Айдынбек Қарақұл-Қазақтың құсбегілік өнерін өз оратымызда жандандырсам деп едім.


Кеңес одағы ыдырап, темір тор шекарасы сөгіліп, жабық есігі ашылысымен-ақ, Монғолияға ағылған әлем туристері арқылы Монғолияда саны 400-ге жақын қазақ бүркітшілерінің суреті әлем ғаламторынан түспейтін ең қызықты тақырыпқа айналды. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Сәби Әлиханға


Құтты да болғай, қарағым,

Өмірге келген қадамың.

Әлихан атын алыпсың

Алашқа мәлім адамның. Оқуды жалғастыру

Күн жылынып Хобда өзен еруде.


Тау баласы تاۋ بالاسى


Бүгінде бүкіл әлемде адамдарды бір-бірімен байланыстыратын, іздегенді табыстыратын жаңаша ақпарат құралы­­­на айналған әлеуметтік желілерді пайдаланбайтындар кем­де-кем. Бұл желілердің біздің күнделікті өміріміздің бір бөлі­гіне айналғаны сонша, кейбір жерде қазіргі өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты Faceboоk, Twitter ұрпағы деп те айтып жатады.

Біздің елімізде де әлеуметтік желілерді пайдаланушылар өте көп, жастары мен жасамысы, тіпті, үйдегі жеңгелеріміздің өзі осы желілерге кіріп алған. Осылардың ішінде адамның жасына қарай ең көп тіркелгені Facebook әлеуметтік желісі болып саналады. Бұл желіге біздің де біраздан бері тіркеліп, сол арқылы пікірталастарға үн қосып, өзіміздің газетке шыққан дүниелерді де жұртшылыққа жеткізіп жатқан жайымыз бар. Осыдан екі жыл бұрын Facebook арқылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қандасымыз Жанарбек Ақыбиұлы­мен танысудың сәті түсті. Содан бері екеуміз, ол Алтайдың арғы бетіндегі, біз бергі бетіндегі жаңалықтармен бөлісіп, жақын араласып келеміз. Жәкең – альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Баян-Өлгей аймағының жыл адамы және ең таңдаулы спортшысы болған. Кезінде мемлекеттік Еңбек құрметі медалімен марапатталған, Спорт және білім министрліктерінің әртүрлі сыйлықтарының иегері.

 Жақында Жәкеңмен тағы бір хабарласып, одан «Егемен Қазақстанға» өзінің сүйікті кәсібі – альпинизм, яғни биік шыңдарды бағындыру туралы айтып беруін өтінген едік. Ол бірден келісті. «Маған осы желі арқылы сұрақтарыңды жібер. Мен оған жауаптарымды жазып жіберейін», деді. Біз де бірден клавиатурада «келістік» деп жазып, сұрақтарымызды жібер­­дік. Бүгін біз интернетте сол сұрақ-жауап пішінінде өрбіген әңгі­мені оқырмандар назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Оқуды жалғастыру

Баян- Өлгийдегі Наурыз-2012


Жанарбек Ақыбиұлы «Баян- Өлгийдегі Наурыз-2012»

(Сурет баян)

Наурыз мерекесі 2012 жылы Наурыздың 22 куні тойланып өтті.Бұл күні Монгол елі Наурыз тойлатушы Қазақ ұлтына бір кундік ресми  турде демалыс берген.Быйылғы Наурызға ҰҚ төрағасы (МУИХ-ын дарга)Д.Дэмбэрэл астанамыздан арнайы келіп.Баян-Өлгийлік халықты құттықтап өзіде елмен бірге тойлатты.Д.Дэмбэрэл мырза Наурыз мейрамына орай Баян-Өлгийліктердің еңбегі елеулі біраз жанды үкіметтік жоғарғы сыйлықтармен марапаттады. Тойларына келген сыйлы қонаққа Баян-Өлгийліктер шапан  кигізіп, ат мінгізді. Наурыз Баян-Өлгийде салтанаты түрде думандатып өткізілді.

Оқуды жалғастыру

Цагаан сар-Монголдардың ұлттық мерекесі.


Цагаан сар-Монголдардың ұлттық мерекесі.

Цагаан сар-Монгол халқының дәстүрлі жаңа жыл мерекесі. Бұл күнді моңғолдар жыл басы ретінде “Цагаан сар” Қазақша сөзбе-сөз аударсаңыз «Ақ ай»- деген мағана береді.Монголдар ерте заманнан бері қаһарлы қыстан аман шығып,көктемге қауышқанның белгісі ретінде көне күнтізбесі көктемнің алғашқы күні  белгілеп келген. Оқуды жалғастыру

Аңшы Самат -16 қысқыр аттып алдым…


Сонғы жылдары қыста жансақтау қасқырларға қыйын түскен түрі бар.Өсіп өнген апанын тастап,жем іздеп жортып,Алтай тауларының сай-саласында Көкбөрілер қаптап кетті.Малын өріске жайып тірлік ететін малшыны жұт бір қысса қасқырлар келіп және қырып мазаларын алып-ақ жүр.Амалсыз қолына мылтығын алып қасқырлармен айқасқа түскен аңшыны іздеп барып әңгімелесіп қайттым.Бай-Өлкенің Сақсай өңірінің орта тауындағы жерлестері  аңшы Әбіш атандырған аңшы біраз жаста деп ойлағам. Мен барғанда алдымда 32 жасар жас жігіт өзін Сынапбергеннің Саматымын  деп таныстырды. Оқуды жалғастыру