнайы шақырып жатады. Көбінде шақырумен жүреміз. Ал Балқаштың үстінде шанамен қууға өзіміз қалап көбірек шығамыз, ол бір жағы саяхат», деді.
-Түлкі қарсақ атасыздар ма?- десем, – Оны кім керек қылады, Қазақстанның тау-тасы тола түлкі-қарсақ қой толып жүрген,- деп қызықтырды.
-Қандай аңды атып, қандайын атпайсыздар дегеніме,
-Аңшылық мезгілде рұқсатталған аңдарды алдын-ала салық төлеп іздеп атамыз, ал рұқсатталмаған аңды ату ….бар жағынанда қиын деп қояды.)))

Медеу

Ұлықбек аға бүгін Алматының көшелерін аралатты. Күнде келе бермейсің ғой Медеуді де көріп кет деген тілегін естіп төбем көкке бір елі жетпей қалды. Медеу қаладан 15 шақырым жерде екен. Ұлықбектің темір тұлпарымен әп-сәтте жетік. Тау үсті мәңгілік мұз, қар жамылған, сайлары орман-тоғаймен көмкерілген бұл сай Шапырашты Пұсырман батырдың ұлы Медеудің атымен аталған екен. 3000 жұмысшы 2 жылда салып 1972 жылдың желтоқсанында пайдаға берілгеннен кейін көп кешікпей-ақ үлкен-үлкен дүбірлі жарыстардың ордасы болған «Медеу» мұз айдынында 120 әлем рекорды тіркеліпті. Коньки спортының талай үздіктері әлемдік рекордтарын осы «Медеуде» жасағанын бүгінгі мамандар жыр қып айтады екен. Мұз айдында 200 ден астам КСРО рекорды дүниеге келіпті. Сондай-ақ Норвегия, Жапония, Германия, Польша елдерініңде ұлттық рекордтары осы мұз айдында тіркелген көрінеді. Жуықта ғана өткен қысқы Азия ойындарында Қазақстанның 50 медаль алып алға шығуына да осы мұз айдынның қосқан үлесі зор екеніне күман жоқ. Міне 1700 метр биіктікте орналасқан Медеудің бөгетінің үстіндемін, Ұлықбек мені суретке армансыз түсірді . «Медеудің» географиялық орналасуы, тұнық ауасы, көркем табиғаты адамды бей-жәй қалдырмайды екен. Талай елдің тауына шығып табиғатын көріп жүрсем де дәл Медеудей ерекше ыстық ләззат сыйлаған көркем жер есіме түспей тұр. Бөгет үстінде бүркіт, атпен суретке түсіп жүргендерді көрдім. Алматыға келгендердің Медеуге соқпай кететіндері некен-саяқ екен.
Жанарбек Ақыбиұлы

Тұиіндеме


Ұшақта

Ұшып барамын